30 мая 2019 | 19:48

"Мұнда сатушының жалақысы 500 мың теңге". Қазақстандық Дубайдағы өмірі жайлы

Суреттер Әділ Тайжановтың жеке мұрағатынан

Біріккен Араб Әмірліктерінде осымен бесінші жыл тұрып жатқан 28 жастағы Әділ Тайжанов қазіргі уақытта Дубайда қазақстандықтарға жұмысқа орналасуға көмектеседі. Әділ Павлодарда дүниеге келген. Ол жұмысы бойынша Нұр-Сұлтан мен Дубайдың ортасында үнемі сапарда жүреді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Біріккен Араб Әмірліктерінде осымен бесінші жыл тұрып жатқан 28 жастағы Әділ Тайжанов қазіргі уақытта Дубайда қазақстандықтарға жұмысқа орналасуға көмектеседі. Әділ Павлодарда дүниеге келген. Ол жұмысы бойынша Нұр-Сұлтан мен Дубайдың ортасында үнемі сапарда жүреді. 

Tengrinews.kz тілшісіне Әділ Тайжанов Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өмірі мен ондағы отандастарымыз туралы баяндады.

Реклама
Реклама

Әділ Тайжанов Араб Әмірліктеріне дейін Қазақстанда бірнеше жерде жұмыс істеп көрген.

"Мен Дубайда жылжымайтын мүлік сататын компанияда жұмыс істедім. Кеңсесі Нұр-Сұлтанда орналасқан. Мінекей сол кезде Дубай туралы түрлі ақпаратты біле бастадым. Ол елге бару туралы ой туындады. Сөйтіп ол жұмыстан шығып, 2014 жылы Дубайға аттандым. Онда ресейлік жылжымайтын мүлікпен айналысатын компанияда жұмыс істедім. Бұл компанияда да көп тұрақтағаным жоқ. Ол жақтан жұмыстан шығып, қазіргі уақытта БАӘ-де қазақстандықтарға жұмысқа тұруға көмектесемін", - дейді ол.

Оның айтуынша, Дубайда бос жұмыс орындары көп. Қала жыл сайын дамып жатыр, сонымен қатар EXPO-2020 жақындап келе жатқаны үшін дүкендер мен қонақүйлер көптеп ашылады. Сәйкесінше онда жұмыс орындары пайда болады. 

"БАӘ-ге өмір іздеп баратын адам жетерлік. Олардың көпшілігі АҚШ-қа виза ала алмағандар. Әртүрлі жастағы жерлестерім маған жұмыс табу үшін хабарласады. Бірақ кейбіріне мен Дубайға келмеуге кеңес беремін. Мұнда қазақстандықтар қызмет көрсетуші болып жұмыс істейді. Айта кетсем, қонақүйде жұмыс істейтін қызметкерлер және түрлі кешендерде істейтін сатушы кеңесшілер мен промоутерлер. Кейбірі жүргізуші, әнші, биші болып та жұмыс істейді" - дейді қазақстандық. 

Кейіпкеріміз ойын-сауық кешенінде сатушы болып істейтін қазақстандықтардың жалақысы 6-10 мың дирхам дейді. Ол шамамен - 500 мың теңге. Өздеріне жұмсалатын шығыннан бөлек, олар туыстарына да ақша жібереді екен.

Кейіпкеріміздің айтуынша, БАӘ-ге шет елден адамдарды құлдыққа, заңға қайшы жасалатын жұмыстар үшін шақырады деген пікірлер жалған. Себебі бұл елде заң қатаң сақталды және заңға қайшы әрекеттерге жол берілмейді. Әділдің сөзінше, БАӘ-де кейбір жерлестеріміз мұнай және бизнес саласында жұмыс істейді. Бұл елге адамдар ақша табу, ағылшын тілін үйрену және жыл бойы жылы жерде тұрамын деген мақсатпен келеді. Кейіпкеріміз Дубайда жұмыс түрлері еліміздегідей, алайда жалақысы көбірек екеніне тоқталды.   

"Бірақ сонымен қатар бұл өмір сүруге қымбат қалалардың бірі. Маған жүгінгендерге ондағы өмірдің оңай болмайтынын айтамын. Себебі ғаламтордан көрген шалқыған өмірден басқа, мұнда қиындықтар күтіп тұратынын алдын-ала ескертемін. Маған жүгінген адамдарға түйіндеме, бұрын жасаған жұмыс үлгілерін дұрыс дайындауға кеңес беремін. Жалпы бұл елде бір адамға жұмысқа орналаспай тұрып өзіне жұмсайтын шығыны шамамен 500 мың теңге болатынын ескерткім келеді. Оған ұшақтың билеті, жату орны мен тамақ және жүріп-тұру ақысы кіреді. Бірақ тәжірибемде кейбір жұмыс іздеушілердің шығынын осындағы компаниялар төлеген кездері болды", - дейді ол. 

Әділ Тайжановтың сөзінше, ресми БАӘ-де 5-6 мың қазақстандық тұрады. Саяхаттап келген жерлестеріміз де ондағы өмірге қызығушылық танытып, кейін жұмыс істеуге қалады екен. Қазақстандық жігіт араб тілінен бұрын бұл елде ағылшын тілін білу жеткілікті дейді. Сондай-ақ онда Қытай туристері көп болғандықтан, бұл тілді білу басымдық болып саналады екен.

"БАӘ-де қазақтарға көмектесу үшін ұйым құралған. Мен сол ұйымның мүшесімін. Осы елде Наурыз мейрамын атап өтуге атсалыстым. Наурызға 150 адам жиналған еді. Сондай-ақ мұнда Қайрат Нұртастың ән кешін өткізуге көмектестім. Оған қоса әлеуметтік желілердегі Қазақтардың Дубайдағы өмірі деген парақшаларға жауаптымын", - дейді ол.

Алайда ол жаз мезгілінде Нұр-Сұлтанда тұрғанды жөн санайды екен. Себебі БАӘ-де жаз тым ыстық болады дейді. Оған қоса Әділ туған жерінен кетіп, басқа елге көшуді жоспарламайтынын айтты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная