Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 октября 2020 14:20

"Өз көлігім жоқ". Алматы облысында ауыл тұрғыны жолды өзі жөндеп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бөртөре Ағабаев Алматы облысының Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында тұрады. Зейнеттегі кісі қазір көшедегі жолдарды жамап жүр. Өзінің айтуынша, үйінде құр жатқаннан гөрі, халыққа көмектескенді құп көреді екен. Tengrinews.kz тілшісі ауыл тұрғыны Бөртөре Ағабаевпен сөйлесіп, бұл іске қалай келгенін сұрады.


Бөртөре Ағабаев Алматы облысының Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында тұрады. Зейнеттегі кісі қазір көшедегі жолдарды жамап жүр. Өзінің айтуынша, үйінде құр жатқаннан гөрі, халыққа көмектескенді құп көреді екен. Tengrinews.kz тілшісі ауыл тұрғыны Бөртөре Ағабаевпен сөйлесіп, бұл іске қалай келгенін сұрады.

Ағабаев қазір 73 жаста. 2004 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген. Қазір Алматы облысының Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында тұрады.

"Ащыбұлаққа көшіп келген соң, ауданның бұрынғы әкімі жалдап тұратын пәтеріме келді. Оның алдында жер алуға арыз жазғанбыз. Әкім келді де, сол жерде-ақ шешім шығарып, маған жер берді. Сол жерде өзім үй салып алдым. Қазір осы үйде тұрып жатырмыз", - дейді Бөртөре аға.

Бөртөре ағаның жары Жұмагүлмен отау құрғанына 50 жылға таяп қалған. Бүгінде бес қызы мен екі ұлы бар. Қазір кенже ұлының қолында тұрып жатыр.

Ауыл тұрғыны өмір бойы механик болған. Төрт жыл бұрын ғана жұмыс істеуін доғарған екен.  

"Алдағы қарашада 73 жасқа толамын. Кеңес Одағы кезінде бас механик болып жұмыс істедім. Қазақстанға көшіп келген соң да механик болып жұмысымды жалғастырдым. Сөйтіп, 2010 жылы зейнетке шықтым. Бірақ үйде отыра алмай, тағы алты жыл механик болдым. Тек төрт жыл бұрын жұмысты қойдым", - дейді ол.

Зейнетке шыққаннан кейін аудан тұрғыны ауылдағы көше жолдарын жөндеп, шоқалақ жерін жамап жұр.

"Ауылдағы жолдың бәрі шоқалақ-шоқалақ болып жатыр. Жаңбыр мен қардан кейін ол шоқалақ мүлдем үлкейіп кетеді. Соны тегістеп жүрмін, әзірше жақсы. Бәрібір үйде бекер жатырмын, ал қазір халықтың сауабын алып жүрмін.


Фото: facebook.com/erlanby

Оның айтуынша, әр қыс сайын ауылдағы жолда шоқалақ көбейе түседі екен.

"Жолды жыл сайын тегістеймін. Шұқыр болып қалған жерлерді жөндеймін. Цемент алып келемін де, оны көбірек салып, шебінмен араластырамын. Өткенде көшені жөндеп жүрген жұмысшы жігіттерден шамалы цемент сұрағанмын. Төрт мың теңгеге сатамыз дейді. Мен ол ақшаға екі қап цемент сатып аламын ғой. Қазір ешкімнен ешнәрсе сұрамаймын", - дейді Ағабаев.


Фото: facebook.com/erlanby 

Бөртөре аға жолды жамауға қажет заттың бәрін өзі сатып алады. Тек ауылдың көркеюіне септігімді тигізсем дейді.

"Цементті де, шебінді де өз қалтамнан ақша шығарып, сатып аламын. Су да үйден ағып тұр. Күрек өзімдікі. Маған басқа ештеңе керек емес. Көршілерімнен де көмек сұрамаймын. Бәрі жұмыста, үйіне кешкі жетіде келеді. Мен үйде жата бергеннен уақытым өтпейді, қайта ауылға сәл де болса септігімді тигізгім келеді. Оның үстіне, оған ақшам да көп кетпейді. 1300 теңгеге бір қап цемент сатып аламын, оның өзі бір айға жетеді", - дейді ол.

Бір қызығы, ауыл тұрғынының өзі көлік жүргізбейді. Көлігі бар көршілері үшін жол жөндейтінін айтады.

"Өзімнің көлігім болмаса, жолда шаруам жоқ деп ойлап жүре алмаймын. Көлікпен жүретін көршілерім бар, балам да көлік айдайды. Бұл шоқалақ кесірінен көлікке зақым келуі мүмкін. Жұмыстан қашпаймын, жұмыс істей беремін. Үйде отырғаннан гөрі жол жамап не біреуге көмектесіп жүргенім жақсы", - дейді Бөртөре Ағабаев.

Бөртөре Ағабаевтың жол жамап жүргенін журналист Ерланби Даулетияр Facebook желісіндегі парақшасында жазған. 

"Ара-тұра көшедегі шұрық-тесіктерді жамап, тал егіп, сыпырып тұратын көршіміз. "Сендердің көліктерің бұзылмасын деп жамаймын-ей" дейді бүгін, әйтпесе атамның өз көлігі де жоқ", - деп жазған ол. 

Желі қолданушылары ауыл тұрғынының бұл ісін қолдаған. 

"Мына кісі биылғы "Еріктілер жылында" еленбей қалмаса екен. Қоғамға мұндай әрекет, мұндай қасиет әрқашан керек-ақ, әрі ауадай қажет", "Алтын адам", "Аты-жөнін "100 есімге" енгізу керек", "Осындай керемет адамдар бар ғой", "Ескерткіш қою керек", "Құрметке лайық адам" деп жазған желідегілер.  

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 451.08   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети