Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 июля 2021 12:20

"Париждегі аншлаг, Нью-Йоркті таңғалдырған жастар". Желіні тәнті еткен домбырашылардың өнері

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылғы Домбыра күніндегі сәт 2019 жылғы Домбыра күніндегі сәт

Бүгін Қазақстандағы домбыра күні. Шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні деп белгіленген болатын. Домбыра әр қазақтың жанына жақын ұлттық аспап. Күні бүгінге дейін домбыраның үні дүние жүзінің түкпір-түкпірінен естілді. Бірнеше талантты жас әлемнің бірнеше қаласында қазақтың домбырасымен өнер көрсеткен болатын. Tengrinews.kz тілшісі Желіні тәнті еткен домбырашылардың видеосынан топтама жасады. 


Бүгін Қазақстандағы домбыра күні. Шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні деп белгіленген болатын. Домбыра әр қазақтың жанына жақын ұлттық аспап. Күні бүгінге дейін домбыраның үні дүние жүзінің түкпір-түкпірінен естілді. Бірнеше талантты жас әлемнің бірнеше қаласында қазақтың домбырасымен өнер көрсеткен болатын. Tengrinews.kz тілшісі Желіні тәнті еткен домбырашылардың видеосынан топтама жасады. 

"5000" әнінің мақамын домбырамен тарту тренді

Биыл ақпанда Желіде "Ирина Кайратовна" командасының таяуда шыққан "5000" әнінің мақамын домбырамен тарту тренді пайда болған еді. "5000" әні одан үш ай бұрын жарияланған. Кейін әннің клипі шықты. Бейнебаян Youtube хостингінде қазіргі уақытта 27 миллион қаралым жинады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madina Talgatovna (@madin_ice)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ömir Tamaşa ? (@_zhako00_)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? (@nazym__sh)

Vogue жазған жас домбырашы

Ал бұл Vogue жазған жас домбырашы Маржан Қапсамат. Домбырашы 23 жаста, Баянауыл тумасы. Отбасында кәсіби музыкант жоқ. Бірақ әкесі домбырамен ән айтып, Маржан қыздың қасиетті аспапқа деген қызығушылығын бала күннен оятқан. Осылайша ол 4-сыныпта домбыра тартуды үйрене бастаған және бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында өз домбыра мектебін ашты.

АҚШ-тың Vogue басылымы Іnstagram желісіндегі парақшасында (@voguemagazine) Көбейтұз көлінде домбыра тартқан қазақстандық Маржан Қапсаматтың видеосын жариялаған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vogue (@voguemagazine)

Артынша Маржанның Бозжыра шатқалында көрсеткен өнері де Желі қолданушыларын тәнті еткен болатын. 

"Әр қазақ домбыра тарта білуі керек". Vogue жазған жас домбырашы Маржан Қапсамат

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anzor Gasaev (@vkadre_kz)

Нью-Йоркті тәнті еткен қазақ қызы

Сонымен қатар, былтыр Мәскеулік қазақ қызы Нью-Йорк орталығында домбыра шерткен болатын. Видеоны блогер Абзал Лесбеков YouTube-тегі арнасында жариялады.

Лаура - Ресейлік қазақ. Арнайы ролик үшін ол ұлттық қамзол киіп домбырада ойнады.

Golden Time Talent фестиваліндегі жеңіс

Биыл 26 мамырда домбырашы Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Халықаралық Golden Time Talent фестивалінде бірінші орынға ие болған еді. Түрлі санаттағы гранд-финал онлайн-форматта өтті. Музыканттар Вивальдидің "Жыл мезгілдері" ("Жаз") топтамасынан туындыны өздері өңдеп ойнады. Видеоны ұлыбританиялық команда түсірген.

Нью-Йорктің қақ ортасында күй шерткен қазақ жігіттері жұртты сүйсіндірді

Видео кейіпкерлері - Думан Бекмырза, Жетпіс Нұрмағанбетов және Әлихан Зейнелов есімді жігіттер. Видеода олар қазақтың атақты күйшісі Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисса" атты туындысын орындаған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)

Одан бөлек, жігіттер Франция астанасы Парижде де өнер көрсеткен еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бекмырза Думан Серікұлы?? (@dumanbekmyrza)

Billie Eilish қазақша "ән салды"

"ОрыStar" шоуының мүшелері Billie Eilish-тің Bad Guy атты әнін қазақшаға аударып, орындап шықты. Ән домбырамен сүйемелденген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОРЫSTAR SHOW (@orystar_show)

Эйфель мұнарасындағы аншлаг

Қазақстандық вайнер Ербол Хамза екі жыл бұрын Эйфель мұнарасының алдында қазақтың күйін орындап, аншлаг жасаған болатын. 

Ербол Қазақстанның туын тағып, Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындаған болатын. Өтіп бара жатқан адамдар тоқтап, күйді соңына дейін тыңдады. Ербол өнер көрсетіп болғаннан кейін тыңдармандар қошемет көрсеткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QADYRBAYEV (@kadyrbayev_)

Димаштың өнері

Бұл әнші Димаш Құдайбергеннің Мәскеудің Кремль сарайындағы концертінен үзінді. Ол Құрманғазы Сағырбайұлының "Адай" күйін орындаған болатын. 

Бүгінде видео 2,1 миллион қаралым жинап, үш мыңнан аса пікір жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети