Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 октября 2021 17:35

Миллиардтаған шығын. Facebook пен Instagram ақауының салдары қандай болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Кеше бүкіл әлемде Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істен шықты. Ірі ақау салдарын тигізбей қоймады. Facebook басшысы миллиардтаған ақша жоғалтты, ал әлем жұрты бірнеше сағат желіге кіре алмады. Tengrinews.kz тілшісі әлем назарында болған ақаудың салдарын жазып, танымал адамдардың пікірлерін жинады. 


Кеше бүкіл әлемде Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істен шықты. Ірі ақау салдарын тигізбей қоймады. Facebook басшысы миллиардтаған ақша жоғалтты, ал әлем жұрты бірнеше сағат желіге кіре алмады. Tengrinews.kz тілшісі әлем назарында болған ақаудың салдарын жазып, танымал адамдардың пікірлерін жинады. 

Әлеуметтік желілер алты сағат бойы істемеді

Downdetector сервисінің мәліметінше, бұл әлем бойынша байқалған ақау. Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің қолданушылары хабарлаған.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 21.34-тен кейін пайда бола бастады. 


© akket.com

Downdetector мәліметінше, елорда уақытымен түнгі 4:26-ға дейін Facebook жұмыс істемей тұрғанын 126 мың, Instagram істемейтінін 100 мың, ал WhatsApp ашылмайтынын 35 мыңнан аса қолданушы хабарлаған. 

Әлеуметтік желілер алты сағатқа істен шықты. 

Facebook неге істен шықты?

РИА Новости мәліметінше, инженерлер Facebook әлеуметтік желісі істен шығуына маршрутизаторлар баптауындағы қате өзгерістер себеп болғанын мәлімдеген. 

"Біздің инженерлер мәліметтерді өңдеу орталығы аралығындағы желі трафигінің координациясын бақылайтын магистралдық маршрутизаторлардың баптау өзгерістері проблемаға ұшыратқанын және байланысты үзгенін анықтады. Желі трафигіндегі бұл ақау біздің деректерді өңдеу орталығының байланыс жолына сатылы әсер етіп, бұдан біздің қызметтер жұмыс істемей қалды", - делінген Facebook инженерлерінің сайтында.

Басында бұл хакерлер шабуылы деген де болжам болған. Алайда шабуыл ізі байқалмаған. Ал компания қызметкерлері ақау кезінде қолданушылардың дерегін жария етуге жол берілмегеніне сендірді.

Тағы қандай әлеуметтік желілер істен шықты?

Кеше қолданушылар Facebook, Instagram және WhatsApp-тан бөлек, тағы бірнеше әлеуметтік желіге кіре алмаған. Downdetector мәліметіне сүйенсек, Twitter, TikTok, Facebook Messenger және Google мен Amazon компанияларының сервистерінде де ақау болған. 

Telegram мессенджері бұл кезде "баяу" істепті. YouTube, Gmail, Zoom, Netflix секілді серверлеріне кіру кезінде де қиындықтар болған. Себебі көптеген әлеуметтік желі істен шыққан соң бәрі осы серверлерге кіріп, қолданушылар ағыны тым көп болып кеткен. 

Facebook басшысы 6 миллиард доллар жоғалтты

Дүние жүзінде әлеуметтік желілер істен шығуы Facebook компаниясының басшысы Марк Цукербергтің қалтасын қақты. Bloomberg мәліметінше, Цукерберг капиталы 6 миллиард долларға азайған. Салдарынан ол әлемдегі ең бай миллиардерлер тізімінде үшінші орыннан бесіншіге түскен. Қазір оның байлығы 121,6 миллиард доллар деп есептеледі. 


Марк Цукерберг. Фото: Reuters

Ал Facebook компаниясының акциясы 5 пайызға арзандаған. 

Ғаламдық ақау ең үлкен IT-компанияларға да ықпалын тигізді. "Прайм" агенттігінің мәліметінше, кеше NASDAQ қорының индексі 2,3 пайызға төмендеген. Басқа да технологиялық ірі компаниялардың акциясы құнсызданған. Мысалы, Apple акциялары 2,57 пайызға, Alphabet акциялары 2,33 пайызға төмендеген. Ақау аса қатты байқалмаған Twitter желісінің акциясы да 6,37 пайыз жоғалтқан. 

Қай мессенджер ақаудан пайда көрді?

Дүние жүзінде көптеген әлеуметтік желі істен шығып жатқанда Telegram мессенджері пайда көрді. Көп адам Telegram-да хат алмасып, жаңалықтар оқып отырды. Нәтижесінде, RT мәліметінше, кейінгі бірнеше сағатта Telegram-ға 50 миллион қолданушы тіркелген. 


Фото: Reuters

TGStat сараптама қызметінің жетекшісі Юрий Кижикин бүкіл әлемдегі әлеуметтік желілер жұмысының істен шығуы кезінде Telegram мессенджерінің жаңа қолданушыларының саны күрт артқанын айтты.

"Біздің бағалауымыз бойынша, кейінгі бірнеше сағат ішінде Telegram-ға 50 миллионнан аса жаңа қолданушы тіркелді", - деді Кижикин.

Сноуден пен Ақ үй мәлімдеме жасады

Бұл ғаламдық ақауға байланысты бүгінде билік өкілдері де пікір білдіріп жатыр. АҚШ әкімшілігі жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді. "Біз бұл жағдайды білеміз және оны бақылап отырмыз", - деді Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки брифинг барысында.

Ал Марк Цукерберг желілер іске қосылғаннан кейін бір ғана пікір білдірді. 

"Facebook, Instagram, WhatsApp пен Messenger қайта онлайн істей бастады. Бүгінгі ақау үшін кешірім сұраймын: жақындарыңызбен байланыста қалу үшін біздің қызметке қаншалықты үміт артатындарыңызды білемін", - деп жазды Цукерберг Facebook-те.

АҚШ ҰҚА экс-қызметкері Эдвард Сноуден әлеуметтік желілерде ақау шығуына қатысты ойын айтты. 

Сноуденнің айтуынша, сервистер ашылмай қалған бірнеше сағат ішінде әлем сау бола түскен. Сондай-ақ, ол болған оқиға байланыс арналарының баламасы болуы маңызды екенін көрсетіп берді дейді.

"Facebook пен Instagram жұмбақ күйде офлайнға кетті, ал бір тамаша күн сау бола түсті", - деп жазыпты Сноуден Twitter-де.

Еске салайық, бұған дейін осы ғаламдық ақауға байланысты Қазнетте тараған әзілдерді жариялаған едік. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети