1. Главная
  2. Узнай
  3. Жизнь
  4. Фрагменты

Шенеуніктер журналистердің сұрағынан қалай қашқақтайды? 17 ноября 2021, 10:36

Шенеуніктердің брифинг кезінде айтқан әрбір сөзі қоғам арасында қызу талқыланып, кейде мемге айналып кетіп жатады. Бірі қандай да бір шенеуніктің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Нашли ошибку?

Шенеуніктердің брифинг кезінде айтқан әрбір сөзі қоғам арасында қызу талқыланып, кейде мемге айналып кетіп жатады. Бірі қандай да бір шенеуніктің қазақша сөйлегенін түсінбесе, енді бірі мемлекеттік қызметкердің керісінше орысша сөйлегенін түсінбей жатады. Tengrinews.kz тілшісі бұл жолы шенеуніктердің брифинг пен түрлі кездесу кезінде аңдамай айтқан сөздеріне шолу жасады.

Шолуды Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің халыққа есеп беру кездесуінде болған күтпеген жайттан бастасақ. Қала әкімі есеп беру кезінде сұрақтарға жауап беріп жатқанында жарық қайта-қайта өшкен. Одан бөлек, әкім орысша қойылған сұраққа жауап беріп жатқан кезінде "жем" сөзінің орысшасын есіне түсіре алмай қалды. Кейін "жемнің" орысшасы есіне түсіп, баяндамасын жалғастырды. 

Алматы облысының бас санитария дәрігері Ерғали Сыдыманов пандемия кезінде қызу талқыланған шенеуніктің бірі. Сыдыманов жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін алғашқы күні талдықорғандық кәсіпкерлер шектеулерге байланысты наразылықтарын айтып, шағымданған болатын. Сол кезде шенеуніктің кәсіпкерлерге айтқан сөзінен кейін желіде түрлі мем тарап кетті. Кейіннен брифинг кезінде әлдекімдер Ерғали Сыдымановқа жауап беруге көмектескен болатын. "Алтын Орда" базарының жұмысы туралы сұрақ қойылғанда оған әлдекімдер көмектескені эфирге түсіп қалған еді. 

Пандемияда тағы бір Желіде қызу талқыланған шенеунік - Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин. Ол кезде Бекшин республиканың бас санитария дәрігері еді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жандарбек Бекшин елімізге коронавирус "наконец-то" 11-16 наурыз аралығында келетінін айтып, болжам жасаған болатын. Көп ұзамай расында елімізде 13 наурызда коронавирус жұқтырған адам тіркелді.

Қазіргі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов былтыр тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде брифингке шығып, түсініксіз жауап беруімен елдің есінде қалған болатын. Ол кезде Шәпкенов вице министр қызметінде болған. Журналистің "42 500 теңгеге бір ай өмір сүре аласыз ба?" деген сұрағына берген жауабын ешкім түсінбеген секілді. 

3 қарашада Мәжіліс кулуарында азық түліктің қымбаттауы туралы сұрақтарға жауап берген ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев оның отбасы азық түлікке күніне 50-60 мың жұмсайтынын айтып, басы дауға қалған болатын. Ал 8 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Independ.kz сайтының журналисі Әсем Гумарова Ерғалиевтен азық түлікке 50 мың жұмсауы туралы сұраған болатын. Алайда министр бұл сұрақтың брифинг тақырыбына қатысы жоғын айтып, жауап бермеді. Журналист оған көніп, сұрақты басқаша қойғанымен де жауап ала алмады.



Join Telegram