Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 января 2022 16:11

"Шымкентке ауғандар келді". Тәртіпсіздіктерден кейін елді дүрліктірген фейктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pexels.com Көрнекі сурет: pexels.com

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктен кейін Желіде түрлі фейк тарады. Жауапты ведомстволар оларды жоққа шығарып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі тәртіпсіздіктерден кейін тараған жалған ақпараттар топтамасын жасады.  


Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктен кейін Желіде түрлі фейк тарады. Жауапты ведомстволар оларды жоққа шығарып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі тәртіпсіздіктерден кейін тараған жалған ақпараттар топтамасын жасады.  

Қазақстанды қаңтардағы жағдайға байланысты "қолдау" видеосы

Елімізде қаңтардың басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде Қазақстанды қолдау мақсатында әлем елдері қазақша ән айтқаны түсірілген видео жарияланды. Видеода әр түрлі ел тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың "Арыстың жағасына" атты әнін орындаған.

Factchek.kz мәліметінше, бұл тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстанды қолдау үшін арнайы түсірілген видео емес. Яғни бұл бір жыл бұрынғы видео. Voice of Turan деп аталатын халықаралық музыка фестивалінде қатысушылар (18-35 жас) шарт бойынша қазақстандық авторлардың шығармаларын орындауы керек болған. Видео сол кезде түсірілген екен.

Шымкентте ауғандарды тасымалдау туралы

Stopfake.kz порталының мәліметінше, Telegram мессенджерінің қолданушылары жазда Қазақстанға үкіметтің тапсырмасымен елге Ауғанстан азаматтары келгені туралы жалған ақпарат тараған. Хабарламаға сәйкес, олар Шымкентке жеткізілген.

Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.

"Ондай ештеңе болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ведомство өкілдері.

Әлеуметтік төлемдер туралы фейк

Желіде Қазақстан азаматтарына 50 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленетіні туралы хабарламалар тараған. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты Stopfake.kz порталына ресми түрде шығарды.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халық арасында онлайн-сауалнама өткізіп, 50 000 теңге көлемінде сыйақы төлейтіні туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Барлық құрылғы тыңдау жүйесіне қосылған - фейк

Жаппай тәртіпсіздік кезінде "Арыстан ҰҚК" ескертті деген хабарлама тарады. Онда "жаңа коммуникация ережелері" пайда болғаны туралы және соған сәйкес телефон қоңыраулары, WhatsApp-тағы хабарлама мен қоңыраулар жазылатыны, ал барлық құрылғы "CDMX пен тыңдау қызметі мекемелерінің жүйелеріне" қосылғаны айтылған.

Factchek.kz мәліметінше, бұл фейк. Хабарлама араға біршама уақыт салып желіге оралып, тұрғындардың үрейін тудырып тұрады екен.

"Осыған ұқсас мәтіні бар хабар Ресейдің ақпарат алаңында 2017 жылы пайда болған еді. Сол кезде Қазнетке де көшіп келіп, "Ішкі істер министрлігінің жарлығы" деп тараған болатын, оны ҚР ІІМ жоққа шығарды", - делінген материалда. 

Factchek оны 2019 жылы тексеріп қойған. Хабарламаның жаңа нұсқасы ҰҚК «Арыстан» қызметінен деп тараған.

Сағынтаев отставкаға кетті - фейк

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Желіде Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы петиция жарияланған болатын.  Артынша Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені туралы қауесет тарады. Бірақ 13 қаңтарда кешкі уақытта әкімдік өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарды.

Баспасөз қызметі қала әкімі жұмыс орнында өз міндеттерін атқарып жатқанын, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешіп жатқанын хабарлады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети