ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 сентября 2018 | 10:38

Тілді сериал арқылы жетік меңгеріп алған алматылық қыз

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Арайлым Мелдешова. Сурет жеке мұрағаттан Арайлым Мелдешова. Сурет жеке мұрағаттан

"Тілді меңгеру қиын, арнайы курстарға жазылу керек" деген сылтауды айтатын жұртқа алматылық 18 жастағы Арайлым Мелдешованың өз жауабы бар. Түрік тілін арнайы курстарға бармай-ақ, сериал көру арқылы жетік меңгеріп алған Арайлым тіпті Қазақстан мен Түркия елдері арасында өткен құрылтайда ресми аудармашы болып та үлгерген. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Тілді меңгеру қиын, арнайы курстарға жазылу керек" деген сылтауды айтатын жұртқа алматылық 18 жастағы Арайлым Мелдешованың өз жауабы бар. Түрік тілін арнайы курстарға бармай-ақ, сериал көру арқылы жетік меңгеріп алған Арайлым тіпті Қазақстан мен Түркия елдері арасында өткен құрылтайда ресми аудармашы болып та үлгерген. 

Осы ретте Тengrinews.kz тілшісі екі ел арасында аудармашы болған, тілді сауатты жазуды сериал арқылы үйренген Арайлыммен тілдесіп қайтқан еді. 

Оның айтуынша, алғашында тілге деген қызығушылығы мүлдем болмапты. Мотивация ретінде өзінің сүйікті елі Түркия мен сол елде мекендейтін азаматтар болыпты. 

"Мен Алматыдағы № 173 мектеп-лицейде оқыдым. Ол жерде тілге деген талап қатал болды. Білім жағы да, тіл жағы да жақсы болуы басты шарт. Түркия еліне, олардың салт-дәстүріне, тіліне деген қызығушылық бала кезімнен басталды. Кішкентай кезімде теледидардан солардың сериалы мен фильмдерін көріп өстім. Кешке отбасымызбен жинала қалып, түрік сериалдарын тамашалайтынбыз. Кейде дауыстап жатқан адамдардың аудармасы естілмей қалып, өзім не деп айтқандарын түсіне қоятынмын. Сол елдің тілін білу керек деген мақсат ешқашан қоймаппын. Түркия еліне қызыққаным соншалық, тілін қалай үйреніп алғанымды білмей де қалдым", - дейді ол. 

Арайлым қазақтар мен түріктердің бет-әлпеті, тілі, тіпті салт-дәстүрлері ұқсас болғандықтан меңгеру оңай болғанын айтады. 

"Тілді меңгеру толықтай өз тарапымнан болды. Ата-анам я болмаса мұғалімдерім мәжбүрлеген жоқ. Қонақжайлығы қазақтан кем түспейтін, келген қонақты жоқ дегенде бір кесе шай ішкізбей жібермейтіні, алғыс айту, кешірім сұрау секілді түрік ұлтына тән қасиетті мен қазақтарға ұқсаттым. Тілді былай қойғанда, тіпті салт-дәстүрлеріне дейін ұқсас бұл ұлттың тілін меңгеру аса қиын болған жоқ. Әрбір қыз секілді бос уақытымда сериал көргенімді ұнатамын. Әсіресе түрік сериалдарын. Уақытымды құры сериал көріп емес, тіл үйреніп өткіздім десе болады. Бастапқыда аудармамен, кейін субтитрлармен, қазір тек түрік тілінде көріп жүрмін", - дейді Арайлым. 

Бақытына орай кейіпкеріміздің арманы орындалып Түрік еліне баруды бұйырып, тіпті ресми ауармашы болып барған екен. 

"Алғаш рет 2015 жылы Ыстамбұлда болдым. Ол кезде тілді шамалы түсінетінмін. Тілімнің деңгейі ымға келіп, енді үйреніп жүрген кезім. Әкемді Қазақстан мемлекеті мен Түркия елі құрылтайының баспасөз конференциясына шақырған. Әкем бұл жаңалықты ести сала, менің тілді үйреніп жүргенімді біліп өзімен бірге аудармашы болып апарды. Бұл іс-шара маған үлкен тәжірибе болды. Айтады ғой, тілді меңгергің келсе сол ортада жүріп, тек сол тілде сөйлесуге тырыс деп. Сериалдан көрген бөлек, шынайы өмірде жүзбе-жүз кездесіп сөйлескен мүлдем бөлек екен", - дейді ол. 

Арайлым тағы екі рет Түркия елінде болғанын және әр барған сайын мүлдем басқа жаңа көзқараспен қарайтынын, тұлға ретінде өзі өзгеріп отырғанын айтты. 

"Бақытыма қарай Түркия мемлекетінде тағы екі рет болдым. Басында қысылып, сөйлесуге ұялатынмын. Екінші, үшінші рет барғанымда әңгімеге өзім қолқа салып, ләззат алатын болдым. Тіпті бір кезде дүкенші мен туристке көмектескенмін бар. Турист не керектігін ыммен түсіндіріп жатса да, дүкенші түсінбей мен келіп не қалайтынын сұрап, кейін екеуі бірін-бірі түсіне алмағанына күліп, маған алғысын айтып тарқаған. Осындай кездерде тіл білудің артықшылығы бар", - дейді ол. 

"Бос уақыт бәрінде бар, тек оны тиімді жұмсау әр адамның өз қолында" деген Арайлым тілді әлі күнге дейін меңгере алмай жүргендерге кеңес берді.

"Қай салаға бет бұрмасаң да, қандай іспен айналыспасаң да барлық жерде төзімді болу керек. Ұстанымым бастаған істі аяғына дейін жеткізу. Жаңадан тіл үйреніп жүргендерге сол тілді жазып емес, ең бірінші көп тыңдап, көп сөйлеу керектігін айтқым келді. Тілді біліп жүру басқа, сол тілде сөйлесу мүлдем басқа. Мысалға, тіл білсе де сөйлесуге қысылатындар бар. Сондықтан үйреніп жүргеніңізде сол тілде сөйлесуге тырысыңыз. Бастапқыда "Мен дүкенге бара жатырмын" , "Сағат кешкі алты болды" деп бастап, кейін үлкен мәтінмен сөйлеуге өзіңізді икемдеп алсаңыз оңай болады", - дейді ол. 

Арайлымның айтуынша, болашақта бизнес саласына бет бұрғысы келеді екен. Тіл мен бизенсті байланыстырып өзі сүйетін іспен айналысқысы келетінін айтты. 

"Қолыма армандаған қызыл дипломымды алғаннан кейін бизнес саласын бағындырсам деймін. Бизнесті шетелдіктермен байланыстырғым келетіндіктен, тағы француз, италиян тілдерін меңгеруім керек. Тілді білген кезде адамның өмірге деген көзқарасы өзгеретінін айтқым келеді. Басқа ұлт өкілдерінің салтын, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін, тілін білу арқылы сен тұлға ретінде өсетін боласың", - дейді Арайлым Мелдешова.

Сұхбаттасқан Дана Құтбанбаева

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer