Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 июля 2019 13:41

"Той арақсыз өтті". Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қыз Желіде қызу талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде қазақстандық қыздың қара нәсілді жігітке ұзатылып жатқан видеосы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әлеуметтік желілерде қазақстандық қыздың қара нәсілді жігітке ұзатылып жатқан видеосы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл тойды керекулік асаба Ермұрат Рамазанұлы жүргізіпті. Оның айтуынша, той Павлодар қаласында 21 шілдеде өткен. Ұзатуды қазақтың салт-дәстүрлеріне сай өткіздім дейді ол. Жігіт жақтан 3 адам келген. Құдаларының шыққан тегі сенегалдық, Франция елінің азаматтары екен. 

"Кәдімгі қазақтың күйі, қобызы, сазсырнайының сүйемелдеуімен өтті. Құдалардың өзі қызығушылық танытып, естелікке суретке түстік", - дейді той асабасы. 

Асабаның айтуынша, Айзада Түркия елінде елшілікте біраз жыл еңбек еткен. Кейіннен оның қызмет орны ауысып, Ыстамбұлдың беделді мектептерінің біріне жұмысқа орналасқан. Ал күйеу жігіт сол мектепте бағдарламашы болып істеген. Сөйтіп екеуі сол жерде танысқан.

Той желі қолданушыларының ашу-ызасына тиген. Өз бақытын өзге ұлт өкілінен тапқан арудың есімі Айзада екендігі белгілі.

Әлеуметтік желілердегі видеоның кадрларында Айзадаға қара нәсілді қонақтардың "Сырға салу" дәстүрін орындап жатқаны көрсетілген. Пікір жазушылар "Әке-шешесі недеген адамдар десеңші" деп ашуларын білдірсе, ендігі біреулері "Әппақ куйеуің құтты болсын", "Қара нәсілділер сәнде ме?" деп әзілдеп пікір қалдырған екен. 

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы атышулы тойға қатысты Telegram арнасында өз пікірін білдірген.

"Қара нәсілді жігітке тиген қызды жерден алып, қайта салып ит терісін басына қаптап жатыр. Енді елестетіп көріңіз. Сіздің де қызыңыз бар, жар дегенде жалғыз. Өсті, өнді, өте жақсы тәрбие бердіңіз, оқыттыңыз. Үмітіңізді ақтады. Дипломды қолыңызға әкеліп берді, жасы 27-де. Ірі компанияда істейді. Ғашығы қазақ емес. Оны естіген әкесі үйден қуды, сіз әкесінен аса алмадыңыз. Шетел асып қыз кетті, тізе құшақтап сіздер қалдыңыздар. Уақыт өтті, сіз де, шалыңыз да шаршадыңыздар, қартайдыңыздар, күнде жылайсыздар... Намыс пен елдің сөзі жібермейтін. Айдалада қыз бақытсыз, үйде сіздер бақытсызсыздар. Ал бұл кімге керек? Көршіңізге ма? Кімге?", - деп пікір білдірді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар, ол желі қолданушыларын қыздың анасына сөз тигізбеуге шақырған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети