27 ноября 2019 | 16:03

"Той жасауға миллион теңге кетті". Қытайда тұрып жатқан қазақ отбасы

© instagram.com/aikin_s

Әйгерім Сапекова 29 жаста, Алматы тумасы. Осыдан 11 жыл бұрын Қытайға оқуға келген. Бірақ ол мұнда ұзақ уақытқа қаламын деп ойламаған екен. Қытайдың Юхань қаласында бакалавриат пен магистратураны аяқтап, сонда отбасы құрған. Қазіргі уақытта "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Әйгерім Сапекова Tengrinews.kz тілшісіне Қытайдағы өмірі мен бастапқыда қандай қиындықтарға тап болғаны жайлы айта отырып, қытайлықтар жайлы қызық деректерге тоқталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әйгерім Сапекова 29 жаста, Алматы тумасы. Осыдан 11 жыл бұрын Қытайға оқуға келген. Бірақ ол мұнда ұзақ уақытқа қаламын деп ойламаған екен. Қытайдың Юхань қаласында бакалавриат пен магистратураны аяқтап, сонда отбасы құрған. Қазіргі уақытта "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Әйгерім Сапекова Tengrinews.kz тілшісіне Қытайдағы өмірі мен бастапқыда қандай қиындықтарға тап болғаны жайлы айта отырып, қытайлықтар жайлы қызық деректерге тоқталды.

Әйгерім бакалавриат пен магистратураны экономика мамандығы бойынша білім алған. Бірақ қазір жұмыс істемейді, себебі біріншіден докторантурада оқып жатыр, ал екіншіден кішкентай баламен отыр. Шәкіртақыға күн көреміз дейді. Кейде ата-аналары көмектесіп тұрады екен. Ал шәкіртақы, Әйгерімнің айтуынша, 4 000 юань, теңгеге шаққанда - 200 000 теңгедей.

Реклама
Реклама

"Негізі Қытайға бару себебім - үлкен ағам сонда оқып келді, оған Қытай ұнағандықтан ата-анам мені де сонда оқуға жіберуді ұйғарды. Бірақ олар мені сонша ұзақ уақытқа қалады деп ойламады да, бакалавриатты бітіріп, қайтып келеді деген жоспар болған. Осылайша, 11-сыныптан кейін мені Қытайға жіберді. Бірақ Қытайға бармас бұрын мен қытай тілін үйренетін курстарға барғаным жоқ, қытайша бірде-бір сөз білмейтінмін. Бір сөзбен айтқанда, ешқандай дайындық болмады. Барған соң барлығы ойдағыдай болатынына сенімді болдым. Сондықтан болар, алаңсыз жүрдім", - дейді Әйгерім.

Бірақ, оның айтуынша, қытай тілін үйрену қиынға соққан. Тілді шамамен екі жыл уақыттан соң меңгеріпті. Сосын ғана оқуға түсу үшін қытай тілінен емтихан тапсырып, Ухань қаласындағы осы аттас университетке оқуға түскен.

"Қытайда әрі қарай қалу себебім магистратураға грантқа түстім. Сондықтан осында қалып, оқуымды жалғастыра бердім. Бастапқыда Қазақстанға жылына 1-2 рет келіп тұратынмын. Бірақ балалы болғалы Қазақстанға барған жоқпыз. 2 жылдай уақыт болды. Енді докторантураны бітірген соң Қазақстанға ораламыз", - дейді ол.

Әйгерімнің айтуынша, ол 2017 жылы өзі секілді бұл елге оқуға келген қазақстандыққа тұрмысқа шыққан.

"2017 жылы үйлену тойымызды өткіздік. Шамамен 50 адамдай болды. Бір ай уақыт дайындалдық. Мейрамхананы, безендіруді, асаба мен музыканттарды өзіміз іздеп таптық. Ойымызда жүрген керемет жерді таптық. Таныс музыканттарды шақырдық - олар студенттер болатын. Табиғи дауыспен ән айтты. Тамада мықты болды, тойымызды қытайлық жігіт өткізді. Ол қонақтардың барлығы қытай тілін білмейтінін ескеріп, тойды ағылшын-қытай тілдерінде өткізді. Ал ата-аналарымызға айтылған сөздердің барлығын аударып беріп отырдық", - дейді Әйгерім.

Айтуынша, тойға барлығы шамамен миллион теңге ақша жұмсалған.

Сондай-ақ, Қытайда осымен 10 жылдан аса уақыт тұрып жатқан Әйгерім Қытайдың Қазақстаннан ең басты ерекшелігі, бірден көзге көрінетіні онда адам тым көп екенін айтады.

"Адамдар топ-топ болып жүреді, адасып кетесің. Қай жерге барсаң да мыңдаған адам тұрады, халық саны өте көп, барлық жерде ұзын-сонар кезек. Мені таңғалдырғаны халық саны көп болса да, олардың барлығы тәртіп пен мәдениет сақтайды, тіпті басқа бір ғаламшардың адамдары сияқты. Айта кетерлігі, мұнда әрбір салада белгілі бір жүйе бекітілген, барлығы белгілі бір тәртіп бойынша. Себебі сервис жоғары деңгейде. Медицинасы да өте жақсы дамыған. Мұнда дәстүрлі және қытайлық медицина деп бөледі. Екеуі де жоғары деңгейде және өз нәтижесін береді. Бағасы да аса жоғары емес", - дейді ол.


Суреттер: © instagram.com/aikin_s

Ал білім беру жүйесіне келгенде, Әйгерімнің айтуынша, Қытайда оқушылар мен студенттер арасында бәсекелестік өте жоғары.

"Мұнда да Қазақстандағыдай мемлекеттік және жекеменшік университеттер бар. Мемлекеттік ЖОО-лар деңгейі жоғары болып саналады. Онда іріктеуден өтудің өзі қиын. Жыл сайын миллиондаған оқушы мектеп аяқтайтындықтан, ЖОО-ға грантқа түсу өте қиын. Сондықтан балаларға ата-ана, мұғалім тарапынан қысым көп", - дейді ол.

Әйгерім енді докторантураны бітірген соң Қазақстанға ораламыз дейді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная