ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сентября 2018 | 14:36
Түркістан облысында үш баласы бар 23 жастағы келіншек үшем босанды
Түркістан облысында үшем дүниеге келді. Осылайша Келес ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Аяжан Төленді 23 жасында алты баланың анасы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалар 3 қыркүйекте дүниеге келген. №1 облыстық перинаталды орталық дәрігерлерінің айтуынша, екі келі салмақпен туған нәрестелердің жағдайы жақсы.
Төрәлі, Фатима мен Зәуре деген есімдер берілген үшемді үйлерінде үш ағасы күтуде.
Басқарма баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жыл сайын орташа есеппен 7-8 үшем дүниеге келеді. Соңғы 10 жылда 80-нен аса отбасыда үшем дүние есігін ашқан.
Суреттер Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасынан
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также