Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 мая 2019 19:32

Әлем елдерінде жол полицейлерінің жалақысы қандай

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл 1 шілдеден бастап еліміздің полиция қызметкерлерінің айлығы өседі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеді. Алексей Калайчидидің сөзінше, жол патрульдік полиция қызметкерлерінің айлықтары 65 пайызға ұлғаяды. Яғни 107-ден 150 мың теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ тұрғын үй үшін берілетін қаржы 70-тен 250 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бірақ бұл сома қала мен отбасы жағдайына байланысты әртүрлі болады. Оның сөзінше, осылайша олардың жалақысы 250-320 мың теңге аралығында болады. 


Биыл 1 шілдеден бастап еліміздің полиция қызметкерлерінің айлығы өседі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеді. Алексей Калайчидидің сөзінше, жол патрульдік полиция қызметкерлерінің айлықтары 65 пайызға ұлғаяды. Яғни 107-ден 150 мың теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ тұрғын үй үшін берілетін қаржы 70-тен 250 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бірақ бұл сома қала мен отбасы жағдайына байланысты әртүрлі болады. Оның сөзінше, осылайша олардың жалақысы 250-320 мың теңге аралығында болады. 

Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі ашық мәліметтерге сүйене отырып, әлем елдеріндегі жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысына шолу жасады. 

Қырғызстан


© mvd.gov.kg

Қырғызстан полицейлерінің жалақысы 43-65 мың теңге. Бұл жалақы сержанттық құрамның айлық табыстары. Бұл төменгі лауазымдағы полицейлердің үстемақысымен бірге санағандағы табысы екен. Қырғызстан үкіметі жыл сайын олардың жалақысын көтеру туралы ұсыныстарды талқылайды.

Грузия

Грузияда полиция қызметкерлерінің орташа айлық табысы - 140 мың теңге. Олардың айлығы былтыр шілде айында өскен. Сондай-ақ Үкімет тарапынан оларға баспана мәселесінде көмек көрсетілетіні айтылған еді.

Ресей

Ресейдегі жол сақшыларының ресми жалақылары теңгемен шаққанда шамамен - 246 мың теңге. Бұл ақша қызметкердің жұмыс істейтін өңірі, лауазымы, жұмыс өтіліне байланысты әрқалай. Яғни 147-264 мың теңге аралығы. Мысалы Мәскеуде жол патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысы 246 мың теңге болса, Свердлов облысында 160 мың теңгеге тең. 

© РИА Новости

Сондай-ақ, Ресейде негізгі айлыққа үстемақы қосылуы мүмкін. Жол сақшысының лауазымы өссе, өмірі мен денсаулығына залал келтіретін жұмыс істесе, мемлекеттік сыйлықпен марапатталса немесе қызмет өткерген жылына байланысты үстемақы беріледі.

Айта кетейік, Ресей билігі де әрдайым бұл салада реформа жүргізіп отырады. Басты мақсат олардың жұмыс сапасымен қатар жалақыларын арттыру. 

АҚШ

Америкада полиция қызметкерлерінің орташа жалақысы жылына - 11-15 миллион теңге. Жұмыс істейтін штаты, лауазымы және жұмыс өтіліне байланысты олардың жалақысы ұлғая береді. Gobankingrates сайтында ең жоғары айлықты Калифорния штатының полицейлері алатыны жазылған. Ондағы тәртіп сақшыларының жалақысы - 3 миллион теңге. 

© EPA/LETA

Сондай-ақ полиция қызметкері және оның отбасы мүшелеріне тегін медициналық сақтандыру беріледі. Сонымен қатар оларға ұзақ мерзімді еңбек демалысы және АҚШ аймағында үй сатып алуға жеңілдіктері де бар. Оған қоса Американың тәртіп сақшысы 20 жыл жұмыс өтілі болса, зейнетке шыға алады.

АҚШ-та полицейлер қалалық, штаттық және федералдық болып бөлінеді. Олар өздеріне тапсырылған аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Яғни олар еліміздегідей жол патрульдік полиция қызметкерлері сияқты жұмыс істейді. Жоғары айлықтан бөлек полицейлер айрықша құқыққа ие. Адамдар полиция қызметкерінің айтқанын бұлжытпай орындауы тиіс.

Тағы бір қызықты дерек, онда ер адамдардан бөлек әйел полицейлер де қауіпті қылмыскерлерді ұстау операциясына қатысады. Америкада әйел полицейлердің саны ТМД немесе Еуропа елдеріне қарағанда біршама көп екен.   

Германия

Германияда тәртіп сақшыларының жалақылары жұмыс санатына қарай тағайындалады. Олар бастапқы, ортаңғы, жоғарғы және ең жоғарғы болып бөлінеді. Ел бойынша орташа жалақы - 760-970 мың теңге. Бірақ бұл жалақы әр өңірде әртүрлі. Мысалы Баварияда полицейлердің айлық табысы 886 мың теңгеден басталады. Ал төменгі Caкcoнияда жалақының ең төменгі мөлшері 780 мың теңге. 

© twitter.com / @TheLocalGermany

Ал орташа санаттағы полиция қызметкерлерінің ай сайынғы табысы 760-1 миллион 900 мың теңге аралығында. Жоғары санаттағы полицей 1,5 миллион теңге жалақы алады. Сондай-ақ мұнда тәртіп сақшыларына түрлі үстемақы беріледі.

Біріккен Араб Әмірліктері

БАӘ-нің полиция қызметкерлері лауазымына қарай әртүрлі жалақы алады. Ең төменгі айлық лейтенант лауазымындағы полицейдікі. Оның жалақысы 2 миллион 200 мың теңгеге тең. Ал ең жоғарғы жалақыны генерал алады. Жоғарғы лауазымдағы полицейдің айлығы - 7 миллион 100 мың теңге. Қалған лауазымдағы тәртіп сақшыларының жалақысы лейтенанттың айлық табысынан кем емес.

© versiya.info

Сондай-ақ, полиция өкілдерінің қоғамдық көлікте тегін жүретін және автокөлік алуға жеңілдіктері болады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 442.05   490.7   4.74 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети