Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 сентября 2020 14:15

"Әр он адамның біреуі көз жұмған". Қай елдерде коронавирустан адам өлімі көп?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүние жүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты. Вирустан адам құрбаны ең көп тіркелген ел - АҚШ. Тағы қай елдерде вирустан көз жұмғандар көп? Tengrinews.kz тілшісі коронавирустан адам өлімі көп тіркелген бес ел туралы баяндайды.


Дүние жүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты. Вирустан адам құрбаны ең көп тіркелген ел - АҚШ. Тағы қай елдерде вирустан көз жұмғандар көп? Tengrinews.kz тілшісі коронавирустан адам өлімі көп тіркелген бес ел туралы баяндайды.

АҚШ

Қазіргі уақытта коронавирустан ең қатты зардап шегіп жатқан - АҚШ. Бұл ел пандемиямен қаңтардан бері күресіп жатыр. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллионнан асқан. Оның 2,79 миллионы ғана аурудан жазылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та коронавирус жұқтырған 205 072 адам қайтыс болған. АҚШ 26 наурызда Қытай мен Италияның алдына шығып, коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша дүние жүзіде бірінші орынға шыққан. Сол уақыттан бері антирейтингте көш бастап тұр.


© Reuters 

Құрама штаттарда коронавирустан алғашқы адам өлімі 29 ақпанда тіркелген. Бірінші болып Вашингтон штатының тұрғыны көз жұмды. Елде коронавирустан адам шығыны көп тіркелген өңір - Нью-Йорк. Бұл штатта 32,7 мың адам көз жұмған. Одан кейін Нью-Джерси (16 107), Калифорния (15 615) мен Техас (15 840) тұр.

АҚШ-та коронавирустан адам өлімі сәуір-мамыр айларында жиі тіркелген. Мысалы, 21 сәуірде 2 624 адам қайтыс болса, 6 мамырда 2 701 науқас көз жұмған. Бұл елдегі бір тәуліктегі адам өлімі бойынша антирекорд саналады.

Қыркүйекте де жағдайы аса мәз емес. 23 қыркүйекте 1 140 адам қайтыс болған. Тек соңғы төрт күнде бұл статистикасы төмендеді. Мысалы, кеше 257 адам өлімі тіркелген.

Бразилия

Президенті коронавирусқа сенбейтін Бразилияда да жағдай мүшкіл. Бүгінде елде 4,7 миллион адамнан коронавирус табылған. Оның 4 миллионы аурудан жазылған. Вирус жұқтырғандар саны бойынша бразилиялықтар дүние жүзінде үшінші орында тұр.

Бразилияда коронавирустан 142 161 адам көз жұмған. Бұл көрсеткішпен бразилиялықтар АҚШ-тан кейін екінші орында келеді.


© Reuters

Бұл елде коронавирустан адам өлімі алғаш болып 17 наурызда тіркелген. Бүгінде вирус қатты тарап жатқан Сан-Паулуда 35 мыңнан аса адам COVID-19-дан көз жұмған. Ел астанасы Рио-де-Жанейрода 18 мыңнан аса науқас қайтыс болған. Ал Сеара қаласында 9 мыңға жуық адам өлімі тіркелген.

Бразилияда бір тәуліктегі адам өлімі бойынша нақты үрдіс жоқ. Мысалы, 26 шілдеде 555 адам көз жұмған, ал үш күннен кейін 1595 науқас қайтыс болған. Сондықтан, бұл елде адам өлімі азайып жатыр не көбейіп жатыр деп айтуға келмейді.  

Қазірде де солай: 14 қыркүйекте 381 адам көз жұса, келесі күні 1113 адам өлімі тіркелген.

Үндістан

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Үндістан екінші орында тұр. Бүгінге дейін 6,1 миллион адамнан COVID-19 табылған. Оның 5,1 миллионы аурудан жазылған.

ДДҰ мәліметінше, Үндістанда барлығы 96 318 адам коронавирустан қайтыс болған. Адам бойынша антирейтингте үндістандықтар үштікке енеді.

Үндістанда вирустан алғашқы адам өлімі 12 наурызда тіркелген. Сол кезде Карнатака штатының 76 жастағы тұрғыны қайтыс болғаны хабарланған. Бұл елде вирус Махараштра штатында қатты тарап жатыр. Бүгінде бұл штатта 35,7 мың адам вирустан көз жұмған. Қалған өңірлерде жағдай салыстырмалы түрде жақсырақ. Тамилнадта 9 383, Карнатакада 8 641 науқас қайтыс болған.


© Reuters

Бұл елде вирустан адам өлімі көктемде аз болған. Тамыздан бастап күрт өсіп, қазір Үндістанта коронавирустан адам шығыны көптеп тіркеліп жатыр. Мысалы, жаздың басында елде күн сайын 300-ден аса адам қайтыс болатын. Ал қазір тәулігіне мыңнан аса адам көз жұмады.

Елде бір тәуліктегі адам өлімі бойынша антирекорд 16 қыркүйекте тіркелген. Сол күні 1290 науқас қайтыс болған. Кеше тағы 1039 үндістандық COVID-19-дан көз жұмған.

Мексика

Мексика коронавирус қатты тарап жатқан елдер тізімінде 8-орында тұр. Бұл елде 733 мыңнан аса адамнан вирус анықталған. Оның 527 мыңы аурудан жазылған.

Бірақ мексикалықтар коронавирустан адам өлімі бойынша антирейтингте төртінші болып тұр. Елде 76 603 науқас көз жұмған.


© Reuters

Елде коронавирустан алғашқы адам өлімі 19 наурызда тіркелген. Мехико қаласында вирустан адам шығыны көп. Ел астанасында вирустан 10 мыңнан аса адам көз жұмған. Ал Мехико штатында 8 170 адам өлімі болған. Қалған аймақтарда вирустан қайтыс болғандар саны 1-4 мыңның арасында.

Бразилия секілді Мексикада да адам өлімі бойынша нақты үрдіс қалыптаспаған. Бір күні көз жұмғандар саны мыңнан асса, келесі күні 300-ге жетпеуі мүмкін. Бұл жаздан бері осылай жалғасып келеді. 7 қыркүйекте елде 223 науқас қайтыс болған, ал келесі күні 703 адам өлімі тіркелген.

Кеше Мексикада 173 адам көз жұмған.

Ұлыбритания

Ұлыбритания дүние жүзінде коронавирус жұқтырған саны бойынша 14-сатыда тұр. Елде 439 013 адамнан вирус табылған. Оның 205 мыңы аурудан жазылған.

Бірақ корольдік ел вирустан адам өлімі бойынша антирейтингте үздік бестікке кіреді. Елде 46 706 науқас көз жұмған. Яғни, вирус жұқтырған әр 10 адамның біреуі қайтыс болған.

Мұнда коронавирустан алғашқы адам өлімі 5 наурызда тіркелген. Жалпы, Ұлыбританияны ел-елге бөліп қарасақ, ең көбі Англияда қайтыс болған. Пандемия кезінде 36 765 ағылшын коронавирустан көз жұмған. Оның ішінде Лондонда 7 мыңға жуық адам өлімі болған. Шотландияда 2,5 мың, Уэльсте 1,5 мың адам шығыны тіркелген екен.


© Reuters

Негізі Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі көктемде қайтыс болған. Әсіресе, сәуірде күніне мыңнан аса адам көз жұмған. Қазір елде эпидемиологиялық жағдай жақсарған. Адам өлімі де аз.

Жаз басталғалы елде күніне 200-300 адам өлімі болған. Ал тамыздың ортасынан бері Ұлыбританияда тәулік сайын көп дегенде 30 шақты адам коронавирустан қайтыс болады. 10-13 тамызда адам өлімі тіркелмеген. Ал кеше 13 адам COVID-19-дан көз жұмған.

Айта кетейік, Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша дүние жүзінде 36-орында тұр. Біздің елде 107 833 адам вирус жұқтырса, оның 103 мыңға жуығы аурудан жазылған. Вирус анықталған 1725 науқас қайтыс болған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети