Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 апреля 2020 16:01

"Арақашықтық, тазалық". Қытайға әлдеқайда жақын Жапонияда қалайша ТЖ енгізілмеген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Бүгін дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны миллионнан асты. Жапония коронавирустың зардабын шегіп отырған Еуропа елдеріне қарағанда вирус ошағы болып саналатын Қытайға әлдеқайда жақын орналасқан елдің бірі. Бірақ күншығыс елі коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша 32-орында. Коронавирус ошағына жақын орналасқан күншығыс елінде қалайша әлі күнге дейін төтенше жағдай енгізілмеді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Бүгін дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны миллионнан асты. Жапония коронавирустың зардабын шегіп отырған Еуропа елдеріне қарағанда вирус ошағы болып саналатын Қытайға әлдеқайда жақын орналасқан елдің бірі. Бірақ күншығыс елі коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша 32-орында. Коронавирус ошағына жақын орналасқан күншығыс елінде қалайша әлі күнге дейін төтенше жағдай енгізілмеді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Мамандар жапон елінде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілмеуіне халықтың өмір сүру салты себеп болған деседі. Себебі бүгінгі жағдайға байланысты қол алып амандасуға тыйым салынып жатса, жапон елінде бұл процесс бұрыннан жоқ. Одан бөлек, жапондар - тазалыққа жаны құмар халық. 

Кез келген жерде арақашықтық сақтайды

Қолмен амандасу, құшақтасу немесе қарапайым адамды жанап өтудің өзі интим әрекет болып саналады екен. Жапон елінде коронавирустың тарау белсенділігі төмен болуының бір себебі амандасу дәстүрінің ерекшелігі болуы мүмкін. Жапондар өзге елдерге қарағанда бас ию арқылы амандық сұрасатыны белгілі. Тіпті сыртта құшақтасып жүрген ғашықтар некен-саяқ.

Одан бөлек, Жапония - бұрыннан бері масканың кез келген түрін үнемі тағып жүреді. Елдегі қарт адамдар да көбіне үйде оқшауланып отыратын көрінеді.

Сонымен қатар, жапондар арақашықтықты сақтайтын халық. Дүкенде, банкоматта кезекте тұрғанда немесе автобус күтіп тұрсаңыз ешкім сіздің ту сыртыңыздан келіп демалып тұрмайды. Шамамен бір метр қашықтық сақтайды.

© REUTERS

Гигиена

Әлем елдері тұрғындарын қолды қалай дұрыс жуу керегін үйретіп жатқан кезде жапон халқы үшін бұл процесс қалыпты жағдай. Яғни, жапондар сәті түссе кез келген уақытта қолын жуады. Жалпы Жапония тазалыққа жаны құмар халық. Сондықтан жапондар үшін күніне үш-төрт рет душ қабылдау - қалыпты, әдеттегі жағдай.

Санитарлық өңдеу кез келген уақытта жасалады

Ашық дерек көздеріне сүйенсек, Жапонияда қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде санитарлық өңдеу жұмыстары тек эпидемия кезінде емес, бұған дейін де үнемі жасалып тұрған. Егер белгілі бір жерде адам көп жиналса, ол жер тек график бойынша емес, үнемі тазалынып тұрады екен.

Денсаулық сақтау жүйесі жақсы дамыған

Күншығыс елінде медицина саласы әлдеқайда дамыған. Мәселен, Жапонияда денсаулық сақтау жүйесінің бағасы қолжетімді әрі сенімді. Алайда оның барлығы ауруханада адам толып кетпеуі үшін жасалады екен. Яғни, науқастың жағдайы тым нашарлап кеткен кезде ғана ауруханаға жеткізеді. Сондықтан бүгінде жапон елінде 1000 адамға шаққанда кереует саны АҚШ-қа қарағанда 4 есе көп, 100 мың адамға арналған 101 компьютер томографиясы бар. Алайда қорғаныш заттары мен препараттар жетіспеушілігі Жапонияда да бар. Сондықтан жергілікті билік елді карантинге жапқаннан гөрі халықтан адам көп жиналатын жерге бармауын сұраған. Сол себепті кинотеатрлардың кірісі 50 пайызға азайған екен.

"Масканы Алматыдан алдырамыз" - Жапонияда тұратын қазақстандық коронавирусқа қатысты ахуалды айтты

Желідегі түрлі ақпаратқа сүйенсек, Жапонияда коронавирусқа қарамастан қалыпты өмір жүріп жатқан секілді. Себебі, елде шын мәнінде қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге тек ірі компаниялар көшкен көрінеді. Алайда Жапонияның Экономика, өнеркәсіп және сауда министрлігі 100 адамнан көп жиналатын іс шараларды өткізуге тыйым салған. Ал адам аз жиналатын шара өткізілетін күннің өзінде кіреберісте құрамында спирт бар қолға арналған спрей болуы керек, орындықтардың арақашықтығы 2 метр болуы керек және жиынға қатысушылар маскамен отыруы керек.

Соңғы мәліметтер бойынша, Жапонияда 2617 адам коронавирус жұқтырып, барлығы 63 адам қайтыс болған.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети