Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 марта 2020 11:06

"Масканы Алматыдан алдырамыз" - Жапонияда тұратын қазақстандық коронавирусқа қатысты ахуалды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еркежан Қаратаева © instagram.com/yerkezhan_karatayeva Еркежан Қаратаева © instagram.com/yerkezhan_karatayeva

Соңғы мәліметтер бойынша, Жапонияда 1000 адам коронавирус жұқтырып, 12 адам қайтыс болған. Отандасымыз Еркежан Қаратаеваның Жапонияда тұрып жатқанына бір жыл болған. Ол күншығыс еліне күйеуінің жұмысына байланысты көшкен. Коронавирусқа байланысты елде медициналық маска мен қолды тазалауға арналған санитайзерлер тапшы. Tengrinews.kz тілшісі Жапонияда тұрып жатқан Еркежан Қаратаевамен байланысып, коронавирусқа қатысты елдегі ахуалды сұрады.


Соңғы мәліметтер бойынша, Жапонияда 1000 адам коронавирус жұқтырып, 12 адам қайтыс болған. Отандасымыз Еркежан Қаратаеваның Жапонияда тұрып жатқанына бір жыл болған. Ол күншығыс еліне күйеуінің жұмысына байланысты көшкен. Коронавирусқа байланысты елде медициналық маска мен қолды тазалауға арналған санитайзерлер тапшы. Tengrinews.kz тілшісі Жапонияда тұрып жатқан Еркежан Қаратаевамен байланысып, коронавирусқа қатысты елдегі ахуалды сұрады.

Еркежанның айтуынша, коронавирусқа байланысты елде медициналық маска тапшы болғандықтан оны достары арқылы Алматыдан алдырып жүр.

"Жалпы елдегі жағдай жаман емес. Бірақ көп жерде медициналық маска мен қолды тазартуға арналған спирт қосылған санитайзерлер жоқ. Біз оны Алматыдан тапсырыс беріп, досымыз арқылы поштамен алдық. Бұл жерде маскаларды таңертең ерте тұрып дәріханалардан сатып алуға болады. Бірақ олар келген күні бірден жоқ болады, адамдар сатып алып кетеді. Көбіне үлгермей қаламыз. Бірталай уақыт бұрынғы маскаларымызды қолданып жүрдік, сосын Алматыдан алдыруға тура келді", - дейді Еркежан.

Еркежан Қаратаева © instagram.com/yerkezhan_karatayeva

Еркежан Қаратаеваның айтуынша, коронавирусқа қатысты жергілікті билік жақсы жұмыс істеп жатыр, арнайы кеңес құрып, мәселені шешуге тырысып жатыр. Халыққа дер кезінде ақпарат таралып жатыр екен.

"Жергілікті жаңалық агенттіктері үнемі ақпарат таратып отырады. Жаңалықтарды оқыған кезде түсінгеніміз, ойын-сауық орталықтарын жабу, қызметкерлердің үйден жұмыс істеуі үшін жағдай жасау керек деген талқылаулар жүріп жатыр. Менің күйеуім сейсенбіден бастап үйден жұмыс істеп жатыр. Бірақ барлық мекеме олай істеп жатқан жоқ. Ол көбіне компанияға байланысты. Одан бөлек, мектеп пен балабақшалар жабылған", - дейді Еркежан.

Еркежанның сөзінше, елдегі ахуалға байланысты жапондардың арасында маска тағып та, тақпай да жүрген тұрғындар бар.

"Көшеде қыдырып жүрген адамдар аздау. Бірақ бәрі үйде отыр деп те айта алмаймын. Кейбірі маска таққан, кейбіреуі тақпаған. Бірақ көбіне адамдар маскамен жүреді. Жаңалықтарда "адам түшкіріп жатса, адам ауырып тұрған секілді көрінсе не жөтелсе кішкене алшақтау жүріңіз" деп айтады", - дейді жапон тұрғыны.


Еркежан Қаратаева © instagram.com/yerkezhan_karatayeva

Жапондар көбіне бұзылмайтын азық-түлік пен гигиена заттарын жаппай сатып алып жатыр екен.

"Көбіне сабын, бактерияға қарсы құралдар тапшы болып жатыр. Одан бөлек, майлық, әжетхана қағазын адамдар көптеп алып жатыр. Сондықтан бұзылып кетпейтін, күнделікті өмірде керек заттар дүкендерде көбіне жоқ. Неге екені түсініксіз, бірақ адамдар сол заттарды көптеп алып жатыр", - дейді Еркежан.


Еркежан Қаратаева © instagram.com/yerkezhan_karatayeva

Еркежан "коронавирусқа қатысты адамдарда үрей байқалады" дейді.

"Қай жерге барсаң да барлық адам коронавирус туралы айтады. Коронавирусқа байланысты әзірше Қазақстанға оралу ойда жоқ. Статистика көрсеткіштің ақырындап азайып жатқанын көрсетіп жатыр ғой. Жапонияда сақтану шаралары жақсы жасалып жатқан соң шамалы уақытта азаяды деп ойлаймыз. Вирустың тарауына іштей үрей жоқ. Коронавирусқа қатысты үрейді адамдардың өзі туғызып жатқан секілді деп айтып жатыр. Бірақ иммунитетің мықты болса жазылып кетуге болады дейді. Сондықтан онша қорықпаймыз. Сыртқа шыққанда әрине маска тағып, гигиена шараларын сақтап жүрміз ", - дейді Еркежан.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети