Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 декабря 2020 10:02

Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы қай елдерге жеткізілді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Коронавирус анықталғанына бір жылға жуықтаса да осы уақыт аралығында аурудың емі әлі жоқ. Бар үміт клиникалық сынақтан өткен, ғалымдар мақұлдаған вакцина. Әзірше олар да санаулы. Бірнеше ел коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталғанын да мәлімдеп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілген елдерге шолу жасады. 


Коронавирус анықталғанына бір жылға жуықтаса да осы уақыт аралығында аурудың емі әлі жоқ. Бар үміт клиникалық сынақтан өткен, ғалымдар мақұлдаған вакцина. Әзірше олар да санаулы. Бірнеше ел коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталғанын да мәлімдеп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілген елдерге шолу жасады. 

Ұлыбритания

7 желтоқсанда Ұлыбритания ауруханаларына коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілгені белгілі болды. Тұманды Альбион әлемде бірінші болып Pfizer мен BioNTech компаниясының вакцинасын алды. Вирусқа қарсы вакцина салу бүгін, 8 желтоқсаннан басталмақ. Бірінші кезекте жасы 80-нен асқан қарттар, медицина қызметкерлері және қарттар үйінде тұрып жатқан адамдарға салынады. Лондон алғашқы кезеңде 40 миллион доза вакцинаға тапсырыс берген. Ол 20 миллион адамға деп есептеліп отыр. Себебі әр адамға вакцина екі рет салынады екен.

"Вакциналар тоңазытқыштарда минус 73 градуста сақталып, қажет болған жағдайда ғана алынады. Қазір ауруханаларда вакцинациялау бағдарламасы алдындағы соңғы тексерістер жүріп жатыр", - дейді фармацевт Луиза Кофлан.

© Reuters

Үндістан

7 желтоқсанда Үндістанға вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді. Ол ресейлік "Спутник V" вакцинасы. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина 17 еріктіге салынады. Олар дәрігерлердің бақылауында болады, артынша 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасы салынады.

Dr. Reddy's Laboratories үндістандық компаниясы желтоқсан айының басында ресейлік инвестициялар қорымен бірлесіп, үндістандық медицина саласындағы реттеушіден қажетті рұқсат алғаннан кейін Үндістанда "Спутник V" вакцинасын сынаудың екінші және үшінші кезеңін бастаған.

Бразилия

Коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасы жеткізілген елдердің бірі - Бразилия. Ол Sinovac қытайлық фармацевтикалық компаниясының вакциналары. Жалпы 120 мың доза вакцина әкелінген. Олар Бразилияның санитарлық қадағалау жөніндегі ұлттық агенттігі препараттарды эксплуатациялауға рұқсат бермейінше қоймада тұрады. Алдағы таңда Сан-Паулу билігінің келісімі бойынша тағы 6 миллион доза вакцина алынбақ.

Айта кетейік, Sinovac компаниясының препараты Индонезия мен Түркияда сынаудың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.  

"Бұл миллиондаған бразилиялықтың өмірін құтқаып қалатын вакциналардың бірі. Алғашқы партия - 120 мың дозаны алдық, енді желтоқсанға қарай 6 миллион, қаңтар айына қарай 46 миллион, кейіннен тағы 100 миллион доза вакцина алдыра аламыз", - дейді Сан-Паулу губернаторы Жоау Дориа.

Беларусь

Беларусь ресейлік вакцинаны алдырған. Бірінші қазанда елде COVID-19-ға қарсы вакцинаны сынақтан өткізу басталған. Клиникалық сынаққа 100 ерікті адам қатысқан.

© Reuters

Өзбекстан

Өзбекстанға коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік вакцинаның үлгілері 4 желтоқсанда жеткізілді. Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровтың "Cпутник V" вакцинасының үлгілерін өзі жіберген. Жүкті Өзбекстанның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметі басшысының бірінші орынбасары Холмамат Норбоев қабылдап алған. 

Башқұртстан

Башқұртстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасы 17 қыркүйекте әкелінген. Әзірге тек 40 доза. Ең алдымен "қызыл аймақтағы" COVID-19 ауруханаларында жұмыс істейтін дәрігерлерге салынады.

"Алдағы таңда Башқұртстан алатын вакцина біртіндеп көбейеді. Бұл коронавирус эпидемиясы, оның ішінде, біздің елімізде де төмендейді деп сенемін", - дейді Башкортостан басшысы Радий Хабиров.

Сербия

Сербия коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның 20 дозасын ғана алған. Бұл туралы Сербия президенті Александр Вучич 4 желтоқсан күні хабарлады. Препарат бірден қолдануға берілмейді. Алдағы күндері оны зерттеу жұмыстары жүреді. Содан кейін Сербия вакцинаны қолдануға қатысты нақты шешім шығарады.

Венгрия

Ресейлік "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясын алып келген елдердің бірі - Венгрия. Бұл туралы Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто 23 қаңтар күні видеоблогында айтқан. 

"Бүгін Ресейдегі вакцина үлгісі әкелінді. Біз Еуропа елдерінің арасында вакцинаның мұндай үлгісін алдырған алғашқы елміз. Жалпы 10 доза алынды. Осылайша вакцина Венгрияның ресми лабороториясына жеткізілді. Жақын арада мамандар вакцинаны зерттеп, оны қолдануға қатысты шешім шығарады", - деді Петер Сийярто.

Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияны бастайтынын жариялаған елдер

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети