ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
04 декабря 2020 | 16:33

Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияны бастайтынын жариялаған елдер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Пандемия басталғалы дүние жүзі бойынша 65 миллион адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 45 миллион адам аурудан айығып, 1,5 миллионнан аса адам қайтыс болды. COVID-19-ға қарсы көптеген елде әртүрлі вакцина дайындалып жатыр. Оның ішінде, клиникалық сынақтан өтіп, жаппай вакцинация жұмыстарын бастап кеткен елдер де бар. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қарсы вакцина жаппай салына бастайтын елдерге шолу жасады. 


Иконка комментария блок соц сети

Пандемия басталғалы дүние жүзі бойынша 65 миллион адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 45 миллион адам аурудан айығып, 1,5 миллионнан аса адам қайтыс болды. COVID-19-ға қарсы көптеген елде әртүрлі вакцина дайындалып жатыр. Оның ішінде, клиникалық сынақтан өтіп, жаппай вакцинация жұмыстарын бастап кеткен елдер де бар. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қарсы вакцина жаппай салына бастайтын елдерге шолу жасады. 

Ресей  

11 тамызда Ресей Федерацисының басшысы Владимир Путин COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина тіркеуден өткенін мәлімдеді. Бұған дейін Ресейде отандық вакцинаны сынақтан өткізуге 38 ерікті адам қатысқан. Қазанда елде  коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау қараша не желтоқсан айында басталады деп жоспарланған болатын. Ел билігі вакцина алдымен арнайы топтағы адамдарға, яғни, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне салынатынын айтты.

Вакцина екі рет салынады. Бірінші компонентте (препаратта) коронавирустың құрылымын анықтайтын ақуызды реттейтін ген - нуклеин қышқылы бар. Екінші компонент салынғанда антиденелердің саны өседі. Сонымен қатар, бұл антиденелердің "есте сақтау қабілеті" қалыптасады. Яғни, жарты не бір жылдан кейін адам организмінде антиденелердің саны азая бастағандықтан адам вирусты қайтадан жұқтырған жағдайда 1-3 күнде қажет антидене қалыптасады.

© Reuters

Ресейлік вакцина туралы не белгілі және ол қаншалықты сенімді?

2 желтоқсанда Ресейде жаппай вакцинациялау келесі аптада басталатыны белгілі болды. Ел президенті Владимир Путин вице-премьер Татьяна Голиковадан жаппай вакцинациялау жұмыстарын бастауды сұраған. Голикова Ресей президентіне келесі аптада коронавирусқа қарсы вакцинациялауға дайындық жұмыстарын аяқтап, президентке хабар беретінін айтты.

"Былай келісіп алайық. Келесі аптада маған баяндама жасамай-ақ жаппай вакцинацияны бастай бересіздер. Жақсы ма? Күн сайын бірнәрсе баяндайсыздар, одан да ауқымды жұмысты бастайық", - деді Путин видеоконференция барысында.

Түркия       

1 желтоқсанда Түркияда коронавирус пандемиясына байланысты коменданттық сағат жарияланды. Ел тұрғындарына кекі сағат 21:00 мен 05:00 аралығында көшеге шығуға тыйым салынды. Бүгінде Түркия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша 18 орында: пандемия басталғалы елде 733 мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталса, оның 418 331-і емделіп шыққан. 14 316 адам қайтыс болған.

Түркияда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау 11 желтоқсанда басталады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді. Министрдің мәлімдемесін NTV телеарнасы жариялады.  


© Reuters

Коджаның сөзінше, вакцина 4 кезең бойынша салынады. Бірінші кезеңде медицина қызметкерлері мен 65 жастан асқандарға вакцина салынады. Содан кейін созылмалы аурулары бар адам қарастырылған. Үшінші кезеңде созылмалы ауруы бар 50 жасқа адамдар, алдыңғы екі топқа кірмейтіндерге салынса, төртінші кезеңде қалған адамдарға салынады. "Известия" мәліметінше, 11 желтоқсанда Түркияға коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның алғашқы партиясы әкелінеді. Бұған дейін ел президенті Реджеп Тайип Ердоган COVID-19-ға қарсы вакцинациялау тегін жүргізілетінін айтқан.

Қазақстан

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 2021 жылы басталады. Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин Президентке 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеді. Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелді. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады. Осы жылдың соңына дейін 2 миллион мөлшерде отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылады. 22 желтоқсаннан бастап Қазақстанда ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіру қолға алынады. Айта кетейік, коронавирусқа қарсы вакцина ерікті түрде салынады.

© Reuters

Алғашқы кезеңде тұрғындардың ауруды жұқтыру қаупі жоғары тобы, яғни дәрігерлер, педагогтер, күш құрылымдары қызметкерлері қамтылады. 

Испания

Испанияда коронавирусқа қарсы вакцина екпесі қаңтар айынан басталады. Процедура еркін түрде жүргізіледі. Жергілікті шенеуніктер көптеген адам өзін коронавирустан қорғауы үшін вакцина салдыруға үмітті. 

24.kz мәліметінше, 10 миллион адамға вакцина салу үшін екі ай уақыт кетеді. Сондықтан Мадридте 2021 жылдың ортасына қарай 30 миллион адамға яғни жалпы халықтың 70 пайызына вакцина салынады деп жоспарлап отыр. Бұл коронавирустың тарауын әдеуір азайтуға мүмкіндік береді екен. 

Айта кетейік, одан бөлек, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация Польшада келесі жылдың қаңтар, ақпанына, Беларусьте 2021 жылы, АҚШ-та желтоқсанда, Францияда қаңтарда және Жапонияда келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында басталады деп жоспарланған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 523.21   550.47   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети