Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 апреля 2020 16:26

Коронавирустың жаппай таралуы қашан аяқталады? Мамандардың болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Әлемді алаңдатып отырған коронавирус инфекциясының тарағанына 3 айдан асты. Осы уақыт аралығында қауіпті вирус 90 мыңға жуық адамның өмірін қиды. Ғалымдар 200-ден аса елге қауіп төндіріп тұрған вирустың шегі өтіп кетті десе, енді бірі вирустың қаупі әлі сейіле қойған жоқ деген пікірде. Коронавирустың жаппай таралуы қашан тоқтайды? Tengrinews.kz тілшісі сарапшылардың болжамына шолу жасады.


Әлемді алаңдатып отырған коронавирус инфекциясының тарағанына 3 айдан асты. Осы уақыт аралығында қауіпті вирус 90 мыңға жуық адамның өмірін қиды. Ғалымдар 200-ден аса елге қауіп төндіріп тұрған вирустың шегі өтіп кетті десе, енді бірі вирустың қаупі әлі сейіле қойған жоқ деген пікірде. Коронавирустың жаппай таралуы қашан тоқтайды? Tengrinews.kz тілшісі сарапшылардың болжамына шолу жасады.

Мамырда тоқтайды

4 наурызда Алматы қаласы Сапа бақылауы және тауарлар қауіпсіздігі департаментінің аса қауіпті инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев коронавирустың жаппай таралуы мамырда тоқтайды деп мәлімдеді.

Дәрігердің айтуынша, күн жылыған соң кейбір елдерде коронавирус індетінің тарауы тоқтайды.

"Коронавирус ультракүлгін сәулелерге төзе алмайды. Наурызда вирус тоқтайды, себебі күн сәулесі болғанда вирус шыдай алмайды. Ал мамырда бұл індет аяқталады. Дегенмен вирус ешқайда кетіп қалмайды, ол тұмау ретінде тарала береді, бірақ оны жұқтыратындардың саны күрт азаяды", - деді Саят Қауметбаев.

Сондай-ақ, сарапшы кейбір елдерде халық саны көп болғандықтан, індет бірден тоқтай қоймайтынын айтады.

"Әрине, халық көшеде топ-топ болып жүреді, содан бір-біріне жұқтырады. Бір Уханның өзіне Қазақстан тұрғындарын сыйғызуға болады", - дейді ол.

Жазда басылмайды

Ал денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов эпидемия жаз мезгілінде сейіле қоймайтынын айтқан еді.

"Алдағы таңда, жаз мезгілінде эпидемиологтар вирус қарқынды төмендеуі мүмкін екенін, бірақ эпидемия толығымен жоғалып кетпейтінін айтады. Сарапшылар эпидемия күзде қайталануы мүмкін екенін болжап отыр", - деді министр. 

Коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізіп жатқан елдер

Жаз мезгілінің басында

Қытайдың бас эпидемиологы Чжун Наньшань коронавирус керісінше жаз мезгілінің басында бәсеңдейді деген пікірде. Оның айтуынша, эпидемия асқынып тұрған елдер қатаң шара қабылдап, соны ұстанса коронавирус маусымда басылуы мүмкін.

"Мен қазірдің өзінде Италия мен Оңтүстік Кореяда қажет шара қабылданып жатқанына қуаныштымын. Егер осылай жалғаса берсе, эпидеми маусымда аяқталады деп сенемін", - деп мәлімдеді ҚХР денсаулық сақтау бойынша мемкомиссияның басшысы.

6 айда аяқталады

Ал танымал америкалық сарапшы Майкл Остерхолм эпидемия әлі алты айға жалғасатынын айтты. Бұл туралы ол тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтқан. Өзін "коронавирус болжаушысы" деп атайтын сарапшы пандемия көп азап әкелетінін айтқан. Сондай-ақ, маман маска мен қолғаптар вирусқа қарсы күресте әсер етпейтінін айтқан.

"Егер COVID-19-ды тұмаудан өлім-жітімнің ең нашар маусымымен салыстырсаңыз, коронавирустың салдары 10-15 есе ауыр болады", - деді Остерхолм.

Қытайдағы аурудың тарауы бәсеңдеді

Стенфорд университетінің қызметкері, Нобель сыйлығының химия бойынша лауреаты Майкл Левитт бұған дейін Қытайда эпидемия бәсеңдейтінін дәл айтқан. Маман Қытайдағы коронавирустың тарауы шыңына жеткенін алдағы бір аптада адам өлімі азаятынын айтқан. Ғалымның бұл болжамы расында соңғы уақыттағы жағдайға сәйкес келеді. Cебебі ғалым Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 80 мыңға жетіп, қайтыс болғандардың саны шамамен 3250 болатынын айтқан. Бүгінгі статистика бойынша Қытайдағы көрсеткіш шамамен сол деңгейде.

Левитт бастысы адамдар дүрбелеңге жол бермей, үрейленбегені дұрыс екенін айтты.

"Менің айтарым: коронавирусты тұмаудың ауыр түрі ғана деп қабылдауыңыз керек. Ол қарапайым тұмаудан 4-8 есе күшті, бірақ көптеген адам сау қалады, ал адамзат аман қалады", - деді маман.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 451.08   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети