Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 октября 2020 16:45

Қырғызстандағы митинг: Талап қандай, биліктің айтары не?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sputnik Кыргызстан © Sputnik Кыргызстан

Бішкектің орталығындағы "Ала-Тоо" алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингке шықты. 5 қазандағы жағдай бойынша, бірінші орында "Биримдик" партиясы тұр (дауыстар әлі де өңделіп жатыр). Наразылық шарасын ұйымдастырғандар қандай талап қойып отыр? Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз еліндегі қазіргі жағдайға шолу жасады. 


Бішкектің орталығындағы "Ала-Тоо" алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингке шықты. 5 қазандағы жағдай бойынша, бірінші орында "Биримдик" партиясы тұр (дауыстар әлі де өңделіп жатыр). Наразылық шарасын ұйымдастырғандар қандай талап қойып отыр? Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз еліндегі қазіргі жағдайға шолу жасады. 

Парламенттік сайлау қалай өтті?

4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. "Жогорку Кенештің" сайлауына 16 саяси партия қатысқан. Оның ішінде, "Биримдик", "Мекеним Кыргызстан", "Ата Мекен", "Бир Бол", "Бутун Кыргызстан", "Замандаш", "Чон казат", "Реформа", "Мекенчил", "Республика", "Қырғызстанның социал-демократтары", "Кыргызстан", Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің және басқа да жергілікті әскери қақтығыстарға қатысушылардың партиясы, "Ыйман нуру", "Мекен ынтымагы" және "Ордо" партиялары.

Тіркелген 1957 кандидаттың 120-сы депутаттық мандатқа үміткер. Республикада жетінші шақырылымдағы Жогорку Кенеш депутаттардың сайлауы өтті: оған өту үшін кем дегенде 7 пайыз дауыс жинауы керек.

© Reuters

5 қазан таңертеңгі жағдай бойынша, көш басында "Биримдик" партиясы тұр - 24,54 пайыз, екінші орында "Мекеним Кыргызстан" партиясы - 23,89 пайыз, үштікті 8,75 пайыз дауыс жинаған "Кыргызстан" партиясы аяқтаған. Дауыстарды өңдеу әлі де жалғасып жатыр.

Дауыс беру 2475 сайлау учаскесінде өтті. Тағы 45 сайлау учаскесі шет елдерде орналасқан. Жалпы 3 523 532 сайлаушы қатысқан.

Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбеков алғашқылардың бірі болып парламент сайлауында дауыс берген. 4 қазан сағат 09:00-де президент Бішкектегі мектеп-гимназияның біріндегі сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген.

Сайлау әділ өту мақсатында Үкімет үйінде колл-орталықтар ұйымдастырылған. Күні бойы кез келген сайлаушы қандай да бір заң бұзушылық анықталған жағдайда, оның ішінде, жарық не интернеттің жоқтығы, маска режимінің және басқа да санитарлық нормалар бұзылған жағдайлар. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында сацлау учаскелерінде 10 мыңға жуық құқық қорғау органдары жүрген.

Бішкектегі митинг

Бүгін Бішкектің орталығында сайлау нәтижесіне наразы халық алаңға шықты. Олар ең алдымен ел астанасындағы "Ала-Тоо" алаңына жиналған. "Sputnik Кыргызстан" мәліметінше, наразылық шарасына мыңға жуық адам жиналған. Митингке "Ата Мекен", "Бир Бол", "Республика", "Замандаш", "Чон Казат", "Реформа", "Социал-демократтар", "Мекен Ынтымагы" және "Ыйман Нуру" партиясының жақтастары шыққан.

© Sputnik Кыргызстан  

Наразылық акциясын ұйымдастырғандардың бір ғана талабы бар: "сайлаудың нәтижесін жою, себебі ол әділетсіз өткен". 5,81 пайыз дауыс жинаған "Республика" партиясының басшысы Мирлан Жээнчороев жақтастарын айтқандарынан таймауға шақырған.

"Біз көшеде ашық наразылық білдіреміз! Жалған сайлауға "жоқ!" дейміз. Біз оны мойындамаймыз! Жемқорлар мен бандиттер түрмеде отыруы керек. Олардың орны парламентте емес, сол жерде. Біз бірге күресуіміз керек. Біздің ата-бабамыз елі мен жері үшін күресті, ал қазіргі билік оны сатып жатыр. Біз сайлаудың нәтижесі жойылуын талап етуіміз керек. Жаңа сайлау өтуі керек", - деді партия басшысы.


© Sputnik Кыргызстан 

Сондай-ақ басылым мәліметінше, наразылық шарасына қатысқан кейбір адамдар 100-200 сомнан жинай бастаған. Айтуларынша, олар бұл ақшаға азық-түлік сатып алмақ, себебі митинг әлі де жалғасын табуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети