Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 января 2020 10:03

Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет. Бүгінге дейін не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nytimes.com © nytimes.com

Осымен бірнеше күн бойы Қытайда белгісіз індеттен мыңдаған адамның зардап шеккені хабарланып жатыр. Ресми деректерге сенсек, 2002 жылдары да Қытайда осындай індет таралып, 400-ге жуық адам қайтыс болып, 5 мыңнан аса адам зардап шеккен екен. Көрші елдегі жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандық дәрігерлер де дабыл қақты. Tengrinews.kz тілшісі Қытайдағы шығу тегі белгісіз індеттің қалай таралғанын және оның Қазақстанға қаншалық қауіпті болуы мүмкін екенін анықтады.


Осымен бірнеше күн бойы Қытайда белгісіз індеттен мыңдаған адамның зардап шеккені хабарланып жатыр. Ресми деректерге сенсек, 2002 жылдары да Қытайда осындай індет таралып, 400-ге жуық адам қайтыс болып, 5 мыңнан аса адам зардап шеккен екен. Көрші елдегі жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандық дәрігерлер де дабыл қақты. Tengrinews.kz тілшісі Қытайдағы шығу тегі белгісіз індеттің қалай таралғанын және оның Қазақстанға қаншалық қауіпті болуы мүмкін екенін анықтады.

"Жалпыұлттық эпидемия болады деген қауіп"

CNN мәліметінше, белгісіз індет жұқтырғандарың саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Қытай билігіндегілер бұл дерт вирус арқылы таралмағанын айтады. Кейбір дереккөзздер бастапқыда мұны пневмония деп айтса, жергілікті дәрігерлер мұны жоққа шығарған болатын.

Қытайда Жұқпалы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілдері де Бейжіңдегі барлық медициналық және денсаулық сақтау бөлімінің бақылау жұмыстарын қолға алғанын мәлімдеген еді.

© Reuters

The New York Times басылымы кей дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Қытай үкіметінің қауіпті індет жөніндегі мәліметті әдейі жасырып қалуы мүмкін екенін жазған.

Дегенмен Қытай мұның жалпыұлттық эпидемия болып кетуінен қауіптеніп отыр екен. Дәл қазір Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары елдегі жағдайды бақылап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гонконг, Тайвань, Сингапур елдерінде қауіпсіздік мақсатында эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.


© BBC

Індеттің таралу себебі қандай?

РИА Новости мәліметінше, Қытайдың Ухань қаласында тарала бастаған белгісіз індетке коронавирустың жаңа түрінің пайда болуы себеп болған. Мамандар індетті зерттеу үшін арнайы сараптамалар мен зерттеулер жүргізген.

Енді сарапшылар әрі қарай эпидемиологиялық зерттеулердің қажет екенін айтады. Осылайша, олар "вирусты пневмонияға" коронавирустың жаңа түрінің cебепші болғанын айтып отыр.

Қазіргі жағдай

Бұл індет Қытайдың Ухань қаласында желтоқсан айының соңынан бастап тараған еді. РИА Новости мәліметінше, қалалық денсаулық сақтау органдары бұл дерттің құс тұмауына қатысы жоқ екенін, сондықтан қазіргі уақытта індеттің таралу себебі анықталып жатқанын мәлімдеген еді.. Жексенбідегі жағдай бойынша, 59 адам белгісіз вирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген. Олардың жетеуі ауыр жағдайда жатыр.

Бұдан бөлек, 163 адамның медициналық бақылауда екені белгілі болды.

Қызығы, биліктегілер белгісіз індетті жұқтырғандардың басым бөлігі теңіз өнімдерін сататын базарларда жұмыс істегенін айтады. Осыған байланысты қазіргі уақытта денсаулық сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік комитеттің сарапшылары жұмыс істеп жатыр.

Науқастар жұмыс істеген базар. © scmp.com

Дәрігерлер не дейді?

Күні кеше Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қытайда белгісіз дерттердің таралуына байланысты пневмонияның алдын алу туралы мәлімет берді. Орталықтағы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің маманы Нұрбала Бахтиярқызы пневмония дене қызуының жоғарылауымен, кеуде қуысының ауыруымен, қақырық мол бөлінетін жөтел сияқты белгілермен басталатынын айтып өтті.

"Пневмонияға шалдыққан адамның өкпесін флюорографиядан өткізген кезде қара нүктелер мен қақырық дақтары болуы мүмкін", - дейді Нұрбала Бақтиярқызы.


© Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы

Маманның айтуынша, аурудың алдын алу үшін мынадай шараларды қабылдаған жөн:

- үйді үнемі желдетіп отыру және таза ұстау;
- таза ауада серуендеп, қалыпты дене қозғалысын сақтау;
- массаж, дене шынықтыру, су процедуралары сияқты жалпы иммунитетті нығайтатын шараларға көңіл бөлу;
- салауатты өмір салтын ұстану;
- бойды үнемі жылы ұстау;
- тыныс алу органдарының созылмалы ауруларынан уақтылы емделу.

Орталық өкілі жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмауды елемеу пневмонияға ұласуы мүмкін екенін ескертеді. Сондай-ақ, Нұрбала Бақтиярқызы пневмония бүкіл әлемдегі балалар өлімінің басты себебі екенін атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети