Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 января 2021 14:01

"Путиннің сарайы". Билік реакциясы мен ғимаратқа қатысы барлардың пікірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ navalny.com ©️ navalny.com

Осыдан бір апта бұрын, 19 қаңтарда ресейлік оппозиционер Алексей Навальный YouTube-арнасында "Дворец для Путина. История самой большой взятки" атты видео жариялады. Бүгінде ол 95 миллионға жуық қаралым жинап, 4,2 миллион лайк жинап, 1,5 миллионнан аса пікір жазылған. Видео Алексей Навальныйды қамауға алғаннан кейін бір күннен соң жарияланды. Ол әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Видеоға қатысты биліктің реакциясы қандай болды және "сарайға" қатысты адамдар қандай пікір білдірді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Осыдан бір апта бұрын, 19 қаңтарда ресейлік оппозиционер Алексей Навальный YouTube-арнасында "Дворец для Путина. История самой большой взятки" атты видео жариялады. Бүгінде ол 95 миллионға жуық қаралым жинап, 4,2 миллион лайк жинап, 1,5 миллионнан аса пікір жазылған. Видео Алексей Навальныйды қамауға алғаннан кейін бір күннен соң жарияланды. Ол әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Видеоға қатысты биліктің реакциясы қандай болды және "сарайға" қатысты адамдар қандай пікір білдірді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Биліктің реакциясы

Видео жарияланғаннан кейін бір күннен соң Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Навальный түсірген видеоға қатысты пікір білдірді. Журналистердің "Путиннің сарайы" туралы жарияланымымен танысып шықтыңыз ба?" және "Бұл ғимарат президентке арнап салынған ба?", сонымен қатар "Ақпарат рас па?" деген сұрақ қойған болатын.

"Жоқ, танысып шықпадық. Негізінде, бұл өтірік", - деп қысқа қайырды Песков.

Кейіннен Путин биографиясының авторларының бірі Александр Коробко Геленджиктегі сарай расында президентке сыйлық ретінде берілгенін айтты.

"Бірнеше олигарх ақша жинап, президентке сыйлық жасағанын елестетіңіз (...) Оны сыйлаған кезде президент іштей "тартынып" қалды деп ойлаймын. Бірақ ол дипломат адам ғой, сондықтан олигархтардың көңіліне тимей, бұған қатысты шешімді кейінірек қабылдамақ болған. Жалпы ол мұны қабылдамады.

Президенттің ол жерде тұрмайтыны, демалмайтыны анық, ал локацияның өзі жартылай тасталған. Ол сыйлық Путинге керек емес, оның талғамына, жанына жақын емес және оны жеке мақсатта қолдану Путиннің принципіне сай келмейді" - деді Александр Коробко.


Александр Коробко © tsargrad.tv

Ал Путиннің өзі алғаш рет "сарайға" қатысты екі күн бұрын, 25 қаңтарда пікір білдірді.

"Мен сіздердің сұрақтарыңызға бірден жауап берейін. Менің меншігім ретінде көрсетілгеннің бәрі маған да, жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болған емес. Ешқашан", - деді Путин Ресей университеттерінің студенттерімен онлайн кездесу барысында.

Оның айтуынша, ол бос уақыты жоғынан фильмді өзі көрмеген, бірақ көмекшілері әкелген видео үзінділерін қарап шыққан. Путин сарай туралы видеоны ресейліктерді "адастыруға тырысу" деп санайды.

"Бұл ақпарат он жылдан астам уақыт бойы айтылып келеді. Қалай болғанда да, қазір бұл жай ғана ыңғайлы жағдай болған сыңайлы, осы материалдармен біздің азаматтарымызды адастыруға тырысты. Осылайша интернетте фильм бе, видеопрограмма ма, қосып жатыр", - деді Ресей президенті.

Путин Навальныйдың тергеуін "монтаж әрі соның жиынтығы" деп атады.

"Міне, менің баттерфляй стилінде жүзген суретімді жариялады. Қате болса да, кейде осылай жүзуді жақсы көремін. Мен ол бассейнде ешқашан болмағанмын. Қайдағы бассейн екенін де білмеймін. Бірақ жүзгенім рас. Қашан және қайда дерсіздер? 2016 жылы Енисейде. Бұл жай топтастыру, монтаждау", - деді ол.

Навальный видеодағы "сарайдың" иесі құжатта жазылғандай ресейлік миллиардер, Шереметьево әуежайының иелерінің бірі Александр Пономаренко емес екенін айтқан. Ал Пономаренконың өзі Forbes басылымына берген сұхбатында бұл ғимаратқа тіпті қатысы жоғын мәлімдеген.


Александр Пономаренко. © РИА Новости

Ведомство өкілдерінің айтуынша, кәсіпкер жобадан 2016 жылдың наурызында шығып кеткен. 2011 жылдың наурызында Пономаренко "Коммерсант" басылымына Гелленджиктегі қонақүйді сатып алғанын айтқан. Кәсіпкер нақты қаншаға сатып алғанын айтудан бас тартқан, алайда 350 миллион доллар туралы қауесет "шындыққа жақын екенін" мәлімдеді.

Ал Навальный тергеуінде Пономаренко "сарайды" 350 миллион емес, 350 мың долларға сатып алған. Демек, саясаткердің сөзінше, мәміле жалған болған. 

Навальныйдың жауабы

Бүгін "Матросская тишина" тергеу изоляторында отырған Алексей Навальный Владимир Путиннің жауабына қатысты пікірін айтты. Оппозиционердің айтуынша, "Путин зерттеуге мардымды жауап қайтармаған, ол бірде бір фактіні де жоққа шығармаған".

"Президент жауабының бір аптаға кешігуінің тек бір себебі бар. Ол Президенттің әкімшілігі барлық күш-жігері Путиннің халыққа қаншалықты жақын екенін көрсе алатын резиденциядағы ең қарапайым бөлмені іздеуге кетті деп болжайық.

Рязань облысындағы кішкентай қарапайым коттедж. Путин халық осы қарапайым үйді көргенін қалайды. Алтын, үш бөлмелі пәтердің бағасына тең жиһазды көрмегендей болып отыр. Бірақ қазір оның өмүр сүріп жатқан үйі қандай екенін білеміз", - деді саясаткер.

Сонымен қатар, Навальный жариялаған видеосында "сарай" тұрған аймақта ұшу құралдарын қолдануға тыйым салынғанын айтады. РИА Новости мәліметінше, бұған қатысты Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі жауап берді. Ведомство мәліметінше, ұшуға тыйым салынған аймақтың құрылуы бірқатар көршілес мемлекеттің, соның ішінде, НАТО блогына кіретін мемлекеттердің қазан айында пайдалануға берілген Краснодар өлкесіндегі ФҚҚ шекара әкімшілігінің шекара заставасының аумағына барлау белсенділігінің артуымен байланысты.

ФҚҚ жасақтың мемлекеттік шекараның бір бөлігін қорғаумен айналысатынын және оған басқа функциялар жүктелмегенін айтты. Басқарма мәліметінше, Идокопас мүйісі маңында қайықтардың өтуіне тыйым салынбаған және осы бағыттағы қызметке бағынышты басқа да нысандар жоқ. 

"Үлкен жетілік" елдері Навальныйды тез арада босатуға шақырды

G7 елдері (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және АҚШ) Ресей билігінен оппозициянер Алексей Навальныйды тез арада босатуын сұрады. Халықаралық клуб өкілдері мыңдаған бейбіт шеруші мен журналистің қамалуына алаңдаулы екенін жеткізді. 

"Ресейді халықаралық және ішкі міндеттемелерін орындауға және 23 қаңтарда бейбіт жиындарға өз құқын қорғау үшін өз еркімен шығып, ұсталғандарды босатуға шақырамыз. Полиция күштерінің азаматтардың өз пікірін білдіру құқығын күшпен басуына жол берілмейді", - делінген құжатта.

Оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау акциясы тағы да болатын көрінеді. Бұл туралы оның аймақтық штабтар желісінің жетекшісі Леонид Волков Twitter желісіндегі парақшасында жазды. 

"31 қаңтарда, сағат 12:00-де. Ресейдің барлық қаласы. Навальныйдың бостандығы үшін. Барлық адамның бостандығы үшін. Әділдік үшін", - деп жазды ол Twitter желісінде. 

Волковтың сөзінше, 2 ақпанда Навальныйдың соты өтеді. 

"Сот күні жақындаған кезде біздің талабымыз күштірек болады", - деді Волков.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети