Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 января 2022 15:39

Шетелдік басылымдар Қазақстандағы наразылық туралы не жазып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы наразылықтар. Алматыдағы жағдай. Фото: Tengrinews.kz Қазақстандағы наразылықтар. Алматыдағы жағдай. Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда газдың бағасына наразы болған халық митингіге шықты. Бейбіт басталған шеру артынша бүлікке айналып кетті. Бүгінде 200-ге жуық адам ұсталған. Үш өңірде: Алматы қаласы мен Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай жарияланды. Елдегі жағдай шетелдік БАҚ да назарында. Tengrinews.kz тілшісі шетелдегі басылымдар Қазақстандағы жағдай туралы қалай ақпарат таратып жатқанына шолу жасады.   


Қазақстанда газдың бағасына наразы болған халық митингіге шықты. Бейбіт басталған шеру артынша бүлікке айналып кетті. Бүгінде 200-ге жуық адам ұсталған. Үш өңірде: Алматы қаласы мен Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай жарияланды. Елдегі жағдай шетелдік БАҚ да назарында. Tengrinews.kz тілшісі шетелдегі басылымдар Қазақстандағы жағдай туралы қалай ақпарат таратып жатқанына шолу жасады.   

Ресейлік РИА Новости басылымы Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, заңсыз акция кезінде 200-дей адам ұсталғанын жазған. Сонымен қатар, материалда 95 полицей зардап шеккені, 37 қызметтік көлікке зақым келгені жазылған. Алматыдағы әкімдік жақта жүрген РИА Новости тілшісінің мәліметінше, әкімдік ғимаратының айналасында өртенген және қираған ондаған полиция көлігі тұр. 

Ұлыбританиялық ВВС-дің ресейлік басылымы Қазақстандағы наразылық шаралары туралы бірнеше материал жазған. Оның ішінде, елдегі төтенше жағдай мен үкіметтің отставкаға кетуі де бар. Сонымен қатар, басылым Атырау, Ақтау, Нұр-Сұлтан және Алматыдағы ахуалға шолу жасап, видео жариялаған.   

Материалда жексенбіде, 2 қаңтарда Маңғыстау облысында сұйытылған газ қымбаттауына байланысты басталған наразылық шарасы сейсенбіде, 4 қаңтарда елдің өзге ірі қалаларына ұласып кеткені жазылған. 

"Көп жағдайда наразылық шарасы саяси сипатқа ұласып, полицейлермен қақтығысқа айналған", - делінген материалда.  

Америкалық ABC телеарнасының жаңалықтар бөліміндегі сайтта Қазақстандағы наразылық акциясы туралы екі материал тұр. Жаңалықтар бөлімі Алматыда митинг кезінде Интернет өшірілгенін атап өткен. Сонымен қатар, сайтта Алматыдағы жағдай туралы баяндалған.

"Алматыдағы видеода әкімдікті басып алмақ болған адамдарға көзден жас ағызатын газ және түрлі-түсті жарық шығаратын граната қолданған ондаған ЕММЖ (ерекше мақсаттағы милиция жасағы - еск.) түсіп қалған", - делінген материалда. 

Тағы бір америкалық басылым CNN де елдегі оқиға туралы жазған. Басылым Алматыдағы жағдайға шолу жасап, елдегі төтенше жағдай туралы қысқаша ақпар беріп өткен. Сондай-ақ, басылымда жарияланған материалда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың видеоүндеуіндегі сөзі келтірілген. 

Ұлыбританиядағы ескі газеттердің бірі The Guardian елдегі жалпы жағдайға шолу жасап шыққан. Басылым "Қазақстандағы наразылықтар: үкімет сирек кездесетін тәртіпсіздік жағдайында отставкаға кетеді" деген тақырыппен материал жариялаған. 

Материалда Тоқаев жүргізген тағайындаулар, Алматыдағы жағдай, Интернеттің өшуі, елде төтенше жағдайдың енгізілуі туралы шолу жасалған. 

Reuters тілшісі де Алматыда оқиға орнынан ақпарат таратқан. Басылым халық наразылық акциясын ұйымдастыру себебін тарқата жазған.

"Аль-Джазира" телекомпаниясы Қазақстанда Telegram, Signal және WhatsApp қосымшалары бұғатталғанын атап өткен. Сонымен қатар, материалда екі тәуелсіз медиа-сайт бұғатталғаны жазылған. 

Айта кетейік, Қазақстандағы жағдай өзге шетелдік басылымдардың, оның ішінде, New York Times, Eurasianet, NBC News, Deutsche Welle, Global News секілді басылымдардың назарында.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети