Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 июля 2021 14:52

Тарихи рекорд. Африкада шілдеде қалайша қар жауды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Африка Республикасында таяуда аяз тұрды, температура нөлден төмендеген. Африканың кей бөлігінде қар жауды. Қар басқан жолдар жабылып жатса, балалар шат-шадыман ойнап жүр. Tengrinews.kz тілшісі Африкадағы аяз туралы жазып, Желіде тараған видеоларды жинады. 


Оңтүстік Африка Республикасында таяуда аяз тұрды, температура нөлден төмендеген. Африканың кей бөлігінде қар жауды. Қар басқан жолдар жабылып жатса, балалар шат-шадыман ойнап жүр. Tengrinews.kz тілшісі Африкадағы аяз туралы жазып, Желіде тараған видеоларды жинады. 

Африкада рекорд деңгейде күн салқындады

Оңтүстік Африка Республикасында шілдеде қар жауып, халықты әбігерге салды. Елдің метеоқызметінің Twitter желісіндегі хабарына қарағанда, ОАР-дің орталық бөлігінде температура нөлдеп түсіп, көрсеткіші рекорд деңгейге жетті. 

24 шілдеге қараған түні ОАР-дің 19 ауданында минус температура көрсеткіші бойынша тарихи рекорд тіркелген. Мысалы, Кимберли қаласы мен оған жақын аудандарда термометр минус 9,9 градус көрсеткен. Синоптиктер мәліметінше, метеорологиялық қызмет басталғалы мұндай төмен температура болмаған. 

Вармбад Тувумба қаласында минус 5,6 градусқа дейін салқын болған. Бұл өңірде де рекорд жаңарып отыр. 1964 жылы қалада минус 5,5 градус болыпты.  

Ал ел астанасы Йоханнесбургте ауа температурасы минус 7 градусқа төмендеген. Күн салқындығы бойынша бұрынғы рекорд 1995 жылы 19 шілдеде тіркеліпті, сол кезде қалада минус 6,3 градус салқын болған. 


Фото: Madie Botha

Синоптиктердің айтуынша, көптеген жыл бойы алғаш рет ОАР-дің түрлі бөлігінде қар жауған. Көптеген жолды мұз басып, автокөліктер жүре алмай қалды. 

Оңтүстік Африка Республикасында қар 25 шілдеде де жауды. Бүгінде көп жол жабылған.  

Қар көрмеген балалар қуанып жүр

Қазір желіде қар жауған Африкадан видеолар мен суреттер тарап жатыр. Роликтерден жерді қар басып, су мұзға айналғанын көруге болады. 

Африкалықтар қар басқан мекеннің видеоларын белсенді таратып жатыр. 

Балалар мен жасөспірімдер қарды өмірінде алғаш рет көріп отыр. Олардың қуанышы мен ойнаған сәтін роликтерден көруге болады.  

Бұл аяз Африкаға қайдан келді?

Ресейлік климатолог Владимир Семенов "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында Африкадағы табиғи құбылыс туралы айтқан. Оның сөзінше, бұл жәй ғана табиғи ауытқу. Маман қазір Оңтүстік жарты шарда қыс болып жатқанын айтады. 

"Солтүстік жарты шардағыдай белгілі бір жағдайларда суық Антарктида массалары кіреді", - деді климатолог.


Фото: twitter.com/ReenvalSA 

Ал бұл аяз елге қайдан келді? Синоптиктердің пікірінше, қар мен төмен температура Оңтүстік Атлантикадан келген. Ал SAWS (Оңтүстік Африка метеорологиялық қызметі) қызметкері Уэйн Вентердің айтуынша, аяз Антарктидадан ығысып келіпті.

Мамандардың айтуынша, елде аяз бірден сейілмей, әлі бір аптадай тұрақтайды. Сондықтан, Оңтүстік Африка метеорологиялық қызметі халықты жазғы киімдерді тастап, қалыңдау киінуге шақырыпты.

Оңтүстік Африкада жаз қазан мен наурыз арасында болады, сол кезде ауа температурасы 15-тен 35 градусқа дейін ысиды. Ал қыс маусым мен тамызда болады. Бірақ бұл кезде температура әдетте тек нөл градусқа дейін төменейді екен. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 451.08   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети