ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
01 августа 2023 | 06:32

Тамырымен қосып тып-типыл еткен. Алматыда күннен-күнге жасыл желек азайып барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz/ Ернар Алмабек Фото: Massaget.kz/ Ернар Алмабек

Қаланы көркейтудің орнына жайқалған ағаштарды кесіп тастаған. "Яндекс карта" жүйесі арқылы Алматының өткені мен бүгінін салыстырған Massaget.kz тілшісі сұмдық жайтқа куә болды.


Қаланы көркейтудің орнына жайқалған ағаштарды кесіп тастаған. "Яндекс карта" жүйесі арқылы Алматының өткені мен бүгінін салыстырған Massaget.kz тілшісі сұмдық жайтқа куә болды.

Алматы - тау бөктерінде орналасып, тал-терегі жайқалған жасыл қала. Төбесі түтінге тұнып тұрған қаланың ауасын таза ұстау үшін көшеттерді көбірек отырғызу немесе ағаштарды жүйелі түрде суарып, олардың санын тұрақты түрде көбейтіп тұру маңызды. Алайда қазіргі қала әкімі барлығын керісінше жасап жатқан секілді. Мәселен мынау "Абай" даңғылының қазіргі көрінісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Алматы. Абай даңғылы, 2023 жыл.

Ал келесі суретте 2017 жылғы көрініс. Арасы жер мен көктей. Әрине жеті жылда ағаштың жайқалып, жан-жағындағы көліктерге кедергі келтіруі мүмкін. Алайда шыршалардың жол жиегіне шығып тұрған бөлігін кесіп, тегістеуге болар еді ғой. Бірақ тамырымен алып тастаудың еш жөні жоқ.

Алматы. Абай даңғылы, 2017 жыл

2014 жылы да теректердің жайқалып тұрғанын аңғаруға болады.


Алматы. Абай даңғылы, 2014 жыл.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 491.74   530.25   5.02 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети