ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 июля 2023 | 15:31

"Мүлде отырып та көрмеппіз". Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған көпірдегі лифттер неге істемейді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ернар Алмабек Фото: Ернар Алмабек

Алматыда жолдағы кептілісті азайту үшін салынған жаяу жүргіншілерге арналған көпірдегі жеделсатылар мүлде істемейді. Салдарынан арбамен баласын сүйреп жүрген ана, таяқпен әрең жүрген қариялар бір бағыттан екіншісіне өткенше атсоқты күйге түседі. Massaget.kz тілшісі тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, осы мәселеге қатысты Алматы қаласы әкімдігіне сауал жолдап көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жолдағы кептілісті азайту үшін салынған жаяу жүргіншілерге арналған көпірдегі жеделсатылар мүлде істемейді. Салдарынан арбамен баласын сүйреп жүрген ана, таяқпен әрең жүрген қариялар бір бағыттан екіншісіне өткенше атсоқты күйге түседі. Massaget.kz тілшісі тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, осы мәселеге қатысты Алматы қаласы әкімдігіне сауал жолдап көрді.

Мәселенің мән-жайына үңілу үшін қаладағы сауда орындарының бірінің маңындағы жер үсті көпірлеріне бардық. Байқауымызша жас та, жасымыс та көпірден қиындықпен өтеді.

Фото: Ернар Алмабек

Солардың бірі зейнет жасына жеткен Альмира Әлпейіс. Таяқ ұстаған апамыз мұндай жағдайға жиі тап болатынын айтып, "жеделсатыларды іске қосса біз секілде қарияларға үлкен көмек болар еді" дейді.


Фото: Ернар Алмабек

"Мен өзім бұл сауда орнына аптасына бір рет келемін. Лифттерге мүлде отырып та көрмеппіз. Істетіп қойса жақсы болар еді. Адамның жасы келген сайын сай-сүйегі сырқырап ауыра бастайды. Баспалдақпен көтерілмек түгілі, жаяу жүрудің өзі ауыр", - дейді апа.

Көпір салғанда жеделсаты орнатып, артынша оны бұқараның қажетіне жаратудан жалтарған әкімдік жауапкершілікті Алматы қаласының коммуналдық меншігіне тапсырып, әрі қарай Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына оперативтік қызмет көрсетуге берген.

Материалдық толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer