1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости мира
  4. Азия

97 жастағы әйел жазылды. Оңтүстік Корея коронавируспен қалай күресіп жатыр?

  • 1
Фото: Reuters Фото: Reuters

COVID-19 жаппай тарала бастағанда Оңтүстік Корея қауіпті елдердің алдында тұрды. Бір күнде мыңға жуық адам тіркелгенде ел үкіметі қатаң әрі шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Ең тиімдісі - контактсыз тестілеу, жұқтырғандармен байланыста болғандарды тез анықтау және оқшаулау. Әйтсе де, Кореяда індет толық жойылған жоқ. Бұл елдегі жағдайды Tengrinews.kz тілшісі баяндайды.

Қазір жағдай қалай?

Оңтүстік Корея медицинасы дамыған елдердің көшінде тұр. Бүгінгі ресми деректерге қарасақ, 10 331 адам COVID-19 індетін жұқтырған. 6694 адам жазылып, 192 адам қайтыс болған.

Кореяда COVID-19 эпидемиясы, негізінен, елдің белгілі бір аймағында және бір діни топтың ішінде тарады. 30 наурыздағы ресми деректерге сүйенсек, жұқтырғандардың 58,7 пайызы Синчхонджи шіркеуіне, ал 82 пайызы Тэгу қаласының (Солтүстік Кёнсан) тұрғындарына қатысты болып шықты.

29 ақпанда пик болды

Бұл күні коронавирус індетін жұқтырған 909 адам тіркелді. Бірақ содан бері төмендеп келеді. 15 наурыздан бастап алғаш рет 100 адамнан азайды. Қазір енді күнделікті тіркелетін адамдардың саны осы деңгейдің шамасында.

Алайда шетелге саяхаттап келгендердің арасындада COVID-19 жұқтырғандар саны артып келеді. Мысалы, 30 наурызда шеттен келген 476 адамнан анықталды.

Корея үкіметінің COVID-19 вирусын бақылаудағы стратегиясы - тұрғындар жылжымалы талдау станция арқылы тест тапсыру, қарым-қатынас жасағандарды тез табу және науқастарды аурудың бастапқы кезеңінде тез емдеу. Яғни, жұқтырғандардың ауруы асқынбай тұрып емдеу.

Негізінде, стратегияның басты бағыты тестілеу болып тұр. Қазір тәулігіне 20 000 тест жасалады. Бүгінге дейін 450 000 мың тест алынды және әрі қарай да қарқынды жасалып жатыр. Кореядағы 118 тексеру мекемесінде COVID-19 анықтау үшін тест жасатуға болады. Олардың ішінде Корея ауруларды бақылау мен алдын алу орталығы, 4 ұлттық карантин станциясы, 18 қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ 95 жекеменшік медициналық лаборатория мен аурухана бар.

Жылжымалы талдау станцияларының ерекшелігі

Корея үкіметі науқастарды анықтау үшін уақытты үнемдеу жағын қолға алды. Жылжымалы талдау станциялары пайда болды. Тұрғындар көлікпен жылжымалы талдау станцияларына барады, медқызметкермен әйнектің ар жағынан байланыс жасап, анализ тапсырады. Осы талдауға бар-жоғы 10 минут кетеді. Бұл бұған дейінгі талдауға кететін уақытты 3 есе жылдамдатты және "скрининг-орталықтарда жасалған екі мүмкіндікпен салыстырғанда" жылжымалы талдау станцияларында 6 сынама өткізуге мүмкіндік берді. Осылайша, наурыз айының соңынан бері Кореяда 79 жылжымалы талдау станциялары жұмыс істеп жатыр.

Кредит картасы, бейнебақылау камерасы, телефонның GPS деректері карантиндегі адамдарды бақылауға мүмкіндік берді.

Үкімет науқастармен байланыс жасаған адамдарды жіті тексереді. Олардың кредит картасы арқылы жасаған төлемдерін, қаладағы бейнебақылау камерасындағы жазбаларды және ұялы телефонының GPS деректерін пайдаланады. GPS деректерді біздің ішкі заңнамаға сәйкес керек кезде қолданады.

Науқастармен байланыста болғандар және өздігінен оқшауланған азаматтар күніне екі рет өздерін бақылай алады. Және олар жеке карантин режимін бұзса бірден хабарлама келеді. Сондай-ақ телефондағы GPS арқылы олардың қайда екенін қарап отырады. Бұған оқшауланған тұлғаның өзі рұқсат етеді.

97 жастағы әйел COVID-19 індетінен толық айығып, вирусқа қарсы тұра алған ең кәрі адам болып рекорд орнатты.

Кореяда COVID-19 індетінен қайтыс болғандардың деңгейі, салыстырмалы түрде, өте төмен - 1,64 пайыз және көбіне егде жастағы адамдар мен қандай да бір ауыр не созылмалы ауру бар адамдар қайтыс болған.

Қайтыс болған науқастардың 79 пайыздан астамы - 70 жас және одан үлкендер. Әзірше дейін 29 жасқа дейінгі тұлғалар жоқ. Тек 30-49 жас аралығында 2 адам қайтыс болды. Жастардың арасында (49 жасқа дейінгі) өлім көрсеткіші өте төмен - 0,036 пайыз.

Жалпы алғанда Корея үкіметінің тестілеу, мәліметтерді қадағалау және емдеу стратегиясы, сондай-ақ азаматтардың өзін оқшаулауы, жеке гигиенаны сақтауы, ерікті түрде тест жасауы, әлеуметтік дистанцияны сақтауы COVID-19 вирусының таралуын бәсеңдетті. Үкімет спорттық, діни, ойын-сауық жиындарына тыйым салды. Жабық ғимараттарда шара өткізуге болмайды. Сондай-ақ бетперді тағуды міндеттеді және қарым-қатынас жасаған адамдардың барлығын біліп жүру керек деп ескертті.

Корея үкіметі елдегі COVID-19 жағдайы туралы ақпаратты қалай таратады?

Үкімет COVID-19 туралы ақпаратты шұғыл және ашық жариялайды. Елдегі жағдай туралы халықаралық деңгейде де толық ақпарат беріп отырады. Бірінші күннен бастап, Апатпен күрес және қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының штаб-пәтерінде баспасөз үшін күніне екі рет брифинг өтеді. Ал түстен кейін ым тіліне синхрон аударма арқылы өтеді. Бұл брифингтер интернет арқылы тікелей эфирде ағылшын тіліне синхрон аудармашымен халықаралық көрермендер үшін көрсетіледі.

Шеттен келгендерге денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері 14 күн бойы хабарласып, олардың жағдайын бақылап отырады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ - авт.) ұйымының ұсынымына сәйкес, Корея үкіметі трансшекаралық тасымалдармен байланысты қауіптермен жақсы күресіп жатыр. Мұның ішінде елге ешкімді кіргізбеу тәртібі де бар.

Сондай-ақ, елге келген саяхатшыларды бақылау және қадағалау шараларын күшейтті. ДДСҰ ұйымының пандемия туралы декларациясынан кейін 19 наурыздан бастап Кореяға шеттен кіретін барлық саяхатшы, қай елдің азаматы болмасын, "Кіруге және өзін талдауға арналған арнайы процедура" мобиль қосымшасы арқылы өтетін болды. Ол жерде не көрсету керек? Негізінде бұл елге кіруге арналған арнайы рәсімдеу. Ол үшін адамдардың безгек ауруы бар-жоғы тексеріледі, иммиграция қызметіне медициналық анкета және елге кіру туралы арнайы декларацияны көрсету керек. Саяхатшылар өз байланыс деректері және Кореяда қалатын орнын елге кіру туралы декларациясында жазуы керек. Содан кейін олар смартфонындағы осы қосымша арқылы 14 күн бойы өз денсаулығының жай-күйін хабарлап отыруы керек. Егер екі күн қатарынан COVID-19 белгілері байқалса, жергілікті атқару органдары тиісті шара қабылдайды. Ал шекарадан кіріп, кейін денсаулығы туралы ақпарат бермеген адамдарды денсаулық сақтау органдары қадағалайды және денсаулығын біліп отырады. Ал телефонына аталған қосымшаны жүктей алмайтын, не пайдалануды білмейтіндерге кол-орталық қызметкерлері 14 күн хабарласып, жағдайын тексереді.

30 наурыздан бастап Кореяға кіретін, Кореядан шығатын рейстер жолаушылар ұшаққа отырғызылмай тұрып, олардың дене температурасы тексеріледі. Дене қызуы 37,5 градустан асып тұрғандар бортқа отырғызылмайды. Бұл шара Кореяға COVID-19 індетінің сырттан келу фактісін азайту және халықаралық рейстегі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.

Сондай-ақ коронавируспен ауырған науқастармен байланыс жасаған азаматтарға 14 күні елден кетуге болмайды.

Инчхон халықаралық әуежайы "COVID-19-дың еркін әуежайы" болғысы келетінін жариялағаннан кейін әуежайдан шыққысы келетін жолаушылар толық температураны мониторинг жасайтын үш қадам бағдарламасын қосты. Тағы Кореядағы әуежайларда дезинфекция шаралары күшейді.

Материалды дайындауға қолдау көрсетіп, ақпарат берген
Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ким Дэсик мырзаға алғыс білдіреміз

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!