09 июня 2019 | 10:07

"Елде жүргендей болдық". Қазақстандық Головкин - Ролсс жекпе-жегіндегі атмосфера жайлы

Тәуірбек Бозекенов. Головкин - Ролсс жекпе-жек кешінде

Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Геннадий Головкиннің канадалық Стив Ролсспен кездесуіне барған қазақстандық Тәуірбек Бозекенов Tengrinews.kz тілшісіне жекпе-жектің атмосферасын, отандасымызға қандай қолдау көрсетілгенін айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Геннадий Головкиннің канадалық Стив Ролсспен кездесуіне барған қазақстандық Тәуірбек Бозекенов Tengrinews.kz тілшісіне жекпе-жектің атмосферасын, отандасымызға қандай қолдау көрсетілгенін айтып берді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңген

Реклама
Реклама

"Шыны керек, Қазақстанда отырғандай болдық. Қазақтар өте көп. Қазақстанның көк туында сан жоқ, 30-дан аса ту көрген шығармын. Барлығы бірдей "Гена!" деп айқайлағанда күшті сезімде болады екенсің", - дейді ол.

Оның айтуынша, басқа штаттардан келген қазақтардың қарасы қалың болыпты. Ал танымал қазақстандықтардың ішінде ол актер Артур Төлеповті байқапты.

Сонымен қатар, ол америкалықтардың Геннадий Головкинді қалай құрметтейтініне тоқталды.

"Залдағы көрерменнің 80 пайызы Генаға қолдау көрсетіп отырды. Барлығы Генаны сыйлайтынына көзім жетті, қай-қайсы да "GGG" деп, ұрандатып жүр. Оның ішінде қара нәсілділер өте көп. Менің ойымша, бұлардың бәрін Головкин жеңетін болғандықтан емес, нағыз бокссүйер жанкүйерлер деп айтар едім. Біз ту ұстап отырсақ, қазақтың туымен суретке түскісі келіп, өтініш айтқан америкалықтарға таңғалдық", - дейді Тәуірбек.

"Құрметі мен жұлдыз деп санайтыны соншалық, андеркарттағы жекпе-жектер кезінде Головкиннің киім ауыстыру бөлмесінен кадрлары үлкен экраннан көрсетілген сайын зал көтеріліп кетіп, ел шулап жатты. Бір айта кетерлігі, андеркарттағы 5-6 жекпе-жекте зал бос болған, Ал Генаның кездесуі басталар кезде залда ине шаншар жер қалмай қалды. Сөздің шыны керек, көбі кішігірім жекпе-жекті емес, Генаның жұдырықтасуына келді. Біз басында ерте келіп алып, "мына зал тола ма, толмай ма" деп отырған едік. GGG шыққан кезде жұрттың отандасымызды қалай супержұлдыз санайтынын, қалай құрметтейтінін көрдік", - дейді ол.

"Сосын бір кереметі, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалған кезде бүкіл зал орнынан тұрды. Әнұранға емес, шетелдіктер Генаға деген құрметін осылай көрсетті деп ойлаймын. Тіпті америкалықтардың кейбірі жүрек тұсын ұстап тұрғанда таңғалдым. Олардың отандасымызға көрсеткен құрметіне тәнті болып қайттым", - дейді қазақстандық.

Оның айтуынша, жекпе-жекті теледидардан көру бір басқа да, залда отырып көрген бір басқа. 

"Залға арнайы барып көрсең, жаның шығып кете жаздап жанкүйер болады екенсің. Қазақстанда туғаныңды мақтан тұтатын сезімдерге бөленесің. Жалпы сыртта да, іште те, Головкиннің, Қазақстан туының суреттері бар футболкалар, бас киімдер және сондай тауарлар көптеп сатылып тұрғанда құдды бір Қазақстанның үлкен бір жарнамасы секілденіп те кетті", - дейді Тәуірбек Бозекенов.


Суреттер Тәуірбек Бозекеновтің жеке мұрағатынан

Еске салайық, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңген еді. Головкиннің Ролсспен жекпе-жегі DAZN-мен үшжылдық алты кездесуінің біріншісі және Джонатан Бэнкстің бапкерлігімен өткізген бірінші жекпе-жегі.

Ал бұған дейін Геннадий Головкиннің осы кездесуден алатын кепіл гонорары анық болған еді. GGG 2 миллион доллар алады, бірақ ESPN мен тағы да басқа басылымдар оның осы кездесудегі жалпы табысы 15 миллион болатынын хабарлаған. Канадалық болса 300 мың доллар алады, бұл 35 жастағы канадалықтың карьерасындағы ең жоғары гонорар.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная