Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 сентября 2020 14:34

Шетелде баспаналы болу үшін қандай жағдай жасалған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Тұрғын үй, баспаналы болу мәселесі кез келген елде өзекті. Әр елде тұрғын үй мәселесін шешуге арналған түрлі бағдарлама бар. Мысалы, қазақстандықтар 2021 жылдан бастап зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін белгілі бір санаттағы азаматтар БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін үй алу үшін қолдана алады. Шетелде баспаналы болу үшін қандай жағдай жасалған? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Тұрғын үй, баспаналы болу мәселесі кез келген елде өзекті. Әр елде тұрғын үй мәселесін шешуге арналған түрлі бағдарлама бар. Мысалы, қазақстандықтар 2021 жылдан бастап зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін белгілі бір санаттағы азаматтар БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін үй алу үшін қолдана алады. Шетелде баспаналы болу үшін қандай жағдай жасалған? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

АҚШ

Америка Құрама Штатында тұрғын үй мәселесі әр штатта әртүрлі. АҚШ федералдық билігі қолжетімді баспана алу үшін субсидия береді. Қаржылай көмек үй иелеріне ипотекалық несиелер бойынша салық шегерімдері түрінде беріледі.

Табысы төмен үй шаруашылығына федералды үкіметтен берілетін тұрғын үй көмегін үш бөлікке бөліп қарастыруға болады:

- Субсидия негізінде "жалға алушылар";

- "Жоба негізідегі" субсидиялар, қол жетімді мөлшерлеме бойынша табысы төмен адамдарға жалға беріледі;

- Мемлекеттік баспана - әдетте мемлекетке тиесілі және мемлекеттің бақылауындағы үйлер.

Қытай

Тұрғын үйдің қымбат болуы - Қытайдың ірі қалаларындағы негізгі мәселенің бірі. 2005 жылдан бастап тұрғын үйлердің бағасының күрт өсуі жалақысы орташа және төмен отбасыларға ауыр тиген, себебі 2004 жылы тұрғын үй бағасының өсу қарқыны 17,8 пайыз болған екен. 

Қытайдағы қолжетімді баспана бағдарламасы табысы орташа және төмен отбасыларға арналған. 1998 жылы Құрылыс департаменті Қаржы министрлігімен бірлесіп "Қол жетімді қалалық тұрғын үй құрылысын басқару әдісі" бағдарламасын ұсынған. Ол жылдық табысы 30 000-70 000 юаннан аз, отбасындағы адам санына және нақты аймаққа байланысты болған. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы тұрғын үйді (әдетте 60-110 шаршы метр) қол жетімді бағамен (әдетте нарықтық бағаның 50-70 пайызда) ұсынады.

Housing Provident Fund бағдарламасы қол жетімді баспанаға арналған тағы бір бағдарлама. Қытай бұл бағдарламаны республика бойынша 1995 жылы енгізген. Бағдарлама арқылы ақша жинап, баспанаға қол жеткізуге болады. Сондай-ақ НРF зейнетақы шотына байланысты субсидияланған жинақ бағдарламасын, ипотека бойынша субсидияланған мөлшерлемелерді және тұрғын үй сатып алу кезіндегі жеңілдіктерді қамтиды.

Нидерланд

Kazned.ru сайтындағы мәлімет бойынша, Нидерландта жалға берілетін тұрғын үй үлесі жоғары. Жылжымайтын мүліктің 55 пайызы голландықтардың жеке меншігінде. Қалғаны пәтерді жаға беретін мемлекеттік және қоғамдық қорлардың үлесінде. Тұрғын үйді жалға беруді субсидиялаудың қалыптасқан жүйесі бар: ол азаматтардың табысына қарай мемлекет пәтерді жалға алу шығындарын өтейді. Жалға беру секторының дамып кеткеніне қарамастан соңғы уақыттары Голландияда арзан жалдамалы пәтерлер жетіспейтін көрінеді. Ол тұрғындардың 20 пайызын құрайтын студенттер мен иммгранттарға қатты әсер етеді екен. 

Ирландия

Ирландияда 2011 жылға дейін қолжетімді баспана схемасы болған. Олар алғаш рет пәтер сатып алатын адамға жаңадан салынған пәтерлер және нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен пәтерлерді сатып алуды ұсынған. Сөйтіп олардың орнын жаңа схема алмастырған:

Ирландияны қалпына келтіруге арналған тұрғын үй несиесі (Iasacht Tithíochta Atógáil Éireann): жаңадан сатып алушылар үшін төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен (2-2,25 пайыз) ипотекалық несиелер;

Қол жетімді сатып алу схемасы: жергілікті билік құрылысшыларға қол жетімді үйлердің құрылысын жеңілдету үшін мемлекеттік жерді арзан бағамен немесе тегін ұсынады;

Жалға алу схемасының қол жетімді түрі: жалға берушілерге аз пайда келтіре отырып, жалдау ақысы төмен тұрғын үй беру үшін "ақылы жалдау" моделін қолданады.

Франция

Франциядағы әлеуметтік тұрғын үй санатына "Ашелемдер" (HLM) жатады. Яғни әлеуметтік тұрғын үй деген - 80 шаршы метр 4 бөлмелі пәтер, шамамен 2-3 адам тұрады. Алайда оған қол жеткізу де оңай емес екен.

Жалғызбасты адам Париждегі аудандардың бірінде үй алғысы келсе, оның айлық табысы 2100 еуро болуы керек. Сол адам провинциядан алса 1900 еуродан аз болмауы керек. 4 адамнан тұратын отбасы Париждың шет аймағынан пәтер алғысы келсе айлық табысы 4600 еуро, ал қалған өңірлерде 3600 еуро болуы керек. Табысы сәйкес келгендер муниципалитеттің кез келген бөлімшесіне барып, құжатын өткізе алады. Тізімде миллиондаған адам тұрғандықтан француздар кезекте 6-7 жыл тұруы мүмкін. Сондай-ақ тізімде қалатынын жыл сайын растап отыруы керек.

Әлеуметтік тұрғын үйдің ай сайынғы төлемі үйдің сапасына байланысты. Әдетте ондай үйлердің бағасы нарықтағы бағадан екі есе төмен екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети