Пандемия кезінде халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау мақсатында Елбасының бастамасымен құрылған Біргеміз қоғамдық қоры еліміздегі қайырымдылық шараларының брендіне айналып кеткендей. Біргеміз қоғамдық қоры өз мақсатын толық жүзеге асырып жатыр. Осының бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін.
Қиын сәтте ел болып бірігіп татулығымыз бен бірлігімізді көрсете алдық деп ойлаймын. Осы тұста Елбасы және Нұр-Отан партиясының жасап жатқан қолдауына үлкен алғыс білдіремін. Әрдайым халықпен бірге екендіктеріңіз қуантады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен біргеміз қоғамдық қоры Достық ауылының тұрғындарына арнап 20 үй салуға 340 миллион теңге бөлген еді, міне нәтижесін көріп отырмыз. Қысқа уақыт аралығында ауқымды істер атқарылып 20отбасы қоныс тойын тойлауда.
Осындай жақсы көрсеткіш көрсетуі ол партияның жасаған жұмысының нәтижесі, жемісі деп ойлаймын. Қазір адамдар өз пікірін толық білдіріп, кімнің қандай екенін ашық айта алады. Бұл нәтижемен келісемін, сөзсіз партияның алда екеніне сенемін.
Нұр-отан партиясы биылғы жылы ерекше жұмыс жасап жатыр, праймериз яғни партияішілік сайлауды елімізде бірінші болып өткізіп саяси жаңалық енгізіп жатыр.
Елдегі ең белсенді партия Нұр-Отан партиясы екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар деп ойлаймын. Қай кезде болмасын халықтың жағдайын жақсарту үшін барынша атсалысып жүр.
Партиялықтар праймериз біте салысымен қызу жұмысқа кіріскені көрініп тұр, әр өңірге жасап жатқан іссапары өте орынды деп есептеймін, жергілікті жерді көріп, танысып, көтерілген мәселелерді талқылап жатқандары орынды.
Халықтың пікіріне құлақ асып елді аралап, жағдаймен жеке танысып жүрген Бәйбек мырзаға рахмет! Сайлауалды бағдарламалар мерзімінен бұрын орындалады деп ойлаймын.