Осы уақытқа дейін мұндай індет шықпаған. Жарқанатта, басқа да аңдар миллиондаған жылдардан бері адаммен араласып өмір сүріп келді. Аштық болған кездері адам не жемеді дейсің? Егер сол аңды жегеннен осы вирус пайда болса неге миллиондаған жылдардан бері мұндай вирус адамдар арасында тарамаған? Тарихта табиғатпен тікелей байланысты талай індет болды. Адамдарды ақымақ көреді? Құйтырқы саясаткерлер, залым ғалымдар түрлі сынақтар жүргізіп жатқаны өірік емес. Лабораториялар осының айғағы. Эбола, құс тұмауы т.б. вирустар адамзаттың араласуымен табиғатта таралып жатқан вирустар екенін саясаткерлер жасырғысы келеді. Бактериялық қарулар сынайтын лабораториялардың пайда болғаны кеше емес. Адамзатты қырып-жоюмен айналысатын есі ауып кеткен ғалымдар көп. Бүкіл әлемнің көзі ашық белсенділері бірігіп, осы табиғаттың құбылысын өзгертуге әрекет етуді мақсат қоятын лабороторияларды жоюды, ғалымдарды есепке алуды, залым саясаткерлерді халықаралық сотта жариялы түрде жауапқа тартуды талап етуі керек.
Жағдай өте күрделі көп адамдар ковидпен ауырып жүр. Көп жағдайда адамдар аяғында жүріп, емделуде. Науқастардың қал-жағдайы иммунитетінің күшіне байланысты болып тұр. Әрине өткен жылғыға қарағанда елде дәрі-дәрмек жеткілікті. Адамдарда өз жағдайларын бақылап, қатты қысылмаса дәрігерге жүгінбейді. Мұны Президенттің білгені дұрыс. Бізге жалған цифрдан не пайда? Адамдардың өмірі мен денсаулығы қымбат. Тездетіп шетелдік вакциналармен қамтаиасыз етіп, әрбір адамға таңдау мүмкіндігін жасау керек.
Орындалмайтын шешімдер. Бюракратия, пайдасы жоқ ұйымдар мен кездесулер. Қанша ақша жұмсап бос сөйлегеннен бар суды тиімді пайдаланбаймыз ба? Алақан жайып су сұрап жүрміз. Су үшін соғысуға дайын ол елдер. Көксарай салып, суды құмға сіңіріп жатырмыз. Аралдың тағдырын адам шешуі қиын мәселе. Қолда барды жасамай отырмыз. Аралдың , Сырдарияның төменгі сағасында тұрамыз. Жағдай күрделі. Сағадағы су ішеді, төмендегі у ішедінің кері болып отыр. Кезінде халықтың пікірін тыңдамады. Қоғамдың тыңдау ұйымдастырып, Аралдың жағдайын бірнеше жыл зерттеу керек еді. Пысықтар мен жылмақайлардың сөзі өтіп кетті. қарсы болғандар жаудай көрінді.
Басқа қолынан не келеді. Облыста әкімнің бары не жоғы біліне бермейді. Кешегі өтірік цифрлар, көзбояшулық жұмыстар. Әкім біткеннің айтатын шыны зауыты ( бітуге әлі ауы мен бауы бар), шаруалардың өздері үшін егетін күріші, Аралдан шығатын тұзды өндіруге қатысты қосымша цехтар сияқты ауыз толтырып айтуға тұрмайтын кәсіпкерлердің тіршілігі ғана. Жаңа әкім тағайындалса елеңдеп үміттеніп отырамыз. Уақыт керек деп өзімізді жұбатамыз. Сол баяғы жартас.Отырып өкпе айтудан басқа қолдан келетін амалым жоқ
Отыз жылдан бері қазақ тіліне жасалған қастық саясаттың салдары емес па? Осыдан кейін жастар қазақ тілін үйренуге ынталы ма? Тәуелсіз қазақ елінде ұлты қазақ, жас азаматтардың өз ана тілін білмеуі және оған ұялмауы әрине қасірет. Заңды да сақтамайды, ұлт алдындағы міндетін орындамайды. Бұл немқұрайлы, менсінбеушілік пе? Сөз жоқ. Біз өзге ұлт өкілдерінен ұяламыз, осы сияқты шала қазақтар үшін.
Бұл тек осы жылы болып отырған проблема емес. Сырдария өзені көп жылдардан бері азайып келеді. Әсіресе соңғы жылдары өңірде құрғақшылық болып тұр. Негізгі себептердіңбірі- Көксарай су қоймасымен байланысты. Бұрын Шардара су қоймасында 5 млр куб дейін су жинап алып, су аз кезде есеппен төменге жіберіп тұратын еді. Қәзір ол ескірді, суды көп жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал Көксарайға жіберілген су жерге сіңіп, ысырап болуда. Елді су алады деп үрейленіп, енді сусыз отырмыз. Су жағасына ел қоныстанбау керек. Судың жолын бөгемеу керек. Су тіршілік көзі, береке. Көксарай салынбаған кезде Аралға су келе бастап еді, қалай салынды, солай теңіз қайта бастады. Қолдан жасалған проблема.
Сын орынды айтылған. Мұны сауаты бар экономистер мен финансистер, аналиьиктер қолдау керек еді. Үкіметтің есебіндегі көрсеткіштер (сандар мен цифрлар) шындыққа сәйкес келе бермейді. Көрсеткіштер қолдан бұрмаланып жасалады. Қазақстанның түбіне жететін осы көзбояушылық пен жалған көрсеткіштер болады. Әр үкімет, одан қалды әр жаңа тағайындалған әкім жұмыстарын жақсы жағынан көрсету үшін цифрлық көрсеткіштермен манипуляция жасау арқылы елді алдап келеді.
Газ саласында тәртіп те бақылау да жоқ. Газ балондары тексерілмейді. Әлі қанша қауіпті газболандары пайдаланылып келеді? Газбалондарын сататын жеке кәсіпкерлерде жауапкершілік жоқ. Қызылордада газ бизнесі көп пайда әкеледі. Құмкөлдегі мұнайдан өндірілетін попутный арзан газ арзан бағамен сатылудың орнына бизнесмендерге бөлініп беріледі. Олар ол газды балонға құюдың орнына АЗС-тер арқылы қымбат бағаға сатады. Мұны үлкен кісілер қорғаштайды
Зейнетке шыққысы келмей, қызметқұмар, креслоға жабысып қалған мансапқұмар полковниктер мен генералдар өздерін ойлап отырған болуы керек. Ал, қарапайым ауыр жұмысты атқаратын майор 52-ге дейін нәтижелі жұмыс атқара алмайды.
Насихат жеткіліксіз. Қазақтан шыққан алғашқы экономистердің бірі. Елде өндірісті дамыту қажеттігін сол кезде қолға алған нағыз өндірісшіл-іскер адам. Ол кісі саясаттан бұрын ел қажеттігін ойлаған тұлға. Әттең қазақтың азғана іскер азаматтарын бір-біріне қарсы қойып, күншілдіктің құрбаны болды.
Мархабат Жайымбетұлына сәттілік тілеймін. Қолы таза, адамгершілігі мол, іскер азамат. Елдің бас проблемасына айналған тұрғын үй саласында Абыроймен көп жұмыс атқарды. бір облысты басқаруға лайықты азамат.