Елбасы бүгінгі жиында партияны Президент басқару қажет екендігін сөз етті. Партия Президентке пандемия кезінде демеу болуы керектігін де айтты. Ұтымды шешім.
Бүгінгі жаңалық саяси аренада айтарлықтай талқылау тудырды. Билікті жүйелі табыстау жолы бар екенін көрсеткен оқиға болды. Елбасына алғысымызды айтамыз.
Елбасының еңбегі ерен. Мемлекеттің іргетасын қалап, мығым елге айналдырды. Партияның тізгінін ел Президентіне табыстайтындығын бүгінгі жиында жеткізді.
Өңірге жасалған сапар уәденің қадағаланып жатқанын білдіреді. Бауыржан Қыдырғалиұлының жеке қадағалауы жұмыстың жедел және оңтайлы іске асуына өз септігін тигізіп отыр.
Партияның жұмысын жандандыру үшін әр өңірдегі ахуалды қарап, қарқынын бақылап, проблемалық дүниелерді көру ең тиімді шешім. Осы тұста Б. Байбектің бастамасы дұрыс бағыт деп есептеймін.
Партияның сайлаудағы уәдесіне сәйкес жол картасындағы мәжелер орындалып келеді. Балаларымыздың бақытты болу жолында мықты жобалар қамтылғанына қуаныштымын.