Халықтың сенімін алу үлкен жұмысты талап етеді. Партия осы уақытқа дейін халықтың сенімі үшін қызмет етіп келеді, әрмен қарай да дәл осы қарқында жұмыс жасайды деп сенемін.
Пандемия кезінде Елбасының бастамасымен құрылған қор осы уақытқа дейін 650 мың отбасына 50 мыңнан көмек көрсетті. Үлкен жұмыс атқарылды. Осы көмек арқылы азаматтар үйіне бір үзім нан апарса, дәрі-дәрмек алса, үйіне жылулық сыйласа, біз ойлаған нәтижеге жеттік деген сөз.