уланған сананы улауды жалғастыру керекпе? Бұл деген өткенімізді, тарихымызды, тіліміз бен тамырымызды білмейтін және мойындамайтындар көп, бұл солардың қатарын көбейтетін программа.....
Бәрі дұрыс, бірақ бізді құртатын дарақылық, дәстүрді білмеу, біз дәстүрді қолдан жасап аламыз, себебі біздің аналарымыз, әпке-жеңгелеріміз дәстүрді білмейді,(әрине бәрі емес) бабалар дәстүрін толық білмейміз (сондықтан бізде ананы көрсе анам сақ, мынаны көрсе мынам сақ, ылғи асыра сілтеу, білгеннің тілін алмау) сондықтан ұлт жанды адамдарымыз осы мәселені (той мен өлімді) республикалық деңгейде көтеріп бір ізге немесе жөнге келтірсе құба құп болар еді. Аллах таағала қазақты тойдан айырмасын. Бабалар дәстүрін дарақылықсыз сақтап, киінгі ұрпаққа таза жеткізуді бұйыртсын.
қазақта ерден кетседе, елден кетпейді деген сөз бар және маңғыстауда жасы келген әжелеріміз (ата жоқ) әлі күнге дейін қайнағаларына сәлем салады осы жағдайды тереңірек қарастырған дұрыспа деймін.
басымды ием, уа жаратушы ием менің елімде осындай ұстаздар мен адамдарды көбейтегөр, жоғардағыларға ынсап берегөр аллам, екі көзім жасқа толып әрең оқыдым......
Ауууу ағайындар сыңсу заманына сай туындаған өте қастерлі әдет-ғұрыптардың бәрі, себебі қыздар аттастырылып, танымайтын адамдар құда түсіп келеді, кей кездері рулар арасындағы ынтымақтастықты сақтау үшін де қыздарды берген, сөйтіп танымайтын бөтен елге кетіп бара жатқан қыз ел-жұртымен сырғып қоштасқан.....
Ағайындар, мен автостоп еуропада дамыған дегенге келіспеймін, себебі мындаған жылдар ұлы жібек жолы бойында жүрген адамдар және ата-бабаларымыз күні кешеге дейін жолда адам қалдырмаған атына мінгестіріп немесе керуенге қосып тегін тамақтандырып қалаған жеріне жеткізіп отырған, қазақта керемет сөз бар сұрай-сұрай МЕККЕ ге баруға болады деген, қысқаша айтқанда .....