07 февраля 2020 | 13:09

"Бірнеше редактор шығарылды". Аша Матай "Қалауым Live" экс-қатысушыларына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қалауым Live" жүргізушісі, әнші Аша Матай экс-қатысушылардың мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қалауым Live" жүргізушісі, әнші Аша Матай экс-қатысушылардың мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін экс-қатысушылар бағдарламадан нақты қанша ақша алып келгенін және сценарий бойынша жұмыс істегенін мәлімдеген. Алайда Аша Матай бағдарламада ешкімнің де жасанды рөл ойнауына жол жоғын және оған жол бермегенін айтып отыр.

Сонымен қатар, әншінің айтуынша, бағдарламаның бірнеше редакторы "ішкі тәртіпті бұзғаны үшін" және "тиісті форматтың шегінен шыққаны үшін" бағдарламадан шығарылған.

"(...) Ешқандай қатысушының бағдарламаға ресми шақырылмағанын, олардың өз еріктерімен келгенін, және оларға ешқандай жасанды рөл атқаруды ұсынбағанын мәлім етті (телеарна өкілдерінің сөзін айтып отыр - Авт.). Ал, өзім жүргізіп отырғанда мен ешкімнің эфирде жасанды рөл ойнауына жол бергенім жоқ, бермеймін де. Ондай жасанды мінез көрсеткен қатысушыларды талай рет ескерту жасап, тиісті орнына қойғанмын, оны телеарна ұжымы, қатысушылар және көрермендер жақсы біледі. Сіздерге анық менің айтарым, "Қалауым Live" бағдарламасында қатысушыларға және үміткерлерге ешкім жасанды рөл ойнауды ұсынбайды, олай біреу айтқан болса, ол жалған және шындыққа жанаспайды. Бұған көз жеткізу оңай! Келіп қатысыңыз, көресіз, білесіз, көзіңіз жетеді менің айтқаныма. Сондықтан, өсек-аян, жала, алып-қашпа әңгімеге сене бермеңіздер", - дейді ол.

Ал бұл әрекеттер, оның пікірінше, келіспеушіліктен туындаған, эмоциядан немесе жай ғана қызғаныштан туындауы мүмкін.

"Кімнің аузына қақпақ қоямыз. Жалпы осы бағдарламаны көргісі келетіндер көрсін, көргісі келмейтіндерді ешкім зорламайды, әркімнің өз пікірі өзінде болғаны дұрыс. Тек мәдениетті болуға тырысайықшы. Өз басым, осы уақытқа дейін ешкімді, өнер адамдарын, телевидение немесе басқа бағдарламаларды жамандап көрмеппін, ұсақ PR, ұсақ бедел жинағанды жеккөремін. Және де ешкімге ренжімеймін, бәріміз пендеміз, құдайдың құлымыз, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екеніне тек Жаратушы Иеміз төреші!", - деп жауап берді Аша Матай.

Алайда ол бағдарламаға қатысушыларға әр эфирде 6250 теңге төленеді деген айыптауға жауап бермеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті «Қалауым Live” бағдарламасының көрермендері! Менің бірталай уақыттан бері сәбилі болуыма байланысты демалыста екенімді білесіздер. Бағдарламаны басқа жүргізушілер жүргізуде. Алайда, соңғы кезде бағдарламада болған оқиғалар мені де алаңдатып отыр. Ол бағдарламадан редакторлардың және бірнеше қатысушылардың кетуі. Осы мәселе бойынша мен телеарнаға телефон шалып бар мәселені білдім. Телеарнаның “Қалауым live” бағдарламасының басшыларының айтуынша, осы кеткен редакторлар мен қатысушылардың ішкі тәртіпті бұзып, тиісті форматтың шегінен шыққаны үшін келіспеушілік болып, бағдарламадан кетірілгенін айтты. Және де ешқандай қатысушының бағдарламаға ресми шақырылмағанын, олардың өз еріктерімен келгенін, және оларға ешқандай жасанды рөл атқаруды ұсынбағанын мәлім етті. Ал, өзім жүргізіп отырғанда мен ешкімнің эфирде жасанды рөл ойнауына жол бергенім жоқ, бермеймін де. Ондай жасанды мінез көрсеткен қатысушыларды, талай рет ескерту жасап, тиісті орнына қойғанмын, оны телеарна ұжымы, қатысушылар және көрермендер жақсы біледі. Сіздерге анық менің айтарым, “Қалауым Live” бағдарламасында қатысушыларға және үміткерлерге ешкім жасанды рөл ойнауды ұсынбайды, олай біреу айтқан болса, ол жалған және шындыққа жанаспайды. Бұған көз жеткізу оңай! Келіп қатысыңыз, көресіз, білесіз, көзіңіз жетеді менің айтқаныма. Сондықтан, өсек-аян, жала, алып-қашпа әңгімеге сене бермеңіздер. Ол келіспеушіліктен туындаған, эмоциядан, немесе жай ғана қызғаныштан туындауы мүмкін. Кімнің аузына қақпақ қоямыз. Жалпы осы бағдарламаны көргісі келетіндер көрсін, көргісі келмейтіндерді ешкім зорламайды, әркімнің өз пікірі өзінде болғаны дұрыс. Тек мәдениетті болуға тырысайықшы. Өз басым, осы уақытқа дейін ешкімді, өнер адамдарын, телевидение немесе басқа бағдарламаларды жамандап көрмеппін, ұсақ пияр, ұсақ бедел жинағанды жек көремін. Және де ешкімге ренжімеймін, бәріміз пендеміз, құдайдың құлымыз, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екеніне тек Жаратушы Иеміз төреші! #АшаМатай

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

Еске салайық, экс-қатысушылар OYBAY SHOW жобасына берген сұхбатында бағдарламадан неге шығып қалғанын, енді немен айналысатынын, сондай-ақ "Қалауым Live" бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін айтып берген еді.

"Бағдарламадағы болмысымыз қазіргі өмірімізге сай келмейді. Өмірге реніші бар, ажырасып келген долы әйелдің рөлінде ойнадым", - деген еді қатысушылардың бірі. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 482.09   532.1   5.08 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети