Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 апреля 2020 13:02

"586 адам істі болды". Қазақстанда соңғы 3 жылда пара берушілер саны артқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

2017-2019 жылдары және биылғы 3 айда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара беру дерегі бойынша 915 қылмысты тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2017-2019 жылдары және биылғы 3 айда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара беру дерегі бойынша 915 қылмысты тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы онлайн-брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов айтты.

Соңғы 3 жылдағы динамика пара берушілерге қатысты қылмыстарды тіркеу деректерінің өскенін айғақтап отыр (2017 ж. - 255, 2018 ж. - 232, 2019 ж. - 342, 2020ж. 3 айы - 86).

"Пара бергені үшін 586 адам істі болды (2017 ж. - 165, 2018 ж. - 198, 2019 ж. - 187, 2020 ж. 3 айда - 36). Оның ішінде 147 адамды бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды, 352 адамға айыппұл салынды, 65 адамға қатысты бас бостандығын шектеу қолданылды", - деді аппарат басшысы.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан айырылған.

Оның айтуынша, талдау нәтижелеріне қарағанда, көп жағдайда жеке компания өкілдері пара берген.

"Олар кәсіпкерлік қызметті қолайлы жүзеге асыру немесе мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою мәселелерін лауазымды тұлғаларды парамен сатып алу арқылы шешеді. Мысалы, 2019 жылы қазан айында "Гренада" ЖШС директоры А. Громченко Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі А. Кисиковқа орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз қабылдау үшін 7 млн теңге сомасында пара бергені үшін бас бостандығынан айырылды (1 жыл)", - деді спикер.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде жемқор шенеуніктер сотталғаны туралы жаздық. Олардың қатарында селолық округтің есепшісі, өрт сөндіру қызметінің басшысы, полиция инспекторы мен басқарма басшысы бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 442.05   490.7   4.74 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети