Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 августа 2018 14:16

Атырау облысында намаз кезінде имамның сөзін бөлген ер адамға айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстративное фото:gorvesti.ru Иллюстративное фото:gorvesti.ru

Атырау облысында намаз кезінде имамның сөзін бөліп, кедергі келтірген ер адам айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылқоға аудандық сотына сілтеме жасап.


Атырау облысында намаз кезінде имамның сөзін бөліп, кедергі келтірген ер адам айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылқоға аудандық сотына сілтеме жасап.

Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы "Бәйтерек" мешітіне жұма намазға келген жергілікті тұрғын имамның ескертуіне қарамастан намазды дауыстап оқыған. Оның нәтижесінде жалпы намаз бұзылыпты. 

Ер адам намаз оқуды интернеттегі қосымшалардан үйренгенін, онда сүре оқылғанда дауыстап "әмин" деп айтылуы керектігі жазылғанын айтқан. Кейін ол дінті дұрыс түсінбегенін және өз қателігін мойындаған. 

"Қызылқоға аудандық сотының қаулысымен ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінде ("Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу") қарастырылған құқықбұзушылық жасады деп танылып, оған 84 175 теңге сомасында айыппұл салу туралы жаза қолданылды", - делінген соттың хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети