1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

"17 орынға 46 үміткер". Сенаттағы жаңа депутаттар кімдер?12 августа 2020, 13:14

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламенті Сенатының 17 депутатын сайлаудың алдын ала қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - елдің барлық облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында мәслихаттардың депутаттары сайлады.

"Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген", - делінген  Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Сенат депутаттарының сайлауын 185 байқаушы бақылады. Оның ішінде: 180 – жергілікті байқаушы, сондай-ақ ТМЫК Миссиясынан 5 халықаралық байқаушы.

Сайлауға бәрі бекітілген 58-ден тек 46 үміткер қатысып жатыр. ОСК хабарлауына қарағанда, тіркеуден кейін 12 депутат кандидатурасын алып тастау туралы өтініш жазған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 4 үміткер, 10 аймақта 3 үміткерден: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қаласы. Қалған аймақтарда 2 үміткерден.

ОСК ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін ұсынды:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы. Дауыстар: 15 (75%)
Оралов Мейрамбай Әскербайұлы. Дауыстар: 3 (15%)
Самамбетов Мәулен Естайұлы. Дауыстар: 2 (10%)

Алматы қаласы бойынша

Захаров Андрей Михайлович. Дауыстар: 0 (0%)
Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы. Дауыстар: 30 (100%)
Нұртаев Тимур Таймасұлы. Дауыстар: 0 (0%)

Шымкент қаласы бойынша

Аюбаева Толқын Полатбайқызы. Дауыстар: 4 (16%)
Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы. Дауыстар: 18 (72%)
Орманов Бектай Нұртайұлы. Дауыстар: 3 (12%)

Ақтөбе облысы бойынша

Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы. Дауыстар: 36 (20.11%)
Қаниев Бауыржан Нұралыұлы. Дауыстар: 143 (79.89%)

Маңғыстау облысы бойынша

Алдашев Сүйіндік Тәсеменұлы. Дауыстар: 87 (87%)
Байжігіт Ербол Бердібайұлы. Дауыстар: 13 (13%)

Жамбыл облысы бойынша 

Борисюк Оксана Валериевна. Дауыстар: 14 (7.91%)
Орынбеков Бекболат Серікбекұлы. Дауыстар: 163 (92.09%)

Қызылорда облысы бойынша

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы. Дауыстар: 102 (77.86%)
Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы. Дауыстар: 4 (3.05%)
Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы. Дауыстар: 25 (19.08%)

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

Могунова Данголе Антонасовна. Дауыстар: 23 (12.43%)
Перепечина Ольга Валентиновна. Дауыстар: 162 (87.57%)

Атырау облысы бойынша

Луқпанов Сағындық Есенғалиұлы. Дауыстар: 86 (82.69%)
Сейілханов Сағын Темірханұлы. Дауыстар: 7 (6.73%)
Смағұлов Серік Мұраденұлы. Дауыстар: 11 (10.58%)

Қостанай облысы бойынша

Карплюк Сергей Алексеевич. Дауыстар: 225 (87.21%)
Коваль Павел Николаевич. Дауыстар: 18 (6.98%)
Коростылев Александр Юрьевич. Дауыстар: 15 (5.81%)

Ақмола облысы бойынша

Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы. Дауыстар: 13 (5.46%)
Бекенов Нурлан Жексембайұлы. Дауыстар: 213 (89.5%)
Жаров Нұрлан Қайырұлы. Дауыстар: 12 (5.04%)

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Аманғалиев Ақылбек Теміржанұлы. Дауыстар: 30 (16.48%)
Бекқалиев Ғалым Ибатоллаұлы. Дауыстар: 24 (13.19%)
Рысбекова Ләззәт Тұякбайқызы. Дауыстар: 128 (70.33%)

Павлодар облысы бойынша

Қайдарова Гүлнәр Шамарқызы. Дауыстар: 16 (8.74%)
Крук Олег Павлович. Дауыстар: 17 (9.29%)
Нұхұлы Алтынбек. Дауыстар: 150 (81.97%)

Түркістан облысы бойынша 

Бектаев Әли Әбдікәрімұлы. Дауыстар: 216 (91.53%)
Көпеев Өрісбай Бұхарұлы. Дауыстар: 20 (8.47%)

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 

Булавкина Ольга Александровна. Дауыстар: 255 (93.07%)
Жұмаділов Нұржан Сайлаубекұлы. Дауыстар: 7 (2.55%)
Панченко Игорь Иванович. Дауыстар: 6 (2.19%)
Старокожев Юрий Александрович. Дауыстар: 6 (2.19%)

Алматы облысы бойынша

Дюсембинов Сұлтан Мырзабекұлы. Дауыстар: 264 (92.63%)
Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы. Дауыстар: 21 (7.37%)

Қарағанды облысы бойынша

Ахмеев Игорь Валентинович. Дауыстар: 17 (6.37%)
Ершов Сергей Михайлович. Дауыстар: 222 (83.15%)
Ляпунов Андрей Васильевич. Дауыстар: 28 (10.49%)

Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істеді:

- таңдаушыларды тіркеу (астана уақыты бойынша сағат 10.00-11.00);

- дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару.

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК Telegram-каналында жарияланды.

Айта кетейік, Сенат депутаттарының уәкілеттіктерінің конституциялық мерзімі қазан айында аяқталды. Сайлау сол себепті өтіп жатыр. 

Республика бойынша тыңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаттары қосылған. Ең көбі Алматы облысында - 317 және Шығыс Қазақстан облысында - 301, ең азы Нұр-Сұлтан - 21, Шымкенті - 26 және Алматы қаласында - 32.

Конституцияға сәйкес Сенатқа әр облыстан екі адамды таңдаушылар (мәслихат депутаттары) сайлайды. Сенатқа он бес депутатты Президент тағайындайды. Сенатқа сайланатын депутаттардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенат депутаттарының уәкілеттік мерзімі - алты жыл.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!