Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 ноября 2019 17:53

200 мыңнан 15 миллион теңгеге дейінгі пара. Өткен айдың атышулы сот істері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен айда Антикоррупция қызметі Қазақстанда ұсталған бірқатар шенеунікке қатысты мәлімет таратты. Елімізде түрлі қылмыспен істі болып, пара алып жатқан жерінен ұсталып жатқан лауазымды тұлғалар аз емес. Tengrinews.kz тілшісі қазан айында ұсталған шенеуніктерді топтастырды.


Өткен айда Антикоррупция қызметі Қазақстанда ұсталған бірқатар шенеунікке қатысты мәлімет таратты. Елімізде түрлі қылмыспен істі болып, пара алып жатқан жерінен ұсталып жатқан лауазымды тұлғалар аз емес. Tengrinews.kz тілшісі қазан айында ұсталған шенеуніктерді топтастырды.

Бір жыл бойы ақшаны заңсыз иемденіп келген

4 қазанда Ақмола облысында жоғары лауазымды екі полицей - Асан Сәдуов пен Сәуле Жұмалина ұсталды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпты деп танылды. 

Соттағылардың мәліметінше, екі полицей бір жыл бойы жүйелі түрде заң бұзып келген, яғни ақшаны заңсыз жолмен иемденген. Ал 7 қазанда Сәдуовтың қызметтен босатылғаны хабарланды.

Асан Сәдуов, Сәуле Жұмалина. © mvd.gov.kz

Айта кетейік, Сәдуов облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары қызметіне 2018 жылдың сәуірінде келген болатын. Оған дейін экс-полицей ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ал ұсталған екінші полицей - Сәуле Жұмалинна 20 жыл бойы ішкі істер органдарында жұмыс істеген.

Пара алған әскери бөлімнің басшылары

8 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Батыс Қазақстан облысында әскери бөлімнің басшылары пара алғанын анықтады.

Сот алдына №5517 әскери бөлім командирінің орынбасары мен осы бөлімдегі бір бөлімнің басшысы келді. Олар жеке компаниядан 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген. Осы ақшаның орнына олар атқарылған жұмыстардың актісіне қол қоюға және ары қарай жұмыс істеуге уәде берген. 

                                                                                     © askeri.sud.kz

"Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен Бақытбек Омаров пара алу бойынша кінәлі деп танылып, жеті жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Қыдыровқа алты миллион теңге айыппұл салынды. Сотталғандарға өмір бойы мемлекеттік қызметте және әскери салада қызмет етуіне тыйым салынды", - делінген еді агенттіктің хабарламасында.

200 мың теңге пара үшін 6 миллион теңге айыппұл салынған шенеунік

Антикоррупция қызметі 8 қазанда Қарағанды облысындағы аудан әкімінің орынбасарын әшкереледі. Ведомстводағылар экс-шенеуніктің 200 мың теңге пара алғанын анықтады.

"Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары - жер комиссиясының төрағасы Б.Қ. Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Осылайша, ол кінәлі деп танылып, 6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, сотталушының мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылғаны хабарланған болатын.

70 миллион теңгемен ұсталған басшы

10 қазанда Шығыс Қазақстан облысында нергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Алмат Арсламбаевтың ақша жымқырғаны әшкереленіп, ұсталғаны белгілі болды.

Алмат Арсламбаев. © yk.kz

Сот мәліметтеріне сүйенсек, Алмат Арсламбаев атқарылған жұмысты қабылдап алудың жалған актісіне қол қойғаны үшін 70,1 миллион теңге пара алған. Осылайша, 9 қазанда Өскемен қалалық  № 2 соттың шешімімен Арсламбаев 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жазадан құтылу үшін судьяға 200 мың теңге берген

12 қазанда Өскеменде судья, қорғаушы және қалалық сот кеңсесінің меңгерушісінің ұсталып, сотталғаны хабарланды. Сот үкімімен судья, қорғаушы және қалалық №2 сот кеңсесінің меңгерушісі 5, 4, және 2,5 жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Сот мәліметінше, істі болған күдікті ауыр қылмысты жеңіл түріне алмастыруға, яғни жазадан біржола құтылып кету үшін судьяға 200 мың теңге берген. Оның бұл пиғылын жүзеге асыруға кеңсе басшысы мен қорғаушы көмектескен.

 

Кәсіпкерден 15 миллион теңге пара алған шенеунік

29 қазанда Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы" ММ басшысын ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұстап, сотқа дейінгі тергеу бастады.

"Шенеунік 2019 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында "Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облыстық өлкетану мұражайы мен М.Ғабдуллин атындағы мұражайдың экспозициясын жаңарту бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден бірнеше рет жалпы сомасы 15 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. 28 қазанда параның қалған 5 миллион 700 мың теңге сомасын алу кезінде күдікті қылмыс үстінде ұсталып, Көкшетау қаласының ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген болатын хабарламада. 

37 мың доллар пара алған шенеуніктерге сот үкімі
 

30 қазанда былтыр ұсталған Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі шықты. Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық № 2 соты Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен министрліктің әкімшілік департаментінің экс-директоры Еренай Дәржібаевты пара алу бойынша айыпты деп таныған болатын.

Сот материалдарына қарағанда, Қуатжан Уәлиев және Еренай Дәржібаев екеуі Қонысбек Ботбайдан ("ҚазАқпарат" баспа корпорациясы" ЖШС президенті) діни тақырыпқа әдебиет басып шығару бойынша мемлекеттік тапсырыс шартын жасау арқылы көрсеткен жалпы көмегі үшін 37 мың доллар мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінген.

Осылайша, сот үкімімен биыл 30 қазанда Қуатжан Уәлиев пен Еренай Дәржібаевқа 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ осы үкіммен Қонысбек Ботбай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз:

Сиыр еті, тезек және кондиционер. Қазақстандық шенеуніктер алған ерекше паралар

"10 жыл орнына 2 ай". Жазасын толық өтемеген атышулы экс-шенеуніктер

Жазасын толық өтемеген атышулы экс-шенеуніктер. 2-бөлім

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети