Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 октября 2019 08:38

Жазасын толық өтемеген атышулы экс-шенеуніктер. 2-бөлім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде түрлі қылмыспен істі болып, кейін мерзімінен бұрын босап шыққан шенеуніктер аз емес. Экс-шенеуніктер түрлі себеппен өз жазасын жеңілдетіп, уақытынан бұрын шартты түрде шығып жатады. Өткен аптада мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан экс-шенеуніктер туралы материал жарияланған болатын. Тengrinews.kz тілшісі материалдың екінші бөлімін ұсынады.


Елімізде түрлі қылмыспен істі болып, кейін мерзімінен бұрын босап шыққан шенеуніктер аз емес. Экс-шенеуніктер түрлі себеппен өз жазасын жеңілдетіп, уақытынан бұрын шартты түрде шығып жатады. Өткен аптада мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан экс-шенеуніктер туралы материал жарияланған болатын. Тengrinews.kz тілшісі материалдың екінші бөлімін ұсынады.

Ескерту! Өтелген жаза мерзімдері сот үкімі шыққан күннен бастап есептелді, сот шешіміне дейін шенеуніктер уақытша ұстау изоляторында немесе үй қамауында отырған болуы мүмкін.

Ержан Өтембаев

20 жылдың орнына - 8 жыл, 9 ай

© vlast.kz

Ержан Өтембаев бұрын Сенат аппаратын басқарған, табысты мемлекеттік қызметкер болған. "Қазақстан-2030" стратегиясын құрушылардың бірі әрі елдегі беделді экономистің басы 2006 жылы үлкен дауға қалды.

Ол саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілерін өлтіруге тапсырыс берді деген күдікке ілінген. Өтембаев кінәсін мойындап, 20 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ал Сәрсенбаевты өлтіргені үшін сотталған отставкадағы полицей Рүстем Ибрагимов 2013 жылы куәлігін өзгертіп, қылмысқа тапсырыс берген басқа адамдар екенін мойындаған. Нәтижесінде келесі жылы Ержан Өтембаевқа қатысты іс қайта жалғасын тапты. Сөйтіп, 2014 жылы ақпанда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-шенеуніктің жазасын 20 жылдан 13 жылға ауыстырған.

Сол жылы Ержан Өтембаев мерзімінен бұрын босатуға өтініш берген, қарашада ол қанағаттандырылып, экс-шенеунік түрмеден шыққан болатын. Өтембаев қалған 4 жыл, 3 айға жуық жазасын шартты түрде өтеді.

Түрмеден шыққаннан кейін ол саясатпен айналысқан жоқ. Былтыр 24 маусымда Ержан Өтембаев 62 жасында дүниеден өтті.

Жақсыбек Күлекеев

3 жылдың орнына - 1,5 жыл 

Жақсылық Күлекеев сот залында. КТК арнасының кадры

Жақсыбек Күлекеевтің мемлекеттік қызметте тәжірибесі көп. Түрлі жылдары ҚР статистика агенттігінің төрағасы, экономика министрі, білім және ғылым министрі болған. Кейін "ҚазМұнайГаз" компаниясының вице-президенті қызметін атқарған. Ал 2007 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының президенті болып тағайындалды.

Экс-министр "ҚТЖ" басшысы болып бір жыл да істеген жоқ. 2008 жылы 1 сәуірде қаржы полициясы оны 100 000 АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстаған. Бірақ сот процесі кезінде оған тағылған пара алу айыбы дәлелденген жоқ. Бірақ экс-шенеунік қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке де ілінген. Сол айып бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты оны үш жылға бас бостандығынан айырған.

2009 жылы 20 қазанда Алматы облысы №2 Жетісу аудандық соты Күлекеевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатты. Осылайша, экс-министр жазасының 1,5 жылын ғана өтеді.

Түрмеден шыққан соң Жақсыбек Күлекеев "ҚазМұнайГазға" қарасты кәсіпорынның атқарушы директоры қызметіне кірісті.

 

Серік Баймағанбетов

10 жылдың орнына - 3 жыл, 2 ай

Серік Баймағанбетов те істі болған министрлердің бірі. Ол 2009-2011 жылдары ішкі істер министрі қызметін атқарған. Кейін Кедендік бақылау комитетінің төрағасы болған.

Экс-министрге қатысты қылмыстық тергеу 2012 жылы басталды. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды және пара алды деген айып тағылған. 2013 қаңтарда Баймағанбетов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, экс-шенеуніктің мүлкі тәркіленді. Үкім бойынша, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.

2014 жылы қыркүйекте Назарбаевтың үкімімен Серік Баймағанбетовтің жазасы 10-нан 5 жылға қысқартылды. Ал 2015 жылы ақпанда Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының соты экс-министрді шартты түрде мерзімінен бұрын босатты. Осылайша, Серік Баймағанбетов ең алғашқы үкімде тағайындалған 10 жылдың 2 жылын ғана түрмеде өткізді.

Мейрам Смағұлов

3 жылдың орнына - 1 жыл, 6 ай


Мейрам Смағұлов сот залында. КТК арнасының кадры

Мейрам Смағұлов Қарағанды облысында ғана қызмет атқарған. 2003 жылдан бастап Сарань қаласының әкімі қызметін алты жыл атқарған. Кейін Қарағанды облысы құрылыс басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

2012 жылы қазанда Смағұлов Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалған. Бұл қызметте ол 2014 жылдың маусымына дейін жұмыс істеп, кейін өз орнын босатқан.

Бірақ көп ұзамай қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін тұтқындалды. Оған 2013 жылы мемлекеттік үйлерді сатып жатқан құрылыс компаниясын өзінің зәулім үйін тегін жөндеп беруге мәжбүр етті деген айып тағылды.

Смағұлов 2014 жылдың маусыманан бері қамауда болды. Ал сот үкімі 2015 жылдың соңында ғана шықты - өңірдің бұрынғы басшысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін аппеляциялық коллегия оның жазасын екі жылға қысқартты.

2016 жылы наурызда Смағұлов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу туралы өтініш жазған, сот оны қанағаттандырды. Осылайша, экс-әкім түрмеде 1,5 жылын өткізді. Ал қалған 5 ай, 18 күн жазасын шартты түрде өтеді.

Анар Мешімбаева

7 жылдың орнына - 4 жыл

© Tengrinews.kz

Анар Мешімбаева ұзақ жылдар бойы Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған. Ал 2007-2009 жылдар арасында ҚР статистика агенттігінің төрайымы болып жұмыс істеген.

2009 жылы халық санағы кезінде Мешімбаева бланктарды дайындауға бөлінген 700 миллион теңгеніқалтасына басты деп айыпталды. Тағы бір эпизод бойынша ол қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Сол сәтте ол Мәскеуге көшіп кеткен. Бірақ 2009 жылы қарашада оған халықаралық іздеу жарияланды.

Осылайша, 2013 жылы қыркүйекте ол Қазақстанға экстрадацияланды. Ал 2014 жылы ақпанда Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен Анар Мешімбаева жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Кейін апелляциялық сот алқасы үкімін күшінде қалдырды.

2015 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рақымшылық туралы жарлығынан кейін экс-шенеуніктің жазасы екі жылға қысқарды. 2018 жылы ақпанда Анар Мешімбаева бостандыққа шықты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети