Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 августа 2020 17:24

"33 өлім". Наурыздан бері 241 тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы тіркелген

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2020 жылғы 16 наурыз бен 5 тамыз аралығында 241 тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Мұндай оқиғаның салдарынан 33 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің ерекше істер жөніндегі аға тергеушісі  Арман Мәтжан айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылғы 16 наурызда төтенше жағдай енгізілгеннен бастап 5 тамызға дейінгі аралықта 241 тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде 33-і адамдардың қаза табуымен, яғни өлімімен аяқталды", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте.

Сондай-ақ оның айтуынша, 2019 және 2020 жылдарда 16 наурыз-31 шілде аралығындағы осындай қылмыс санын салыстырғанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысы 41,7 пайызға көбейген.

"Өткен жылдың ұқсас кезеңіне талдау нақты осы мерзім аралығында жүргізбеген едік. Бірақ біз 16 наурыз бен 31 шілде аралығындағы мәліметтерге салыстырмалы талдау жасаған болатынбыз. 31 шілдеге дейінгі аралықта 237 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 41,7 пайыз көп. Яғни, өткен жылы 16 наурыз бен 31 шілде аралығында 168 осындай қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген болатын", - деді тергеуші.

Еске салайық, елімізде коронавирус пандемиясы 16 наурызда төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети