1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

3,5 мың мұнайшы жұмыстан шығып қалған

Мұнай саласындағы мәселелерге байланысты 3,5 мың мұнайшы жұмыстан босатылған. Бұл туралы Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Hoғаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, мұнайлы өңірлерге барған кездегі басты мәселе мұнай-газ саласында мұнай өндіретін компанияларда және сервис компанияларында адам санын қысқартпау жөніндегі мәселе қарастырылған. 

"Жергілікті әкімдіктер мен министрлік арасында бірлесіп қабылдаған іс-шаралар жоспарына сәйкес қазіргі таңда бұл мәселе министрлік қатаң бақылауында. Біздің ақпаратымыз бойынша, қазіргі таңда 3,5 мың адам мұнай-сервис компанияларынан босап отыр. Әрине, мекеме басшылары алдағы уақытта жұмыс болмауы салдарынан біздің жұмысшыларымыз жұмыссыз қалуы мүмкін деген уәждерін айтып отыр. Дегенмен бірлесіп қарап, өзіндік құнын төмендететіндей жоғарыда аталған мұнай-газ саласындағы сервис компанияларына жалпы осы мәселеге қатысты мекемелердің басшыларын өзіндік құнды төмендетіп, бизнес процестерді оңтайландырып, бірігіп шешім қабылдау керегін тағы да еске саламын.

Қазіргі таңда болашақ кеңейту жобасындағы жұмысшылар маусым айының соңына дейін демалысқа жіберілді. Маусымның соңына дейін олардың жалақылары үздіксіз төленеді. Бұл "Теңізшевройлдың" қызметкерлеріне және мұнай-сервис компанияларының қызметкерлеріне де қатысты", - дейді Нұрлан Ноғаев ОҚК брифингінде.  

Еске салайық, Атырау облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 944-ке жетті. Науқастардың ішінде Теңіз кен орнының жұмысшылары бар. Осылайша кен орнындағы науқастардың саны 809-ға жетті.