Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 апреля 2020 15:30

42 500 теңге қашанға дейін беріледі? Министр өзекті сұрақтарға жауап берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыға қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыға қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін ведомство басшысы 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алу үшін осы уақытқа дейін 5 миллионға жуық адамнан өтінішін түскенін, бұл көмекті кімдер алатынын түсіндірген.

42 500 теңге қашанға дейін беріледі?

Осы орайда министр жәрдемақы қашанға дейін берілетінін айтты.

"42500 теңге төтенше жағдай мерзімі созылған соң, ай сайын төленеді және айдың толық аяқталуына қарамайды. Мәселен 15 сәуір алғашқы ай бітті делік. Алайда төтенше жағдай мерзімін шамамен 1 күнге ұзартылса да, төлем сол айға толық тағайындалады. Өтінішті бір рет берсеңіз жеткілікті. Оның уақыты автоматты түрде ұзартылады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

42 500 теңгені қазақстандықтар 3 жолмен ала алады.

Жәрдемақыны зейнеткерлер мен мүгедектер ала ма?

Біржан Нұрымбетов зейнеткерлер мен мүгедектер 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі барын атап өтті.

"Иә, егер олар төтенше жағдай жарияланғанша қосымша кіріс әкелетін қандай да бір іс жүргізіп, тиісті аударымдар жасаған болса. Мәселен пәтерді жалдауға беріп, бірыңғай жиынтық төлемді (ЕСП) төлеген болса немесе шағын дүкен иесі ретінде жеке кәсіпкер болса. Демек, олар "жеке кәсіпкер" және "өзін жұмыспен қамтушы" санатына енеді", - деді министр.

Студенттерге де көмек беріледі

Сонымен қатар, ведомство басшысы бос уақытында жұмыс істеген студенттер де 42500 теңге ала алатынын жеткізді.

"Егер студент төтенше жағдай режимі енгізілгенше жұмыс істеп, жалдамалы жұмысшы ретінде әлеуметтік аударым жасалған немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде зейнетақы жарнасы болса. Жәрдемақыны алу үшін студент мұны қағаз жүзінде дәлелдеуі мүмкін немесе бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) төлеп, өтініш беруі қажет", - дейді Нұрымбетов.

Баспасөз мәслихаты барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жәрдемақыға өтінішті қайтыс болған адамның атынан беру дерегі тіркелгенін, әлеуметтік төлем неге кешіктіріліп берілгенін түсіндірген.

Сонымен қатар, Нұрымбетов жәрдемақыны декретте отырған аналар алуға мүмкіндігі барын айтқан

42 500 теңге түспесе не істеу керек?

Министр 42 500 теңге уақытында түспесе, 42500.enbek.kz сайтына ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен жеке куәлік нөмірін теру арқылы өтінімнің қаралу кезеңін тексеруге болатынын жеткізді.

Шотты үйде отырып ашуға болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысында 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді үйден шықпай алуға жағдай жасау керегін атап өткен.

"Бұл төлемді алу үшін ешқандай "арнайы" шот қажет емес, кез келген банктің карталық шоты жарай береді. Өтінішті шот дерегін көрсетпей жібере берсеңіз болады. Кейін шотты қосымша жолдауға 1 ай рұқсат беріледі. Ол үшін SMS-хабарламаға жауап беру қажет, - дейді министрлік өкілдері.

Сондай-ақ, қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі коронавирус індетін алдын алу мақсатында қашықтан онлайн шот ашып, төлем картасын алуға болатын 11 банктің тізімін берген: HalykBank, JysanBank, BankRBK, EurasianBank, AltynBank, Банк Хоум Кредит, Сбербанк, ForteBank,  АТФБанк, Альфа-Банк және KaspiBank.

Банктер қарызды ұстап қалмайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны азаматтар толық алуға құқығы бар екенін айтты.

"Ешқандай банк, егер берешек бар болса да, оны 42 500 теңгеден ұстап қала алмайды. Коммуналдық, несие, салық және 10 пайыз зейнетақы жарнасы сияқты әлеуметтік алымдар да ұсталмауы тиіс", - дейді министрлік өкілдері.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы өсетінін, төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматар үшін жәрдемақы алатындардың санатын кеңейтуді тапсырған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети