Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 апреля 2020 17:45

42500 теңге. Министр интернет неге жүктемені көтере алмағанын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Интернет платформаларының жұмысы нашарлады. Мұндай проблема қазір әлемде болып жатыр. Себебі интернетке жүктеме артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернет платформаларының жұмысы нашарлады. Мұндай проблема қазір әлемде болып жатыр. Себебі интернетке жүктеме артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Tengrinews.kz тілшісіне Instagram желісінде берген онлайн эфир сұхбатында айтты.

"Қазір барлық алаңда, әлемдік платформаларда да ақаулар болып жатыр. Себебі жүктеме ауыр. Бізде де сондай болды. Уақытша ақаулар болды. Бірақ мен мынаны айтқым келеді. Уақытша ақау болса да, біз мемлекеттік қызметтерді көрсетіп отырмыз. Бүгінде 4,6 млн мемлекеттік қызмет электронды үкімет каналдары арқылы өтті. Бұл - электронды үкімет порталы, бұл - 42 500 теңгені алуға қызмет ететін Telegram бот", - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылдың басында көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек берілген кезде 340 мың адамға қызмет көрсетілген. Ал, қазіргі 42 500 теңге жәрдемақыны алуға цифрлық технологиялар бұл көрсеткіштен 10 есе көп адамға қызмет көрсеткен.

"3 миллион қызмет осы 42 500 теңге жәрдемақы бойынша көрсетілді. Бұл - айтарлықтай көп көрсеткіш. Салыстырайық. Есімде көпбалалы отбасыларға жәрдемақы берген кезде 340 мың көпбалалы отбасыға мемлекет жәрдемақы беретін кезде олар жұмыспен қамту орталығына барды. Екі ай бойы адамдардан өтініш қабылданды. Адам көп болды, қандай да бір проблемалар болды. Ал, қазір цифрлық технологияда қандай өзгеріс болды? 10 күннің ішінде дерлік біз 10 есе көп - 3 миллион өтініш алып үлгердік. Иә, қысқа үзілістер болды. Бұл - ең шағын проблема шығар. Үлкен проблема - адамдар бұл қызметті қалай алатынын білмеді. Бұдан өткеннен кейін 3 миллион қызмет көрсетілгенін көріп тұрмыз. Яғни, жұмыспен қамту орталықтарына барғаннан гөрі цифрлық технологиялар 10 есе тиімді болып тұр", - деді Жұмағалиев.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың жаппай тарамауы үшін 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін елімізде төтенше режим жариялаған болатын. Сондай-ақ бірнеше өңірі карантинге жабылды. Қазір мектеп оқушылар 4-тоқсанды қашықтан оқып жатыр.

 Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети