Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июля 2020 11:46

Ақмола облысында 162 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде 43 дәрігер мен 119 медицина қызметкері COVID-19 вирусын жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде 43 дәрігер мен 119 медицина қызметкері COVID-19 вирусын жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, облыста 1 513 адам коронавирус жұқтырған, ал 23 адам аурудан көз жұмған.

"Бір аптада ауру жұқтыру өсімі - 4,5 пайыз. Яғни бір аптада коронавирус жұқтырудың 330 дерегі тіркелді. Ал соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың 32 жағдайы тіркелді, ауру жұқтыру өсімі - 2 пайыз", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол облыстағы медицина ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"1 177 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 38-ның жағдайы ауыр, 7 науқастың өте ауыр. 330 адам дертінен айықты. Науқастар 10 инфекциялық ауруханада, 26 провозирлық стационарда емделіп жатыр", - деді Ермек Маржықпаев. 

Облыс әкімі түсіндіру және карантин шектеулеріне қарамастан соңғы 3 аптада коронавируспен ауру 4,5 есеге артқанын айтты.

"Осыған дейін ауру Нұр-Сұлтан қаласына жақын маңдағы елді мекендерде: Целиноград, Аршалы аудандарында тарады. Қазіргі таңда ауру Жарқайың ауданында 11 есеге, Егіндікөл ауданында 6,5 есе, Степногорск қаласында 2,5 өсті", - деді ол.

Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев COVID-19 вирусын дәрігерлер де жұқтырғанын атап өтті.

"Вирусты қарапайым азаматтар ғана емес, дәрігерлер де жұқтырып жатыр. Осы уақытқа дейін 43 дәрігер, 119 медицина қызметкері ауру жұқтырды", - деді облыс әкімі.

Ол соңғы 3 аптада ауруханадағы төсек орындардың 2,5 есеге өскенін жеткізді.

"Коронавируспен күреске қосымша жалпы 1,7 миллард теңге бөлінді. Қаржы үкіметтің резервінен де бөлінді. 600 миллион теңге мен 1 миллиард теңгеден астам қаражат - жергілікті атқарушы органның резервіндегі ақша. 850 миллион теңгеге қорғаныш құралдарын сатып алдық. 450 миллион теңгеге 17 жасанды тыныс алдыру аппаратын сатып алдық", - дейді басшы.

Сондай-ақ, Ермек Маржықпаев өңірде дәрігерлер жетіспей жатқанын ашық айтты. Қазіргі таңда облыста 1 640 дәрігер жұмыс істеп жатыр.

"Соған қарамастан 413 дәрігер жетіспейді. Егер қосымша төсек орындар қойылса, 1 975 медицина кадры қажет болады. Оның 403-і дәрігер, 754 орта медициналық персонал, 818 кіші медицина қызметкерлері. Сіздер ауруханаларға жоспардан тыс артық салмақ түсініп жатқанын түсінетін шығарсыздар. Сондықтан айтарлықтай медицина қызметкерлеріне тапшылық туындап отыр. Бұл бағытта тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп түйіндеді сөзін өңір басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысында 68 жүкті әйел мен 100-ге жуық бала COVID-19 жұқтырғаны хабарланған еді.

Бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 51 059-ға жетті. 16 928 науқас дертінен айықты, 264 адам аурудан қайтыс болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети