Ақтөбелік тұрғындар мемлекеттік бағдарлама арқылы алған пәтерлерінің сапасына шағымданды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz / Кәмшат Қопаева Фото: Massaget.kz / Кәмшат Қопаева

Ақтөбеде "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер алған тұрғындар үйдің қабырғаларынан ызғар соғып, аязда дірдек қағып отырғандарын айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер алған тұрғындар үйдің қабырғаларынан ызғар соғып, аязда дірдек қағып отырғандарын айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ақтөбенің Есет батыр тұрғын үй алабы №4 ықшам ауданындағы 9 қабатты үйдің тұрғындары күн суытқалы мазаларының кеткенін айтады. Тұрғындардың айтуынша, үйдің қабырғаларынан ызғар соғады. Қанша бітесе де жылымайды. Қақаған қыста салқын пәтерде отырған ата-аналар балалары үшін алаңдайды. Саягүл Орқашбаева он жыл кезекте тұрып, былтыр "Шаңырақ" мемлекеттік бағдарламасы арқылы бір бөлмелі пәтерге қол жеткізген. Алайда Саягүлдің қуанышы ұзаққа бармапты.

"Былтыр қыркүйекте алдық. Он жыл күткен пәтеріме кіргенде қатты қуандым. Үйге көшіп келген кезде салқын екенін білдім. Содан жарды бітедік. Желтоқсанда үйді қабылдайтын комиссия есік алдында келіп тұр екен. Мен сонда айттым. Үш балам бар, үй қатты салқын дедім. Келесі күні "Сәулет құрылыстың" адамдары келіп, жардың бетін бітеуге көмектесті. Қаптағанмен бәрібір жылымады. Бұрыштан, терезеден үнемі жел кіріп тұрады. Тіпті терезені ашып, резеңке салдық. Қанша ақшамыз кетті. Қабырғалары мұздай. Кірпіштің ортасына салынатын қоспаны аз салған болу мүмкін деп отырмыз. Себебі қабырға бітегенмен, мұздай болып тұрады. Құрылыс компаниясының өзіне де айттық. Қазір енді зардап шегіп отырмын. 13 жыл бойы несие төлеймін", - дейді Саягүл.

Саягүл үй ішінде балаларының еркін жүре алмайтынын айтады. Дірдек қағып, қабат-қабат киім киіп жүреді. Қазір балаларының бәрі жөтеліп, салқын тиіп ауырып жатқанын жеткізді.

Ал Камила Тәңірбергенова "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтерді 2021 жылы алған. Былтыр қыста қатты аяз күндері тіпті үйде тұра алмай, ата-анасының пәтеріне кетіп қалған кездері көп болған.

"Үй салқын, қабырғадан ызғар соғып тұрады. Еден мұздай. Жазда үйдің қабырғасын, терезенің жақтауын қаптадық. Терезені жақтауын бітеп жатқан кезде байқадық, қабырғаның іші қуыс. Желдің қайдан келіп тұрғанын сонда білдік. Бітегенмен ешқандай нәтиже болған жоқ. Сол күйі пәтер жылымады. Биыл да қабырғаны гипсокартон, пенопластпен қайта қаптадық. Сол күйі, жылымады. Бүгін түнімен салқынан ұйықтай алмай шықтық. Балаларым ауырып жүр", - дейді тұрғын Камила.

Осы мәселені айтып, бармаған жері қалмаған. Бірақ нәтиже жоқ деп отыр. Әбден қиналған тұрғындар проблеманы әлеуметтік желіге де жариялапты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 524.37  course up  610.36  course up  6.7  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 31
Астана 20
Актау 32
Актобе 28
Атырау 30
Б
Балхаш 27
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 20
Кокшетау 22
Костанай 32
Кызылорда 21
П
Павлодар 21
Петропавловск 26
С
Семей 35
Т
Талдыкорган 33
Тараз 34
Туркестан 26
У
Уральск 25
Усть-Каменогорск 35
Ш
Шымкент 28

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer