Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 апреля 2020 10:53

Алматыда коронавирустан қайтыс болған адам туралы дерек шықты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда коронавирус жұқтырған науқас кеше, 9 сәуірде сағат 23.50-де қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда коронавирус жұқтырған науқас кеше, 9 сәуірде сағат 23.50-де қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты.

"Кеше сағат 23.50-де Алматыда ӨЖЖ-да аса ауыр жағдайда болған пациенттің қайтыс болғаны тіркелді. Пациент байланыста болғандар қатарынан, оның оң талдауы 16 наурызда анықталды. Қосымша ауруларымен, атап айтқанда өкпенің созылмалы обструктив ауруларымен, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруларымен, стенокардиясымен, артериялық гипертензиясымен байланысты, ол 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды", - деді басқарма басшысы.

Әбілдаевтың айтуынша, науқастың басқа да аурулары болған.

"Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жағдай полиоргандық жеткіліксіздіктің - тыныс алу, жүрек-қан тамырларының дамуымен прогрессив нашарлауы болған. 9 сәуірде қосымша ауруларының үдеуі аясында сағат 23.20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, сағат 23.50-де биологиялық өлімі тіркелді. Негізгі диагнозы: COVID-19 коронавирустық инфекциясы, расталған жағдай. Екі жақты полисегмент  пневмониясы, ауыр ағымы. Екі жақты плеврит. Өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы", - деді ол.

Қазір Алматыда КВИ жұқтырудың тағы бір жағдайы тіркелді, жалпы бұл 122-ші жағдай болды.

"Бұл - байланыста болғандар қатарындағы 1967 жылы туған әйел. Жағдайы пневмония есебінен ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланып отыр", - деді Әбілдаев.

Сондай-ақ басқарма басшысы қаладағы науқастардың жай-күйін баяндады.

"Бүгінде инфекциялық стационарларда 96 КВИ жағдайы (1 облыстық), оның ішінде 4 бала бар. 72 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. 1 адамның жай-күйі өте ауыр, 4-еуінде - ауыр, 19 ересек адамның жағдайы - орташа ауыр дәрежесінде (1 облыстық). 26 адам коронавирустық инфекциядан сауықты", - деді ол.

Провизорлық орталықтарда 250 адам жатыр, оның ішінде 29-ы бала, 384 азамат карантинде, 5 306 адам үй жағдайындағы карантинде.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Алматыда коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне алғашқы төлемдер жасала басталғанын атап өтті.

"500-ден астам дәрігер, 1,7 мың орта медицина қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкері өз төлемдерін алып жатыр. Жалпы алғанда, 965 миллион теңге сомаға 3 557 медицина қызметкері төлем алады", - деді ол.

Есептеулер 3 күрделілік санаты бойынша жүргізіледі:

1 (бірінші) тәуекел тобына COVID-19 коронавирусы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері жатқызылған.

Осы тәуекел тобындағы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген айлық жалақының жиырма еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды.

2 (екінші) тәуекел тобына провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, медициналық жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ дәрігерлер мен санитарлық авиацияның орта медицина қызметкерлері тартылған жағдайда жатқызылған.

Осы тәуекел тобындағы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген айлық жалақының он еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды.

3 (үшінші) тәуекел тобына карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, медициналық жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілері, сондай-ақ зертханалардың мамандары, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері, жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметкерлері, Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің аумақтық штабтарының мүшелері, сондай-ақ блок-бекеттерде карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау қызметкерлері жатады.

"Балалардың қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлеріне төлемдер жүргізуге қатысты, төлемдер 1 тәуекел тобының санатына сәйкес барлығына жүргізілетінін хабарлаймыз", - деп қосты Әбілдаев.

Еске салайық, қазір елімізде 802 адам коронавирус жұқтырған. 60 адам сауықты, 9 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети