Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 мая 2020 14:03

Алматыда суға шомылуға болмайды - ТЖД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карантин режимінің сақталуына байланысты қала тұрғындарына суға шомылуға рұқсат берілген жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдай департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор Бекболат Бұғабаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Карантин режимінің сақталуына байланысты қала тұрғындарына суға шомылуға рұқсат берілген жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдай департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор Бекболат Бұғабаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақстанның бас санитар дәрігері 2020 жылғы 10 мамырдағы №36 бұйрығын сәйкес қалада карантин режимі сақталып отырғанын атап өтті.

"Сондықтан қала тұрғындарына суға шомылуға рұқсат жоқ. Халықтың коронавирус жұқтырып алу қаупі жоғары болғандықтан судағы қоғамдық демалыс орындарына баруға тыйым салынады", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, Алматы аумағында 28 шағын өзен мен қаланың ішінде 26 су қоймасы бар. Алайда тұрғындарға 4 орында ғана шомылуға рұқсат беріліпті. Олар:

  • 1. Сайран көлінің батыс бөлігі, Төле би көшесінен оңтүстік-батысқа қарай пирске дейін 300 метр;
  • 2. Сайран көлінің шығыс бөлігі, Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа қарай;
  • 3. Үлкен Алматы каналы бойындағы Қонаев атындағы жағажай аймағы, Баум тоғайы;
  • 4. Үлкен Алматы каналы бойындағы Қонаев атындағы жағажай аймағы, "Гүлдер" демалыс орны.

"Мамандар бұл аумақты тәулік бойы күзетеді"

Сондай-ақ, Бекболат Бұғабаев бұл орындарға неге шомылуға рұқсат берілгенін түсіндірді.

"Мұнда қала әкімінің қаулысы бойынша тиісті қауіпсіздік шаралары жасалған. Яғни су қоймасында құтқарушылар бекеті орнатылған, кемелер мен катерлер, құтқару шеңбері мен көмек көрсететін мамандар бар. Құтқарушылар тиісті құрал жабдықпен қамтамасыз етілген. Бұл аумақты мамандар тәулік бойы күзетеді", - деді аға офицер.

Тәртіпке бағынбағандар жазаланады

Сонымен қатар, ол тәртіпке бағынбаған тұрғындар заң алдында жауап беретінін ескертті.

"Шомылуға рұқсат берілген 4 орында департамент қызметкерлері және жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, рейд жүргіземіз. Егер осы орындарда және басқа су қоймаларында, тау өзендерінде, Есентай, кіші және үлкен Алматы каналдарында адамдар шомылса, бірінші кезеңде оларға ескерту жасалады. Бұл факт базаға тіркеледі. Егер адам қайта тәртіп бұзса, оған 2 АЕК немесе 5 556 теңге көлемінде айыппұл салынады", - деді Бекболат Бұғабаев.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 445.66   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети