1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Алты блокбекет, құс тұмауы және Борат. Күннің басты жаңалықтары 13 октября 2020, 17:53

Қазақстанда соңғы тәулікте маңызды жаңалықтар болды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында алты блокбекет қойылды, ал құс тұмауы бәсеңдеп келеді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Нашли ошибку?

Қазақстанда соңғы тәулікте маңызды жаңалықтар болды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында алты блокбекет қойылды, ал құс тұмауы бәсеңдеп келеді. Сонымен қатар, Желідегілер "Боратқа" қатысты жаңа флешмоб бастады. Tengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасайды.

Тағы 70 адам коронавирус жұқтырғандар

Елімізде өткен тәулікте (12 қазанда) 70 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 3
Алматы қаласы - 9
Шымкент қаласы - 4
Ақмола облысы - 5
Атырау облысы - 8
Шығыс Қазақстан облысы - 11
Жамбыл облысы - 2
Батыс Қазақстан облысы - 5
Қарағанды облысы - 6
Қостанай облысы - 4
Павлодар облысы - 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 12

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 108 901-ге жетті. Оның ішінде 104 203 науқас аурудан жазылса, 1771 адам қайтыс болған. 


Фото ©REUTERS

СҚО-да алты блокбекет қойылды

Cолтүстік Қазақстан облысындағы екі аудан орталығында алты блокбекет қойылды.

Тәртіп сақшылары Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімшелерінің мамандарымен, дәрігерлер мен әкімдік өкілдерімен бірлесіп блокпостарда кезекшілік етіп жатыр.

"Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында блокбекеттер 9 қазаннан бастап қойылды. Қазір аудан орталығына кіруді бірден төрт блокпосттың қызметкерлері бақылайды. Мамлют ауданының Мамлютка қаласында екі блокбекет тұр. Олар 12 қазан күні сағат 00.00-ден бастап жұмыс істей бастады", - делінген хабарламада.

Сондай - ақ, полиция қызметкерлері Есіл ауданының әкімшілік орталығы Явленка ауылын патрульдеуді күшейткені айтылады.

Полицейлер көшелердегі қоғамдық тәртіпті қадағалап, ауыл тұрғындарына карантин шараларын сақтауды ескертеді: масканы дұрыс тағу мен әлеуметтік қашықты сақтау.

Оқушылардың күзгі каникулы ұзарды

БҒМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда оқушылар үшін күзгі каникул ұзартылды.

"Күзгі қаникул кезінде оқушылар 5-14 қараша аралығында 10 күн демалады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін күзгі каникул апта ғана болатын және қазанның соңында аяқталатын.

Осылайша, оқушылардың бірінші тоқсаны бір аптаға ұзартылып, екінші тоқсаны каникул ұзарғаны және ауысқаны үшін бірнеше күнге қысқарды.

Құс тұмауының шығыны азайды

Қазақстанда құс тұмауының шығыны азайды. Бұл туралы АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдулданов айтты.

"Министрлікте құрылған штаб күн сайын видеорежимде барлық облыспен осы мәселе жөнінде (жиналыс өткізеді - авт.). Бүгінде Қазақстанның әр өңірінде, әр елді мекенінде кез келген шығын болған тауықтың саны есепке алынып отыр. Ол ақпараттар бізде бар. Мысалы, соңғы ақпарат бойынша, СҚО-да жеке аулада 22 тауық шығыны болғаны туралы мәлімет бар. Басқа облыстардың арасында соңғы аптада құс шығыны тіркелген емес", - деді спикер жалпы ел бойынша құс өлімі туралы сұраққа берген жауабында.

Сондай-ақ Тұрсын Қаблулдановтың айтуынша, қазір елімізде құс тұмауынан шығын азайған.

"Көрсеткіш (құс тұмауы бойынша) азайып, динамика төмендеп келе жатыр. Өйткені алдыңғы апталарда 200-300 бас тіркелетін болса, қазіргі күні 20-22 бас, 10 басқа дейін түскен күндер бар. Соңғы 12 апта бойынша Павлодар облысында құс шығыны мүлдем тіркелген емес. Сол сияқты Түркістан облысында, Ақтөбе облысында 20 күндей болды, құс арасында шығын тіркелген емес", - деді ол.

"Борат қайда тұрады?"

Қазақстандықтар #WhereBoratLives (#Боратқайдатұрады #ГдеЖиветБорат) челленджін бастады. Мақсаты - Қазақстанның туристік әлеуеті мен әдемілігін көрсету.

Идеяны цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов қолдады. Ол Қазақстан табиғатының фотосы мен видеосын #WhereBoratLives хештегі арқылы жариялауға шақырды.

"Менің досым бұл хайптан ел үшін пайдалы іс шығаруды ұсынды. (...) Бәріңіз фото, видео түсіріңіз. Хайп жалғасады және адамдар да қызығады. (...) "Борат" фильмі ойдан шығарылғанын дәлелдейік. Қарсы шықпайық, керісінше, біздің еліміз ондай емес екенін көрсетейік", - деді әртіс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мутурганов Мурат (@muturganov_murat)

Идеяны Желі пайдаланушылары қолдады.

"Керемет идея ғой! Керіден бастаймыз және Борат аты жазылған #whereboratlive хештегін қоямыз. "Тамаша!", "Жақсы идея", - деп жазды пайдаланушылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Saken Kagarov ?? (@saken_kagarov)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Зарина (@zarik_ns)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЕШЬ ~ МОЛИСЬ ~ РАЗВИВАЙСЯ (@wiki_aika)

Челленджді қолдағандардың арасында Шымбұлақ тау-шаңғы курорты бар.

"#WhereBoratLives - керемет елдің нағыз артықшылығын көрсете алатын тамаша челлендж. Қазақстанның мақтанышы көп. Отанның ең құнды артықшылығы - оның табиғаты (...)", - деп жазылған видеоның астында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shymbulak Mountain Resort (@shymbulakmountainresort)



Join Telegram