ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 июня 2019 | 17:24

Арыстағы жарылыс: Тұрғындар неге Қазығұрт асуына қашқанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс тұрғындары жарылыстан кейін неліктен Қазығұрт асуына қарай қашқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Арыс тұрғындары жарылыстан кейін неліктен Қазығұрт асуына қарай қашқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

69 жастағы Оразымбет Үкібаев Арыстағы туыстарын алып қайту үшін, көлігімен жолға шыққан. Оның сөзінше, жол-жөнекей адам өте көп болған. Сонымен қатар, жолда ұзын-сонар кептелісті байқаған. 

"Арыстан қауіпсіз аймаққа шыққан тұрғындарға су әкеп беретін адам да жоқ. Оған қоса мына апыр-топырда адамдар арасында Шардара мен Бөген суқоймаларын ашып жібереді деген әңгіме жығылғанның үстіне жұдырық болды. Бір жерде ғана жарылыс болды, енді басқа да жерлерге ауысса мүлде қиын болады деген әңгемелер тарап жатыр мына жақта. Бұл әңгімелерді қайдан шығып жатқанын білмеймін. Дәл қазір туыстарыммен бірге Қазығұрт асуында тұрмын. Жол-жөнекей көлік, адам көп. Қарттар ыстық күннің астында отыр. Сондай-ақ балабақшада балаларын жоғалтып алғандар қаншама", - дейді ол.

Куәгердің сөзінше, таңғы уақытта ол әпкесіне хабарласып жарылыс туралы естіген, сөйтіп көлікке мініп, Арысқа қарай бет алған. 

"Мен әпке қарындастарыма хабарласып олардың Арыстан біршама алыстап, Ақтас деген жерде тұрғанын естідім. Ұялы байланыс дұрыс істемейді. Оларды іздеп жүріп тауып алдық. Кейін Қазығұрт жаққа қарай жүрдік. Адам өте көп. Оның ішінде жаяу жүргені де, көлікпен жүргені де жетерлік. Ақтасқа барғанымда, бір үйде жүкті әйелдің  босанып жатқанын адамдардан естідім. Бір жедел-жәрдем көлігін көрдім. Ал кейбір адамдар ауруханадағы науқастарды арқалап, Арысқа қарама-қарсы жаққа жүріп жатты. Осы уақытта кейбір адамдар арасында Шардара су қоймасындағы суды ағызып, өртті өшірмесе болмайды деген әңгімелер де тарап жатыр. Сондай-ақ бұл жарылыс бұрын болған жарыстардан күшті екен деген әңгімелер естідім", - дейді Оразымбет Үкібаев.

Арыстың Гүлзат есімді тұрғыны жарылыс кезінде айналаның барлығы қып-қызыл болып кеткенін айтты.

"Біз ғимараттың ішінде отырған едім. Кейін жарылыстың қатты дауыстарын ести бастадық. Далада қып-қызыл өрт болды, жарылыс болды. Адамдар апыр-топыр сыртқа шығып қаша жөнелді, ғимараттар да сілкініп жатты. Мен өзім көлікке қарай қаштым. Таныс адамдардың көлігіне отырып, кептелісте тұрып қалдық. Арыстан жарты сағатта әрең шықтық. Онда адамдар бір-біріне көмектескен жоқ. Кейбір адамдар емханадан қашып шыққан, арасында босанайын деп жүрген әйелдер де болды", - дейді Арыс тұрғыны. 


Адамдар жиналған Қазығұрт асуы

Ал тағы бір тұрғын Данияр Оразбек жұмыстан келіп, үйінде демалып жатқан кезде жарылысты ести сала отбасымен бірге қаша жөнелгенін айтты. Ол отбасымен бірге Қазығұрт тауының басына барған. Оның айтуынша, онда 300-ге жуық адам жиналған.

 

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети