Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 апреля 2020 17:43

Әскерге шақырылғандардың жұмыс орны сақталады - Өсербаев

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаев арнайы жиынға шақырылған азаматтардың жұмыс орны сақталатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаев арнайы жиынға шақырылған азаматтардың жұмыс орны сақталатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Арнайы жиынға шақырылған азаматтардың жұмыс орны, лауазымы сақталады. Жұмыс істейтіндерге жұмысындағы орташа жалақы төленеді. Ал әскерге шақырылған азаматтар жұмыс істемесе, оларға ең төменгі жалақы (42 500 теңге - автор) төленеді", - деді басшы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Алматыда арнайы жиынға 200 тұрғын шақырылады. Олар 1 ай әскери борышын өтейді.

"Арнайы жиын кезінде әскери міндеттілер өз үйінде тұрады. Таңертең арнайы жиынға келеді. Мемлекет тарапынан оларға түскі және кешкі ас тегін беріліп, жолақымен қамтамасыз етіледі", - деді Амантай Өсербаев.

Осыған дейін қорғаныс министрі қазақстандықтардың неге әскерге шақырылғанын түсіндіріп, олардың немен айналасытынын айтып берген. 

2 сәуірде Қазақстан Президентінің әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы қаулысы жарияланды.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 629-ға жетті. 45 науқас жазылды, 6 адам қайтыс болды.

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети