ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 декабря 2018 | 22:15

Астаналық мұғалім Исекешевтің жасаған жақсылығын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© priru.kz © priru.kz

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Мұғалім мәртебесі неге төмен?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Мұғалім мәртебесі неге төмен?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тарих пәнінің мұғалімі Қайрат Қарабалаұлы ұстаздың істейтін жұмысымен алатын ақшасы сай еместігін айтады. Оның айтуынша, 120 мың теңге еңбекақы алады, сондай-ақ 1 жыл бойы жасаған ғылыми жұмысы үшін 10 мың теңге қаражат алған.

"Көңілім толмайды, бірінші, ол оқу жүктемесі көп, бірақ оған еңбекақы сай емес. Екіншіден, мұғалімнің оқушының да ата-ана алдында беделі өте төмен. Одан кейін еңбекақы төленбейтін қоғамдық жұмыстар көп. Бір жыл бұрын Астана қаласының әкімі болған Әсет Исекешев мырзаның бір жақсылығын айта кету керек. Ол кісі мұғалімдердің үй аралап, балаларды тізімге алу жұмыстарын тоқтатты. Бұрындары мұғалімдер әр үйді аралап, 18 жасқа толмаған балалардың тізімін жасайтын. Жылына екі рет аралайтынбыз қыркүйек айында және қаңтар айында туған нәрестелерді тіркейтінбіз. Әсет Өрентайұлы бізді осы жұмыстан құтқарды", - дейді Қайрат Қарабалаұлы.

Сонымен қатар, ол мұғалімдердің қоғам алдында беделін көтеру үшін не істеу керектігін айтты.

"Енді мұғалімдердің қоғамдағы беделін көтеру үшін, заң арқылы қорғау керек шығар. Одан кейін еңбек ақысын көтеру керек. Өйткені 1990-2000 жылдары, білесіздер, еңбекақы 2000-3000 теңгенің аралығында болды. Қоғамға мұғалімнің еңбекақысын көтеретін болса, кез келген адамның қызығушылығы артады. Сосын дәрежесі көтеріледі. Қазір кез келген адам мұғалім бола алады", - дейді Қайрат Қарабалаұлы.

"Құрмет" орденімен марапатталған ардагер ұстаз Төлеубике Мыңжасаров қазіргі білім саласындағы стандарттарды өзгерту туралы ой тастады.

БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің жетекшісі Бағымкүл Көптілеуова тікелей эфир барысында көрермендер қойған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, тікелей эфир аясында арнайы білім беретін мектептер мен орта білім беретін мектептер сөз болды.

"Қазіргі қолданыстағы білім туралы ҚР заңында әрбір білім беру ұйымының басшысы өз мектебіне кадрларды іріктеуде дербес болады. Яғни кімді алу, алмау туралы өзі шешім шығарады. Конкурстық не әңгімелесу арқылы болсын, бұл бұрыннан қолданыстағы заңда бар. Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасына сәйкес педагог мәртебесі туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр. Ол заң осы педагогтың ерекше рөліне мән беріп жатыр. Яғни оның мәртебесін арттыру мақсатында әзірленіп жатқан шара", - дейді Бағымкүл Көптілеуова. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer